Талдықорған филиалы

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ЖШС Талдықорған филиалы бұрын 1968 жылы Талдықорған облысының «Заря коммунизма» совхозының  базасында Талды-Қорған (облыстық) ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы ретінде құрылды. Ғылыми мекеме ретінде 1992 жылға дейін жұмыс істеді. Бұдан әрі филиалдың аты  келесі кезеңдерде өзгертілді:

– 1992 жылдан 1997 жылға дейін – Талдықорған облыстық ауыл шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты

– 1997 жылдан 2003 жылға дейін – В.Р.Вильямс атындағы ҚазҒЗИ Талдықорған филиалы.

– 2003 жылдан  2007 жылға дейін –  Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы»  Талдықорған филиалы

 – 2007 жылдан 2008 жылға дейін – «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Талдықорған филиалы

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Казақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Талдықорған филиалы деп аталады.

Филиалдың ғылыми-өндірістік қызметін басқару жөніндегі бас ұйым Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ЖШС болып табылады.

Филиалда екі негізгі бөлім болды:

– қант қызылшасының селекциясы және тұқым шаруашылығы бөлімі

– өндірістік бөлім

Селекция және тұқым шаруашылығы бөлімі Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында қант қызылшасы будандарының тұқымдарын жедел көбейту үшін қант қызылшасының сорттары мен будандарын жасау және бастапқы элиталық тұқым шаруашылығының қолданыстағы жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми зерттеулермен айналысты. Қант қызылшасының тұқымдарымен тамыржемістілерін тиімді өсіру бойынша 4 ұсыныс, қант қызылшасының тұқым шаруашылығы технологияларын жетілдіру бойынша 2 брошюра және жалпы саны 60-тан астам басқа да жарияланымдар шығарылды. Ғылыми зерттеу нәтижелері бойынша 3 авторлық куәлік алынды – Жарық гибридтері №2011/106.4, Айшолпан №2013/058.4 және Ақсу №2011/107.4, бір докторлық және 2 кандидаттық диссертация қорғалды.

2017 жылдың соңында қант қызылшасының селекциясы және тұқым шаруашылығы бөлімі таратылып, 2018 жылдан бастап Талдықорған филиалы өндірістік қызметпен айналысады. Мекеме қызылша өсіру үшін ыңғайлы Алматы облысының Талдықорған қаласы, Өтенай ауылында орналасқан.  Филиалда 240 га суармалы егістік бар. Дәнді дақылдарды, фабрикалық қант қызылшасын, қытайбұршақ және қант қызылшасының тұқымдарын өсірумен айналысады. Жақын орналасқан аймақтарды қант қызылшасы мен дәнді дақылдардың элиталық тұқымдарымен қамтамасыз ете отырып, тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша өңірлік деңгейдегі фукцияларды орындайды.

Филиалда 1 әкімшілік ғимарат, гараж  және  қойма бар.

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X