ИНСТИТУТ ТУРАЛЫ

Қысқаша тарихы  Институт 1934 жылы құрылды және Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласында жетекші ғылыми ұйым болып табылады.
Миссия Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына қол жеткізу мақсатында нарықтық қажеттіліктері бар ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа бәсекеге қабілетті сорттары мен гибридтерімен, сондай-ақ олардың технологияларымен ғылыми қолдау жасау.
Ғылыми бағыттар: – Ауыл шаруашылығы дақылдарының гендік қорын жинау, қалыптастыру, зерттеу, құжаттау, пайдалану және сақтау;

– Ауыл шаруашылық дақылдарының бәсекеге қабілетті және күйзеліске төзімді сорттары мен будандарын шығару және өндіріске енгізу;- Ландшафты жерлерді басқару, геоақпараттық технологиялар, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және биологизациялау негізінде ресурсты үнемдеуші және экологиялық таза егіншілік шаруашылығы жүйелерін әзірлеу және енгізу;- Ауыл шаруашылық дақылдарының үздік шетелдік түрлерін және инновациялық агротехнологияларын тасымалдау (Трансферт);- ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы тұқымдарын өндіру;

– Агроөнеркәсіп кешенінің мамандарын даярлау және ғылыми – кеңес қызметтерін көрсету;- Жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау.

Ғылыми жетістіктер Гендік қор: Қазақстанда тұңғыш рет 29 ауыл-шаруашылық дақылдарының гендік қоры құрылды (ҚР ұлттық гендік қорының ≈ 1/3 бөлігі 17,0 мыңнан астам үлгілер сақталған). Ұлттық деректер базасында  9 топтың 223 түрінен тұратын 56 мыңнан астам үлгілерінің паспорттық ақпараты бар.Селекция және тұқым шаруашылығы: Ауылшаруашылық дақылдарының 183 сорттары және будандары ҚР және одан тыс елдерге пайдалануға мақұлданып өндіріске еңгізілді, оның ішінде: 31 – күздік бидай және тритикале, 30 – жүгері, 25 – жаздық бидай, 22 – бұршақ, 22 – малазықтық көпжылдық шөптер, 18 арпа, 8 сұлы, 7 қант қызылшасы, 5 майлы дақыл, 4 – күріш. Олар ҚР және көрші елдерде (Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б.) шамамен 3,0 млн гектар жерде егілуде. Агротехнология: әзірленген және жетілдірілген:-             Қазақстан Республикасының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы суармалы және тәлімі жерлерге адаптивті ландшафтты жүйелер мен өсімдік шаруашылығы технологияларын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістемелік және ғылыми негіздері;-             Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және биологизациялау, ресурстарды сақтау және өндіріс экологиясы;-             Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы нақты егіншілік жүйесінде дәнді дақылдарға тыңайтқыштарды дифференциалды пайдалану;-             Тамшылатып суарудың және тікелей себудің заманауи әдістеріне негізделген ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ресурстық және су үнемдеу технологиясы.
 

Зияткерлік меншік:

Ауылшаруашылық дақылдарының сорттары мен гибридтеріне 181 авторлық куәліктер, 176 зияткерлік меншік құжаттары оның ішінде 146 селекциялық жетістіктерге патент және 30 өнертабыс үшін алынды; Қазақстан Республикасының патентін алуға 248 өтінім берілді.

Copyrights © 2019   КазНИИЗиР   Все права защищены.

X