Бөлім 2018 жылы «Егістік дақылдарының гендік қоры» бөлімі және «Иммунитет және өсімдіктерді қорғау» зертханасының бірігуі нәтижесінде құрылды.
Егістік дақылдарының гендік қоры бөлімі өсімдіктердің гендік қорын сақтау, кеңейту және қолданудың тиімді жүйесін құру мақсатында 1996 жылы құрылды, бөлім меңгерушісі биология ғылымдарының докторы, доцент М.А. Есимбекова (1996-2018 жж.).
Иммунитет және өсімдіктерді қорғау зертханасы ауыл шаруашылық дақылдарының иммунитетін арттыру мақсатында 1973 жылы биология ғылымдарының кандидаты Н.Ф. Писаревамен құрылған. Ол кезде Қазақ КСРО Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің В.Р. Вильямс атындағы қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтының зертханасы болып аталған. 1982 жылдан бастап зертхана меңгерушісі а.ш. ғ. докторы А.Т. Сарбаев болды (1982-2018 жж.).
Бөлім меңгерушісі – Рсалиев Шынболат Сырашұлы, биология ғылымдарының докторы. Тел.: + 7 (727) 388 39 25, + 7 701 174 17 17, e-mail: shynbolat63@mail.ru
Бөлім құрамы
Бөлімде 12 адам қызмет атқарады: 3 биол. және а.ш. ғылымдарының докторлары, 1 биол. ғылымдарының кандидаты, 1 PhD докторы, 3 магистр, 4 аға зертханашы.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары
- Ауыл шаруашылық дақылдары коллекциясын мақсатты түрде жинау және толықтыру арқылы дамыту;
- Ауыл шаруашылығы дақылдарының гендік қорын тиімді (ұзақ және орташа мерзімде) сақтау;
- Мемлекеттің ұзақ мерзімді қолдауына сәйкес критерийлердің принциптері негізінде коллекцияларды идентификациялау;
- Өсімдіктерге, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестері, ауру қоздырғыштарының генетикалық әртүрлілігіне мониторинг жүргізу;
- Халықаралық дескрипторлар негізінде ауылшаруашылық дақылдарының генетикалық ресурстары бойынша ақпараттарды басқаруды стандарттау;
- Ауыл шаруашылық дақылдарының коллекциялық және селекциялық материалдарын зиянкестер мен ауруларға төзімділігі бойынша дифференциациялау;
- Аурулар, зиянкестер мен арамшөптерге қарсы өсімдік қорғау құралдарын іздестіру;
- Иммунологиялық бағалау мен төзімді формаларды сұрыптау жүйелерін жетілдіру;
- Қазақстанның оңтүстік-шығысында астық дақылдарын аурулар, зиянкестер мен арамшөптерден кешенді қорғауды жетілдіру.
Бөлім көрсететін қызметтер
- Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестерге төзімді формаларды жасанды індет аясында сұрыптау (төзімділік селекциясы);
- Өсімдік қорғаудың жаңа құралдарын сынау: қорғау шараларының биологиялық және шаруашылық тиімділігін анықтау;
- Егістік дақылдарының тұқым ауруларымен залалдануы мен зиянкестермен қоныстануын анықтау (тұқым фитосараптамасы);
- Егістік дақылдарыды аурулардан, зиянкестерден және арам шөптен кешенді түрде қорғау (фитосанитарлық мониторинг, қорғау шаралары).
Жетістіктер
Қазақстанда ең алғаш рет 29 ауыл шаруашылығы дақылының гендік қорының (17,0 мың үлгі ≈ 1/3 ҚР ұлттық гендік қоры) тиімді орта мерзімді сақталуы ұйымдастырылды. Қазақстанның табиғи флорасынын жабайы астық тұқымдас, малазықтық және емдік шөптердің тұқымдық материалдың 1220 үлгісі жиналып, біріктіріліп, жүйеленіп әрі репродукцияланған және солардың негізінде көрсетілген дақылдар тобының жергілікті түрлердің коллекциясы жинақталып, сақтауға қойылады.
Жыл сайын 3000 аса үлгі шаруашылық-тиімді қасиеттері бойынша зерттелді. Зерттеу нәтижелері бойынша шараушылық-тиімді қасиеттері / гендері бар үлгілер иденфикацияланды. Отандық селекцияда бәсекеге қабілеттілігі «жаңа генетикалық құрамымен» жақсартылған, экологиялық әсемділікті кепілдік ететін, биотикалық және аботикалық сипаттағы стресстерге төзімді шамамен 10,0 мың үлгі ҚР ҒЗМ мен ҚазЕжӨШҒЗИ ғылыми бөлімдеріне селекциялық бағдарламаларда қолдану үшін берілді. Селекциялық өңдеудің әртүрлі кезеңіндегі гибридті популяциялар шығарылды.
Дәнді және мал азықтық дақылдарының зиянкестерімен күрес шаралары әзірленді (Д.П.Александров, Е.А.Александрова, 1973). Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарында сары таттың жайылу заңдылығы орнатылды (Ю.Д.Зейналова, 1972). Аурулардың зияндылығы шкаласы құрастырылды, олармен күрес шаралары ұсынылды (Ю.Д.Зейналова, 1972). Індет жұқтыру әдістері жетілдірілді (П.М.Жұмабаев, Н.Ф.Писарева, А.Д. Жанұзақов, Ю.Д.Зейналова, С.И. Байракимов, Г.Н.Абдулаханова, А.Е. Вальтер, А.С. Жанғазиев, Б.С. Пшаева, Р.Сәрсекеева, Л.Шаменова, А.Елгандиева және басқалар, 1973-1981 жж.). Бидайдың жасалып жатқан агроэкотиптерінің модельдері мен иммунологиялық параметрлері айқындалды, аймақтар бойынша топтық тұрақтылық селекциясының бағыттары түзетілді (А.Т.Сарбаев, 1985, 2000). Татқа тұрақты тізбектер алынды, күздік бидай селекциясы үшін бастапқы материал жасалды, белгілер генетикасы зерттелді. Сары және сабақтық тат қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктері нақтыланды. Бидайдың сары татты жұқтыруының әдістері жетілдірілді.
Әлемдік және жергілікті коллекцияның 130 мыңнан астам сортүлгілерінің иммунологиялық қасиеттері мен параметрлері анықталды. 1253 нөмірден белгілік коллекция қалыптастырылды. Селекционерлерге берілген 2,5 мыңнан астам тізбек жасалды: гендік қорды қалыптастыру үшін – 46 изогендік тізбек, селекциялық пайдалану үшін – 289 үлгі; селекциялық процесстің соңғы деңгейлерінде үлкен селекциялық тәлімбақтарда сынау үшін – 186 сортүлгі.
Селекционерлермен бірлесіп күздік бидайдың жаңа 5 сорты, 6 – жаздық сорты, арпаның – 1;тритикаленің – 1; жүгерінің – 3, могардың – 1, құмайдың – 2, қытай бұршақтың – 2 сорты шығарылды.