ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕР

 Гендік қор: Қазақстанда алғаш рет 29 ауылшаруашылық дақылдарының гендік қоры орташа-шұғыл мерзімде тиімді сақтау ұйымдастырылды (17,0 мыңнан астам үлгі ≈ ҚР ұлттық гендік қорының 1/3). Дәнді, мал азықтық дақылдар және дәрілік шөптердің түрлері мен тұқымдастарының 1220 үлгісінің гербарийлік және тұқымдық материалы жиналды, біріктірілді, жіктелді және көбейтілді. Дәрежесі, даму түрі, коллекцияның оригинаторы бойынша тіркелген дәнді, дәндібұршақ, мал азықтық, көкөніс, жеміс-жидек, техникалық, жарма, дәрілік, орман және орман түзуші дақылдардың шаруашылықта пайдалануына сәйкес 9 топ, 223 дақылдың 56 мыңнан астам үлгісінің құжаттық ақпараты ұлттық мәліметтер қорына енгізілді.

Селекция және тұқым шаруашылығы: Егіс дақылдарының 550-ден астам сорттары мен будандары шығарылды. Бүгінгі таңда республикамызда және елімізден тыс мемлекеттерде 162 сорт пен будан өндірісте пайдалануға берілген, оның 153-і ҚР-да, атап айтқанда күздік бидай мен тритикаленің – 28, жүгерінің – 28, жаздық бидайдың – 24, арпаның – 19, мал азықтық, көпжылдық шөптердің – 19, дәнді бұршақтың – 17, сұлының – 6, қант қызылшасының – 5, күріштің – 4, майлы дақылдардың – 3 сорттары мен будандары бар. Олардың еліміздегі және жақын шетелдердегі егіс көлемі шамамен 2,5 млн. га алқапты құрайды (Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б.). Институт жыл сайын 450-600 тоннадан астам  астық  дақылдарының,  100-130 тонна – жемдік дәнді,  80-100 тонна – дәнді бұршақ, 50-70 тонна – жүгері, 30-50 тонна – мақсары, және 5-10 тонна – мал азықтық дақылдардың жоғары сапалы кондициялық тұқымын өндіреді.

Агротехнология: Қалыптастырылды және жетілдірілді:

  • ҚР оңтүстік және оңтүстік-шығыс тәлімі және суармалы жерлерінде ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясын және егіншіліктің бейімді-ландшафты жүйесін пайдалану мен қалыптастырудың әдістемелік және ғылыми негіздері;
  • Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және биологизациялау, өндірістің экологиялық және қор сақтаушы тәсілдері;
  • ҚР оңтүстік-шығысында дәлдік егіншілік жүйесінде дәнді дақылдарға тыңайтқышты қолданудың теңдестірілген жүйесі;
  • Тамшылатып суғару мен тікелей себу әдістері негізінде ауылшаруашылық дақылдарын қор және су үнемдейтін технологиямен өсіру.

Зияткерлік меншік: Институт егістік дақылдардың сорттары мен будандарынан 153 авторлық куәлікке, күші сақтаулы 121 қорғалған құжаттарға, оның ішінде селекция жетістіктерінен 112 патентке және өнертабыстарға алынған 9 патентке қол жеткізген, қазіргі таңда патент алу үшін 207 өтінім берілген.

Copyrights © 2019   КазНИИЗиР   Все права защищены.

X