
Қызмет желісі
Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына қол жеткізу мақсатында нарықтық қажеттіліктері бар ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа бәсекеге қабілетті сорттары мен гибридтерімен, сондай-ақ олардың технологияларымен ғылыми қолдау жасау.

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС сынау орталығы
«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС СО қызметінің негізгі бағыттары – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарының талаптарына, техникалық регламенттерге және санитарлық ережелер мен нормалардың сәйкестігіне сынауларды жүргізу.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты
Институт 1934 жылы құрылды және Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласында жетекші ғылыми ұйым болып табылады.