Последние новости

Соңғы жаңалықтар

ҚазЕжӨШҒЗИ-да «Таза Қазақстан» аясында сенбілік өтті

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында көрнекті қазақстандық ғалым-аграрий, профессор, ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына зор үлес қосқан Мұхаметжан Ерлепесовтың есімімен аталған көше толық тазартылды.

Ұзындығы 2 шақырымды құрайтын көше бойы ретке келтіріліп, айнала қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, егіс алқаптарынан 80 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, бұл шамамен 15 тіркемені құрады.

Сенбілік аясында көгалдандыру жұмыстары да жүргізілді. Барлығы 10 ағаш отырғызылды. Оның ішінде 6 Қырым қарағайы бұған дейін негізі қаланған «Ғалымдар аллеясына» егілді, ал қалған жапырақты ағаштар аумақты көгалдандыру мақсатында отырғызылды. Аллеядағы әрбір ағаш көрнекті ғалымдардың есімімен аталып, ғылымға деген құрметтің белгісіне айналып отыр.

В КазНИИЗиР прошёл субботник в рамках программы «Таза Казахстан»

Сегодня на территории Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства состоялся масштабный субботник в рамках программы «Таза Казахстан». В ходе акции была очищена улица, названная в честь видного казахстанского учёного-агрария, профессора, внёсшего значительный вклад в развитие сельскохозяйственной науки страны –Мухаметжана Ерлепесова.

Улица протяжённостью 2 километра была полностью приведена в порядок. Кроме того, с полей вывезено около 80 тонн мусора, что составило порядка 15 прицепов.

В рамках субботника также проведены работы по озеленению: всего высажено 10 деревьев. Из них 6 крымских сосен высадили на уже существующей «Аллее учёных», где ранее были посажены другие деревья, а оставшиеся лиственные деревья – на территории института для её благоустройства. Каждое дерево в аллее носит имя выдающихся учёных, символизируя уважение к науке.

@agro__press @nasec.kz

Алматы облысы: ғылым мен өндіріс байланысына жаңа серпін берілуде

Алматы облысында ғылым мен өндіріс арасындағы өзара ықпалдастықты дамытуға жаңа кезең басталуда. Осы мақсатта облыс әкімдігі жанынан құрылған ғылыми кеңес өз жұмысын бастап, алғашқы отырысында өңірдің ғылыми-технологиялық дамуының негізгі басым бағыттарын айқындады.

Серік Абаев, ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасының инновациялар жөніндегі орынбасары, Қонаев Медиа телеарнасына берген сұхбатында Алматы облысында ғылым мен өндірісті дамытуға бағытталған жаңа бастамалар туралы айтып берді. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығын дамытуда ғылыми негізделген шешімдер мен цифрлық технологияларды енгізу өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Кеңес барысында облыс әкімі Марат Елеусізұлы ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту және өзекті мәселелерді бірлесіп шешу қажеттігін атап өтті. Ғалымдар қазіргі заман талаптарына сай келетін басым бағыттарды ұсынып, соның ішінде робототехника мен ауыл шаруашылығын цифрландыруға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. Сарапшылардың пікірінше, цифрлық технологиялар мал шаруашылығын басқаруды оңтайландырып, фермерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Алматинская область: придан новый импульс сотрудничеству науки и производства

В Алматинской области начинается новый этап развития взаимодействия науки и производства. С этой целью при акимате области создан научный совет, который провёл своё первое заседание и определил ключевые приоритеты научно-технологического развития региона.

Серик Абаев, заместитель председателя правления по инновациям КазНИИЗиР, в интервью телеканалу Қонаев Медиа рассказал о новых инициативах в сфере развития науки и производства в Алматы облысы. По его словам, внедрение научно обоснованных решений и цифровых технологий в сельское хозяйство позволит повысить аграрный потенциал региона.

В ходе заседания аким области Марат Елеусизулы подчеркнул необходимость укрепления взаимодействия науки и производства и совместного решения актуальных задач. Учёные предложили приоритетные направления развития, уделив особое внимание робототехнике и цифровизации сельского хозяйства. Эксперты отмечают, что цифровые технологии способны оптимизировать управление животноводством и повысить эффективность работы фермеров.

Подробности смотрите по ссылке: https://www.qonaevtv.kz/…/society…/2963-gylymydy-damytu

@agro__press @nasec.kz

Құрғақшылыққа төзімді дақылдар зерттеуі

Егіншілік зертханасының тәжірибе танабында құрғақшылыққа төзімді дақылдарды тәлімі жағдайда өсірудің заманауи технологиялары кешенді түрде зерттелуде. Зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – қор сақтаушы агротехнологияларды енгізу арқылы дақылдардың өнімділігін арттыру және топырақ ресурстарын ұтымды пайдалану.

Тәжірибе барысында өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдері толық қамтылып, олардың дамуына әсер ететін факторлар жан-жақты талданады. Атап айтқанда, топырақтың агрохимиялық көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы үлгілер алынып, оның құнарлылығы мен құрылымдық ерекшеліктері бағаланды.

Сонымен қатар, көктеген өсімдіктердің жиілігі есепке алынып, олардың біркелкі өсуі мен даму қарқыны сарапталды. Топырақтың ылғалдылығы мен тығыздығын анықтау мақсатында қосымша зертханалық талдаулар жүргізілді. Өсімдіктердің физиологиялық жағдайын бағалау үшін жапырақ құрамындағы хлорофилл мөлшері анықталып, фотосинтез қарқындылығы сипатталды.

Алынған нәтижелер қор сақтаушы технологиялардың құрғақшылық жағдайында дақылдардың өсіп-дамуына оң ықпал ететінін көрсетеді. Бұл деректер ауыл шаруашылығы өндірісінде тиімді әрі тұрақты агротехнологияларды енгізуге негіз бола алады.

Исследование засухоустойчивых культур

На опытном поле лаборатории земледелия проводятся комплексные исследования по выращиванию засухоустойчивых культур с применением различных технологий в богарных условиях. Основная цель работы –повышение урожайности сельскохозяйственных культур за счёт внедрения ресурсосберегающих технологий и рационального использования плодородия почвы.

В ходе эксперимента изучаются все фазы роста и развития растений, а также факторы, влияющие на их продуктивность. В частности, для определения агрохимических показателей были отобраны образцы почвы, что позволило оценить её плодородие и структурные особенности.

Дополнительно учитывалась густота всходов и анализировалась равномерность роста растений. Были проведены исследования влажности и плотности почвы. Для оценки физиологического состояния растений определялось содержание хлорофилла в листьях, что характеризует интенсивность фотосинтеза.

Результаты исследования показывают, что ресурсосберегающие технологии оказывают положительное влияние на рост и развитие культур в условиях засухи. Полученные данные могут быть использованы для внедрения эффективных и устойчивых агротехнологий в сельскохозяйственное производство.

@agro__press @nasec.kz

Алматы облысы әкімдігінде өңірлік ғылымды дамыту мәселелері талқыланды

Алматы облысы әкімдігінде облыс әкімі төрағалығымен өңірлік ғылымды дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Іс-шара барысында ҚазЕжӨШҒЗИ-ның Басқарма төрағасының инновациялар жөніндегі орынбасары Серік Абаев баяндама жасап, өңірдің ғылыми әлеуетін дамыту, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге инновацияларды енгізу және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру бағыттарын атап өтті.

Кеңес қорытындысы бойынша ол «Конаев медиа» басылымына сұхбат берді.

Совещание по развитию региональной науки состоялось в акимате Алматинской области

В акимате Алматинской области под председательством акима региона состоялось совещание, посвящённое вопросам развития региональной науки.

В ходе мероприятия с докладом выступил заместитель Председателя правления по инновациям КазНИИЗиР Серик Абаев. В своём выступлении он обозначил ключевые направления развития научного потенциала региона, укрепления взаимодействия науки и производства, а также представил предложения по повышению эффективности научных исследований и внедрению инноваций в агропромышленный комплекс.

По итогам совещания он дал интервью изданию «Конаев медиа».

@agro__press @nasec.kz

ҚазЕжӨШҒЗИ-да халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бүгін Қазақ ғылыми-зерттеу институты егіншілік және өсімдік шаруашылығы (ҚазЕжӨШҒЗИ) базасында «ВНИС Қазақстан» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге компания атынан Парий Ярослав Федорович қатысты.

«ВНИС Қазақстан» – селекция, тұқым шаруашылығы және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бағытында жұмыс істейтін халықаралық компания. Ұйым күнбағыс, жүгері және қант қызылшасы бойынша селекциялық бағдарламаларды дамытуға маманданған.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі жоспарлары таныстырылды. Бүгінде «ВНИС Қазақстан» Алматы облысында белсенді жұмыс жүргізіп, күнбағыс, жүгері және қант қызылшасы бойынша селекциялық қызметті бастап жатыр. Сонымен қатар компания Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде жұмыс істеп, Африка құрлығына (Кения, Танзания) және Латын Америкасына шығуды жоспарлап отыр.

Парий Ярослав Федоровичтің айтуынша, мұндай кең география компанияның мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады:

«Соңғы екі апта бұрын Африкадан оралдым. Біз жаңа нарықтарға шығып жатырмыз, соның ішінде Кения мен Танзания қызығушылық тудырып отыр. Сонымен қатар Латын Америкасы бағытында да жұмыстар басталуда».

Қазақстан бойынша компанияның негізгі жоспарларының бірі – Алматы облысында күнбағыс пен жүгері бойынша селекциялық станция құру. Қазіргі таңда 2000 гектар күнбағыс және 100 гектар жүгері егістігі жоспарланған. Жоғары сапалы тұқымдарды тазалау және өңдеу үшін арнайы тұқым желісі салынған, ал келесі жылы өндірісті кеңейту көзделуде.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда:

– институттың ғылыми әлеуетін бірлесіп дамыту;

– тәжірибелік егістіктер жүргізу;

– бірлескен селекциялық бағдарламаларды жүзеге асыру;

– селекциялық материалдармен алмасу.

Компания жүгері селекциясына ерекше қызығушылық танытып, бұл бағытта украиналық мамандарды тартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жобалардың ауқымдылығына байланысты серіктестік негізінде жұмыс істеу қажеттілігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты келіссөздер жүргізіп, алдағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындауға уағдаласты.

В КазНИИЗиР обсудили перспективы международного сотрудничества

Сегодня на базе Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) состоялась встреча с представителями компании «ВНИС Казахстан». Со стороны компании участие принял Парий Ярослав Федорович.

«ВНИС Казахстан» – международная компания, специализирующаяся на селекции, семеноводстве и повышении урожайности сельскохозяйственных культур. Основные направления работы – подсолнечник, кукуруза и сахарная свёкла.

В ходе встречи были представлены планы компании в Казахстане и за рубежом. В настоящее время «ВНИС Казахстан» активно работает в Алматинской области и запускает селекционные программы по подсолнечнику, кукурузе и сахарной свёкле. Также компания развивает деятельность в Узбекистане и Кыргызстане и выходит на рынки Африки (Кения, Танзания) и Латинской Америки.

По словам Пария Ярослава Федоровича:

«Две недели назад я вернулся из Африки. Мы расширяем географию – нам интересны Кения и Танзания. Параллельно выходим на рынок Латинской Америки».

В Казахстане компания планирует создать селекционную станцию по подсолнечнику и кукурузе в Алматинской области. Уже запланированы посевы на площади 2000 гектаров подсолнечника и 100 гектаров кукурузы. Построена семенная линия по очистке и переработке высококачественных семян, и в следующем году планируется расширение производства.

Стороны обсудили ключевые направления сотрудничества, включая:

– развитие научного потенциала института;

– проведение экспериментальных посевов;

– реализацию совместных селекционных программ;

– обмен селекционными материалами.

Особый интерес компания проявляет к селекции кукурузы и планирует привлечь специалистов из Украины. В связи с масштабностью задач отмечена необходимость тесного партнерского взаимодействия.

По итогам встречи стороны провели двусторонние переговоры и выразили готовность к дальнейшему развитию сотрудничества.

@agro__press @nasec.kz

Аграрлық ғылымдағы жаңа жетістіктер

Аграрлық ғылым саласындағы өзекті бағыттар – жүгері мен сорго дақылдарын селекциялау, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өнімділік пен стресс-төзімділікті арттыру мәселелері қарастырылған материал аудандық «Нақты» газетінде жарияланды. Мақалада жас ғалымдардың ғылыми нәтижелері мен зерттеу жұмыстары қамтылып, жүгері және құмай дақылдары зертханасының меңгерушісі Нұрсұлтан Мусагоджаевтың пікірі берілген.

Новые достижения аграрной науки

Материал об основных направлениях аграрной науки – селекции кукурузы и сорго, а также внедрении современных агротехнологий для повышения урожайности и стрессоустойчивости – опубликован в районной газете «Нақты». В публикации представлены результаты молодых ученых и мнение заведующего лабораторией Нурсултана Мусагоджаева.

Подробнее читайте по ссылке: https://naqtygazeti.kz/category/selskoe-hozyajstvo/

@agro__press @nasec.kz

Конаев медиада Ғылым күніне арналған сұхбат шықты

Ғылым күніне орай облыстық телеарна Конаев медиа арнасында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазЕжӨШҒЗИ) инновациялар жөніндегі төраға орынбасары – Серік Абаевтың кеңейтілген сұхбаты жарық көрді.

Сұхбат барысында ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту, жаңа ғылыми жобалар, сондай-ақ ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты күшейту мәселелері талқыланды.

Серік Абаев қазіргі таңда институт деңгейінде бірқатар ғылыми бастамалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, селекция, жаңа сорттарды шығару және агротехнологияларды енгізу бағытындағы жұмыстар өңірлік ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ғылымды өңірлерде дамыту, жас ғалымдарды қолдау және олардың ғылыми ортада тұрақтап қалуы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Толық сұхбатпен сілтеме арқылы танысуға болады.

На телеканале «Конаев медиа» вышло интервью ко Дню науки

Ко Дню науки на областном телеканале Конаев медиа вышло расширенное интервью с заместителем председателя по инновациям Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) Сериком Абаевым.

В ходе беседы были обсуждены вопросы развития аграрной науки, реализации научных проектов, а также внедрения разработок в сельскохозяйственное производство.

Серик Абаев отметил, что в институте сегодня реализуется ряд научных инициатив, направленных на развитие селекции, создание новых сортов и внедрение современных агротехнологий, что способствует повышению эффективности сельского хозяйства в регионах.

Отдельное внимание было уделено развитию науки в регионах, поддержке молодых ученых и созданию условий для их профессиональной реализации.

С подробностями можно ознакомиться по ссылке:

@agro__press @nasec.kz

ҚазЕжШҒЗИ-да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында сенбілік ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – аумақтың тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және ұжымдық бірлікті нығайту болды.

Іс-шара барысында институт қызметкерлері аумақты қоқыстан тазалап, ағаш отырғызу және абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты.

«Мұндай экологиялық акциялар ұжымның жауапкершілігін арттырып қана қоймай, табиғатқа деген құрметті қалыптастырады. Әрбір қызметкер өз ортасының тазалығына үлес қосуы тиіс. “Таза Қазақстан” – бұл тек науқан емес, ол – күнделікті өмір мәдениеті», – деді өндіріс жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары Алтынбек Асанбеков.

В КазНИИЗиР прошёл субботник в рамках программы «Таза Қазақстан»

В рамках программы «Таза Қазақстан» сегодня в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства был проведён субботник. Основная цель мероприятия – поддержание чистоты территории, формирование экологической культуры и укрепление коллективного единства.

В ходе акции сотрудники института активно участвовали в уборке территории, а также в работах по озеленению и благоустройству.

«Подобные экологические акции не только повышают ответственность коллектива, но и формируют уважение к природе. Каждый сотрудник должен вносить вклад в чистоту окружающей среды. “Таза Қазақстан” – это не просто кампания, это культура повседневной жизни», – отметил заместитель председателя правления по производству Алтынбек Асанбеков.

@agro__press @nasec.kz

ҚазЕжӨШҒЗИ -да органикалық егіншілік бойынша ғылыми-практикалық семинар өтті

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Органикалық егіншілік зертханасының ұйымдастыруымен жаңа форматта «Биофортификацияланған ауыл шаруашылығы дақылдарының отандық органикалық сорттары және олардың негізінде жасалған пайдалы тағам өнімдері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024–2026 жж. ғылыми-техникалық бағдарламасы BR22885418 «Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің органикалық өндірісінің технологиялық дамуын ғылыми қамтамасыз ету» аясында ұйымдастырылды.

ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева мұндай кездесулердің ғылым мен өндірісті ұштастырудағы рөлін ерекше атап өтті:

«Органикалық ауыл шаруашылығын дамыту – тек ғылыми бағыт қана емес, ол халықтың денсаулығы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін стратегиялық сала. Бүгінгі семинар – ғылымда қол жеткізілген нәтижелерді нақты өнім арқылы көрсетуге мүмкіндік берген маңызды алаң», – деді ол.

Органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі Назира Слямова семинардың мазмұны мен практикалық маңызына тоқталды:

«Біз бүгін биофортификацияланған дақылдар негізінде жасалған өнімдерді тәжірибе жүзінде көрсетіп, олардың тағамдық және емдік қасиеттерін жан-жақты таныстырдық. Мұндай формат ғылыми нәтижелерді өндіріске енгізуге жол ашады», – деді зертхана жетекшісі.

Семинар барысында қатысушыларға органикалық және биофортификацияланған өнімдердің нақты үлгілері таныстырылып, олардың тағамдық және емдік қасиеттері туралы кең ақпарат берілді:

Майбұршақтың «Милка» сорты негізінде дайындалған тофу

Күлгін бидай, полба және ноқаттан жасалған нан өнімдері

Попкорн мен жұқа құймақ дайындауға арналған арнайы жүгері сорттары

Сұлы және сұлы өнімдері, олардың адам денсаулығына әсері

Дәрілік шөптерден дайындалған шайлар мен табиғи сусындар

Отандық бидай сорттарының өскінінен алынған витграсс шырыны, оның иммунитетті нығайтудағы маңызы

Аталған өнімдер семинар қатысушыларына ұсынылып, дәм тату ұйымдастырылды, сондай-ақ олардың пайдалы қасиеттері мен қолдану мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.

Іс-шараға отандық ғалымдармен қатар ресейлік әріптестер де қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар соңында жетекші ғалымдар өз ойларын ортаға салып, органикалық өнімдерді дамыту, оларды өңдеу және нарыққа шығару бағыттары бойынша маңызды ұсыныстар білдірді.

Семинар ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық бағыттардың дамуына серпін берді.

В КазНИИЗиР проведён научно-практический семинар по органическому земледелию

В Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства лабораторией органического земледелия в новом формате был проведён научно-практический семинар на тему «Отечественные органические сорта сельскохозяйственных культур с биофортификацией и продукты здорового питания, созданные на их основе».

Мероприятие организовано в рамках научно-технической программы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан на 2024–2026 гг. BR22885418 «Научное обеспечение технологического развития органического производства сельскохозяйственной продукции в Республике Казахстан».

Председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева отметила значимость подобных встреч для укрепления связи науки и производства:

«Развитие органического сельского хозяйства – это не только научное направление, но и стратегически важная сфера, напрямую влияющая на здоровье населения и продовольственную безопасность страны. Сегодняшний семинар стал площадкой, где научные результаты были представлены в виде конкретной продукции», – подчеркнула она.

Заведующая лабораторией органического земледелия Назират Слямова подчеркнула практическую значимость мероприятия:

«Мы представили участникам продукты, созданные на основе биофортифицированных культур, и подробно рассказали об их пищевых и функциональных свойствах. Такой формат позволяет ускорить внедрение научных разработок в производство», – отметила она.

В ходе семинара участникам были представлены конкретные образцы органической и биофортифицированной продукции, а также предоставлена подробная информация об их пищевых и лечебных свойствах:

Тофу, приготовленный из сои сорта «Милка»

Хлебобулочные изделия из фиолетовой пшеницы, полбы и нута

Специальные сорта кукурузы для попкорна и тонких блинов

Овёс и овсяные продукты, их влияние на здоровье человека

Чаи и натуральные напитки из лекарственных трав

Сок витграсс из проростков отечественных сортов пшеницы и его значение для укрепления иммунитета

Представленные продукты были предложены участникам для дегустации, а также подробно разъяснены их полезные свойства и возможности применения.

В мероприятии приняли участие не только отечественные учёные, но и российские коллеги, которые поделились своим опытом.

В завершение семинара ведущие учёные выступили с обсуждениями и внесли важные предложения по развитию органической продукции, её переработке и выходу на рынок.

Семинар способствовал укреплению связи между наукой и производством и придал импульс развитию инновационных направлений в сфере органического сельского хозяйства.

@agro__press @nasec.kz

Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді? – БАҚ

Республикалық «Egemen Qazaqstan» басылымында «Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?» тақырыбында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметіне арналған материал жарияланды.

Мақалада еліміздің өңірлерінде басталған көктемгі дала жұмыстары, егіс науқаны барысында экожүйелік тәсілді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ғылыми зерттеулердің рөлі кеңінен қамтылған.

Сондай-ақ институт ғалымдарының шаруа қожалықтарымен бірлесіп жұмыс істеп, егіс алқаптарында фермерлерге кеңес беруі және табиғи әрі қауіпсіз өндіріс қағидаттарын енгізуі атап өтіледі.

Толығырақ материалды төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз.

Качество продуктов питания: как химические удобрения влияют на здоровье? – СМИ

В республиканском издании «Egemen Qazaqstan» опубликован материал на тему «Качество продуктов питания: как химические удобрения влияют на здоровье?», посвящённый деятельности Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства.

В статье освещаются начавшиеся весенние полевые работы в регионах страны, развитие экосистемного подхода в ходе посевной кампании, а также роль научных исследований в обеспечении продовольственной безопасности.

Также отмечается работа учёных института, которые совместно с фермерскими хозяйствами проводят консультации непосредственно в полях и внедряют принципы природного и безопасного производства.

С полной версией материала можно ознакомиться по ссылке: https://egemen.kz/…/410770-azyq-tulik-sapasy-khimiyalyq…

@agro__press @nasec.kz

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X