Дәнді және жемдік дәнді дақылдарының селекциясы бөлімі

Қазақстанда 1923 жылдан бастап Красноводопад МСС-да бидай дақылының селекциялық жұмыстары жұргізе басталды, 1935 жылдан – Алматы ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында басталды. 1960 жылы Алматылық АШТС-ы  В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ құрамына енді.

Бастапқы кезде селекциялық  жұмыстар жергілікті бидайдың материалдарын жинауға арналған экспедицияларды қамтыды. Жиналған селекциялық  материалдар негізінен екі жармақты (факультативтік) болды,  біраз үлгілер Украина, Ресей, Орталық Азиядан, сондай-ақ Қазақстанның Алматы, Талдықорған және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан алынды, ал күздік қатты бидай тұқымдарының тегілері Кавказдан шыққан болды.

Жаздық бидай бойынша селекциялық жұмысты 1939 жылы  Алматы селекциялық станциясында биологиялық ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корр.-мұшесі Н.Л.Удольская бастады. Станция 1960 жылы Қазақ егіншілік ҒЗИ құрамына енді. 1990 жылдан бастап селекциялық жұмыс биология ғылымдарының докторы, профессор И. А. Нұрпейісовтың жетекшілігімен жүргізілді.

Күздік бидай бойынша селекциялық жұмыс а. ш. ғ. кандидаты П. Ф. Федоровпен 1950 жылдан басталды.

 1972 жылдан бастап күздік бидай селекциясы ҚР ҰҒА, РАШҒА, УАҒА академигі Р. А. Уразалиевтің жетекшілігімен жүргізілді.

Жаздық қатты бидайдың селекциялық жұмысын 1973 жылы академик Р. А. Уразалиев пен АҒҚ С. С. Боранбаев  Шығыс селекциялық орталығы құрылған кезде бастаған.

Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында арпа селекциясын 1934 жылы дәнді дақылдар селекциясы бөлімінде ғалым А. А Орлов бастаған. Ол ВИР-дің гендік қорының және жергілікті сорт үлгілерінің негізінде арпаның жұмыс коллекциясын жасады.

1965 жылдан бастап жаздық дәнді дақылдар бөлімінде б. ғ. д., профессор Н.Л. Удольскаяның жетекшілігімен арпа селекциясы бойынша топ ұйымдастырылды.

1982 жылы Сариев Б. С., қазіргі ҚР АШҒА академигі, биология ғылымдарының докторы жетекшілігімен арпа бөлімі құрылды.

Қазақ егіншілік ҒЗИ тұқым шаруашылығы зертханасы 1935 жылы 27.07.1935 ж. №135 бұйрыққа сәйкес құрылды. Мақсаты – дәнді дақылдардың жоғары репродукциялы тұқымдарын өндіру.

Селекцияға үлес қосқан бөлімнің жетекші ғалымдары: Удольская Н.Л., Федоров П.Ф.,  Ерлепесов М.Н., Лебедева В.С.,  Алехин Г.П., Милютин П.М., Грициан И.Б., Уразалиев Р.А., Нурбеков С.И., Зусманович Т.Т., Хафизов А.Ш., Кожемякин Е.В., Шегебаев О.Ш., Сариев Б.С., Нурпеисов И.А., Новохатин В.В., Жанғазиев А.С., Қожахметов К.К., Қалибаев Б.С., Пшаева Б.С., Қабаева З., Боранбаев С., Хасенов Е. Х., Қудайбергенов М.С., Ерлепесов А.М., Нурғалиев Д.К., Абугалиев С.Г., Баймагамбетова К.К., Жундибаев Қ.Қ., Тлеубаева Т.Н., Аширбаева С.А., Уразалиев Қ.Р., Айнебекова Б.А.

Айтымбетова К.Ш.,

дәнді және жемдік дәнді дақылдарының селекциясы бөлімінің меңгерушісі,

Бөлім құрамы

Бөлім күздікпен жаздық жұмсақ  және қатты бидайдың селекциясы мен тұқым шаруашылығы және жемдік-дәнді дақылдардың селекциясымен тұқым шаруашылығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

24 ғылыми-техникалық персонал бар, оның ішінде 2 академик, 3 доктор, 5 ғылым кандидаты және 16 ғылыми-техникалық персонал.

Ғылыми жұмыстардың негізгі бағыттары

– Қоршаған ортаның стресстік факторларына төзімді күздік және жаздық бидайдың, арпаның жоғары өнімді және сапалы сорттарын сұрыптап шығару;

– Бағалы белгілер мен қасиеттер кешені бойынша халықаралық селекциялық орталықтардан және ғылыми мекемелерден бидайдың, арпаның жаңа сортүлгілерін  трансферт жасау және оларды селекциялық процеске енгізу;

– Бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығы және сорттарды өндіріске ендіру;

– Селекциялық-тұқым шаруашылығы процесіне молекулярлық-генетикалық маркерлерді енгізу;

– Селекцияның тиімділігін арттыру үшін андрогендік технологияны қолдану;

– Саңырауқұлақ ауруларына төзімді селекциялық материал мен сортүлгілерін бөлу үшін иммунологиялық бағалауды қолдану;

-Халықаралық ынтымақтастық, селекциялық, генетикалық, тұқым шаруашылығы зерттеулері бойынша ғылыми-практикалық тәжірибе алмасу және жас селекционерлер кадрларын даярлау.

Негізгі жетістіктері

Бидай

• Күздік жұмсақ бидай мен тритикале дақылдарының  90-нан астам сорты шығарылды, оның ішінде ҚР және ТМД елдерінде күздік жұмсақ бидайдың 31 және 4 тритикале сорты өндірісте пайдалануға рұқсат етілген;

• Селекциялық жетістіктерге және өнертабыс тәсілдеріне 30-дан астам патенттер мен авторлық куәліктер алынды, оның ішінде 9-ы сорттарға қолданыстағы патенттер;

• Жаздық және күздік қатты бидайдың 20-дан астам сорты шығарылды, оның ішінде ҚР өндірісінде қолдануға рұқсат етілген — 9 сорт, 9 патент алынды;

• Жаздық жұмсақ бидайдың 70-тен астам сорты шығарылды, оның ішінде 23 сорты ҚР және ТМД елдерінде өндірісте пайдалануға рұқсат етілген, 17 патент алынды.

Арпа

• Жаздық және күздік арпаның 35 сорты, сұлының 7 сорты шығарылды, оның ішінде өндірісте пайдалануға 23 сорт рұқсат етілген.

• Селекциялық жетістіктерге және арпа сорттарына 18 патент,  сұлының сорттарына 5 патент алынды, оның ішінде 11 арпаның 3 сұлының патенттері қолданыста.

– Әзірленді: тұқым шаруашылығының схемалары мен тәсілдері; сорттық тазалығын сақтау бойынша ұсыныстар; тұқымды сараптау әдістері; тұқымның өнгіштігі мен жарақаттануы; элита тұқымдарын жедел өндіру технологиясы; күздік бидайдың қарқынды сорттарының агротехнологиясы; суару жағдайында бидай сорттарын өсіруде жалдап себу технологиясы; бірегей және суперэлиталық тұқымдарды өндіру технологиясы.

Бөлім ұсынатын қызметтер

•  Бөлімнің өндіріске пайдалануға рұқсат етілген сұрыптап шығарған бидай (жұмсақ күздік және жаздық, қатты күздік және жаздық), тритикале және арпа сорттарының  бірегей және элиталық тұқымдарын сату;

•  Бидай, тритикале және арпа сорттарының бірегей және элиталық тұқым шаруашылығы технологиясын өндіріске ендіру (кеңес беру-әдістемелік жұмыс, кеңес беру);

 •  ҚР АӨК барлық агроқұрылымдары үшін семинар-кеңестер өткізу;

•  Бидай мен арпаның тұқым шаруашылығы бойынша апробация курстарын ұйымдастыру.

Халықаралық әріптестік

Дәнді және жемдік дәнді дақылдарының селекциясы бөлімінің Халықаралық селекциялық орталықтармен тұрақты байланысы бар: JIRCAS, CIMMYT, JRI, ICARDA, IPGRI, GTZ, CAAR,

ВИР, ТСХА, СО РАН, со РАСХН, ОмГАУ, СибНИИСхоз, СибНИИРС, Оңтүстік-Шығыс ҒЗИ, Краснояр ЕҒЗИ (Ресей), Қырғ.ЕҒЗИ, Өзб.ӨШҒЗИ, Тәжік. ЕҒЗИ, ИОГен, УААН, ВСГИ, УНИИРСиГ, МНИИССП , Белорус ҒЗИ аграрлық зерттеулер орталығы, БНИИЦГ, Болгар Биотехнология және Экология ҒЗИ.

Бөлімнің байланыс мәліметтері

Айтымбетова Клара Шардарбековна,
дәнді және жемдік дәнді дақылдарының селекциясы бөлімінің меңгерушісі,

а. ш. ғ. канд.

Моб.: 8701 739 34 40,
E-mail: Aitklara@mail.ru

Нурпеисов Исатай Ахаевич,

 б. ғ. д., профессор

тел.:8(7273)883925; 8(72771) 53130

Моб.:
E-mail: nisatay@mail.ru

Жундибаев Қалдарбек Қуракбаевич,

к. б. н.

моб.: 8702 481 54 09

E-mail: baigas78@mail.ru

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X