Далалық малазығы өндірісі бөлімі 1961 жылы құрылған. 1975 жылы шалғынды жайылым шаруашылығының Қазақ ҒЗИ құрамына берілді, ал 1999 жылдан бастап Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ құрамында қайта қалпына келтірілді. Институтта жүгері селекциясы мен тұқым шаруашылығы бөлімі 1955 жылы құрылған. 2018 жылдың 1 қазанынан бастап екі бөлімді бір бөлімге қосу арқылы малазықтық, майлы дақылдар және жүгері бөлімі ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта бөлім құрамында 17 адам, оның ішінде 1 доктор, 4 кандидат және 4 ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі жұмыс істейді
Бөлім меңгерушісі
Абаев Серік Сарыбайұлы
Контакт:
87056033101
serik_abayev@mail.ru
Жүгері тобының жетекшісі
Омарова Айман Шагенқызы
Контакт:
+7 705 404 73 55; 8771 450 07 55
Omarova_kukuruza @mail.ru
Зерттеудің негізгі бағыттары
- Малазықтық, майлы дақылдар мен жүгерінің гендік қорын жинау, толықтыру, зерттеу, сақтау;
- Қазақстанның әр түрлі топырақ-климаттық жағдайларына бейімделген малазықтық, майлы дақылдардың және жүгерінің жоғары өнімді сорттары мен будандарын шығару;
- шетелдік жүгері будандарының трансферті және республиканың топырақ-климаттық жағдайлары үшін бейімделген формаларын (нысандарын) анықтау;
- пайдалануға рұқсат етілген малазықтық, майлы дақылдар мен жүгері сорттарының алғашқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру;
- отандық және шетелдік селекцияның пісу топтары әртүрлі жүгері будандарының тұқым шаруашылығы;
- құмай жүгері (сорго), итқонақ (могарь), судан шөбі сияқты малазықтық дақылдардың тұқым шаруашылығы.
Бөлім ұсынатын қызметтер
– малазықтық, майлы дақылдар мен жүгерінің жоғары өнімді және перспективалы сорттары мен будандарының түпнұсқа тұқымдары. Келісілімді баға;
– малазықтық, майлы дақылдар мен жүгерінің селекциясы және тұқым шаруашылығы мәселелері бойынша ғылыми кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету. Келісілімді баға;
– агроөндіріс кешені мамандарын «Үшқоңыр» білім тарату орталығында оқыту – Келісілімді баға;
– ауыл шаруашылығы дақылдарын тұқым шаруашылығы бойынша апробациялау курстары- Келісілімді баға;
– ғылыми кадрларды даярлау.
Негізгі жетістіктері
Өндіріске бөлім арқылы енгізілді және әзірленді:
- өнімділігі 12 мың малазықтық бірлігі бар суармалы мәдени жайылымдарды құрудың агротехникалық негіздері;.
- мал азығы мен тұқымдарды пайдалану бойынша көп жылдық және бір жылдық шөптерді өсіру технологиясы;
- аралық егістіктерде өсіру үшін неғұрлым өнімді және жоғары ақуызды бұршақты-дәнді дақылдар мен олардың қоспасы анықталды.
Селекциялық жұмыстың нәтижелері бойынша бөлімде құрылды:
– көпжылдық малазықтық шөптер мен майлы дақылдардың 20-дан астам сорты зерттеліп, оның ішінде 7-і Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілді;
– 50 жүгерінің будандары зерттеліп, оның ішінде пісіп жетілу және пайдалану бағыттары әртүрлі топтағы (астыққа, сүрлемге, тағамдық мақсаттарға) 28 будан Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілді;
– құмай жүгері, судан шөбі мен итқонақтың 20-дан астам сорттары мен будандары зерттеліп, оның 14-і Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілді.
- Селекциялық жетістіктерге 27 патент, 1 патенталды және малазықтық, майлы дақылдар мен жүгерінің сорттары мен будандарына 53 авторлық куәлік алынды.
Коммерциялық сорттар мен будандар
«КӨКОРАЙ» жоңышқа сорты. Пайдалануғажіберілген жылы-2011 (Жамбыл, Қызылорда обл.). Тұқымдық өнімділігі жоғары шабындық түр. Пісу мерзімі орташа ерте, гүлдену мерзімі қысқа. Қысқы суыққа төзімділігі жоғары, құрғақшылыққа төзімділігі ортадан жоғары. Шабылғаннан кейін тез өседі. Құрғақ массасының өнімділігі (пішені) 10-12 т/га, тұқым өнімділігі 300-350 кг/га құрайды. Шанақтау фазасында 1 кг құрғақ затында 0,85-0,88 азық бірлігі бар, 170-180 гр. қорытылатын протеин болады. Вегетациялық кезеңде суару жағдайында 3-4 шабыс береді. |
«КӨКБАЛАУСА» жоңышқа сорты. Пайдалануғажіберілген жылы-2016 (Алматы обл.). Шабындық түр, егістік жоңышқа түріне жатады. Құрғақ массасының өнімділігі (пішені) – 9-10 т / га, тұқым өнімділігі – 270-300 кг/га. Жапырақтануы – 40,2-49,3 %. Құрғақ массадағы протеин мөлшері – 10,9-14,6%. Әсіресе шабылғаннан кейін қарқынды өседі. Вегетациялық кезеңде 3-4 шабыс береді. |
«ШАБЫНДЫҚ» эспарцет сорты. Пайдалануғажіберілген жылы-2016 (Алматы, Павлодар обл.). Жасыл массаның өнімділігі 424,6 ц/га, пішені – 86,5 ц/га, тұқым өнімділігі – 6,98 ц/га. Тәлімі жер жағдайында толық бір шабыс, ылғалды жылы екі шабыс береді.
Ника-80 мақсары сорты. Пайдалануғажіберілген жылы – 2018 (Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында аудандастырылған). Шаруашылық құнды белгілері: өнімділігі 15,0-18,7 ц/га. Вегетациялық кезең 109-118 күн. 1000 тұқымның салмағы – 49,1 гр. Майлылығы– 30,7%.
Талап мақсары сорты. Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Қарағанды облыстарында өсіруге арналған. Шаруашылық құнды белгілері: өнімділігі -14,0-17,0 ц/га. 1000 тұқымның салмағы – 46,3 гр. Майлылығы – 35-38 %
Центр 70 мақсары сорты. Батыс Қазақстан, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Шаруашылық құнды белгілері: өнімділігі – 12,7-18,0 ц/га. Вегетациялық кезең 107-118 күн. 1000 тұқымның салмағы – 29-37 гр. Майлылығы – 29,8-33,4%
Жүгерінің отандық будандары Туран 480 СВ. Кешенді пайдаланудың үш линияаралық орташа кеш пісетін будан, дәні мен жасыл массасының жоғары өнімділігімен және дән сапасымен ерекшеленеді. Тұқым шаруашылығы қалпына келтіру сұлбасы бойынша стерильді негізде жүргізіледі. Гибридті тұқымдар ата-аналық формаларды бір мезгілде егу мерзімінде алынады. Дән өнімділігі 13,5 т/га.
Тәуелсіздік-20 СВ. Будан вегетациялық кезең бойынша кеш пісетін кезеңге жатады (144-145 күн). Астық өнімділігі 14,7 т/га. Будан дәнінде крахмалдың жоғары (70%-дан астам) болуымен ерекшеленеді, ал дәні піскен соң, кебу кезінде ылғалды тез шығаруымен ерекшеленеді. Будан ауруларға төзімді, тамыры мен сабақтарының жапырылуына өте төзімді.
Жүгерінің шетелдік будандары
Порумбен 458. Будан орта кеш пісетін топқа жатады, бірден қарқынды өсуімен ерекшеленеді. Құрғақшылыққа, тамыры мен сабақтарының жапырылуына төзімді, тамыр және сабақтарға төзімді, биіктігі орташа өсімдік, дәні толық піскенге дейін жасыл күйінде қалады. Астықтың әлеуетті өнімділігі 13-15 т/га.
Порумбен 461. Қарапайым будан, вегетация кезеңі (Молдова жағдайында) 120-127 күн. Молдовада және ЕО-да астық пен сүрлемге өсіру үшін аудандастырылған. Астықтың өнімділігі: 15-20 т/га, сүрлем өнімділігі – 45-80 т/га. Биіктігі 220-230 см. Жапырағы 18-19, сабағының жуандығы 2,3-2,5 см, собығы 70-75 см.
LG-525. Будан, жоғары өнімді астық дақылы, спирт өндіру үшін пайдаланылады. Өнімділігі жоғары қарқынды будан, Еуропа елдеріндегі бірқатар микросынақтардағы нақты өнімділігі 18,3 т/га құрады.