Лаборатория зернофуражных культур


Заведующий лабораторией зернофуражных культур
Баймуратов Аскар Жалгасбаевич
кандидат с/х наук

Кейінгі кезде арпа дәніне сұраныстың көбейуіне және, Қазақстанның әртүрлі аймақтарының топырақ және ауа райының ерекшеліктеріне арпа дақылының бейімділігі жоғары болуына байланысты, шарушылықтың арпа дақылына сұранысы бидайдан соң екінші орында. Осыған байланысты арпаның өнімділігі жоғары, бәсекеге лайықты, экологиялық жағдайларға бейімді жаңа сорттарын шығару, ауыл шаруашылығының жалпы өнімін көбейтіп және отандық өнімнің бәсекелік үстемділігін арттырады.


Арпа дақылының селекциялық жұмысы-физиология, биохимия, генетика, иммунология тәсілдерін пайдалана отырып, жоғары өнімді, құрғақшылыққа төзімді, дән сапасы жоғары жаңа сорттарды шығаруға бағытталған.

Азық – түлік қауіпсіздігін шешу мәселенің бірден бір жолдары:

  • ішкі және дүниежүзілік генетикалық ресурстарды іздестіру, зерттеу және тиімді пайдалану;
  • астық дақылдарының сорт популяцияларынан ДНК маркері арқылы жоғары өнімді, жоғары сапалы ауруға төзімді биотиптерін бөліп алу;
  • астық дақылдарының жаңа сорттарын шығару үшін биотехнология тәсілдерін пайдалану;
  • Қазақстандағы тұзды жерлерді тиімді пайдаланудың жолы- агроөндірістік тәсілдерді және тұзға төзімді дақылдармен сорттарды таңдап үйлесімді пайдалану;
  • тұрақты жоғарғы өнім алудың тағы бір жолы Қазақстан көлемінде экологиялық селекция тәсілдерін пайдалану;
  • жаңа сорттарды шаруашылыққа кең таратудың бірден бір жолы-дұрыс қойылған тұқым шаруашылық жүйесі. Бұл мәселе республикада әлі де талапқа сай жолға қойылған жоқ. Сондықтан, тұқым шаруашылығы жүйесінің стратегиялық бағыты, селекция жетістіктерін тез және толығымен шаруашылыққа енгізу.
    Қорыта келгенде Қазақстанда арпа дақылының селекциясы және тұқым шаруашылығын интенсивтендіру мал шаруашылығын дамыту жобасына өз тиімділігін көрсетіп оған қажетті жем қорын дайындауға септігін тигізеді, астық өндіретін шаруашылықтарды арзан, сапалы тұқыммен қамтамасыздандырады, халықаралық саудада Қазақстанның жемге, сыраға, тамаққа арналған арпа тұқымының мөлшерін көбейтеді. «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-нің жемдік дәнді дақылдар бөлімінде арпа селекциясы толығымен селекциялық нұсқа бойынша жұмы істеуде.

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X