Қаралы хабар
Қазақстанның аграрлық ғылымы ауыр қайғыға душар болды. Көрнекті ғалым-селекционер, өз ісінің білгірі Середа Григорий Антонович өмірден өтті.

Ол өзінің саналы ғұмырын егіншілік пен селекция ғылымына арнап, осы саланың дамуына зор үлес қосты. Ғалымның еңбегі нәтижесінде шығарылған сұрыптар бүгінгі күні де егіс алқаптарында кеңінен қолданылып келеді.
Ол соңғы күндеріне дейін ғылымнан қол үзбей, белсенді еңбек етті.
Марқұмның кенеттен өмірден өтуі барша әріптестері мен шәкірттері үшін орны толмас қайғы болды.
Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтады.
«Қазақ ғылыми-зерттеу институты егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ұжымы да марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестеріне шын жүректен көңіл айтады.
Оның жарқын бейнесі мен ғылымға қосқан үлесі әрдайым ел жадында сақталады.
Жаны жайлы болсын.
Соболезнование
Аграрная наука Казахстана понесла тяжёлую утрату – ушёл из жизни известный учёный-селекционер Середа Григорий Антонович.
Он посвятил свою жизнь развитию земледелия и селекции, внёс значительный вклад в отечественную науку. Созданные им сорта и сегодня широко используются в сельском хозяйстве.
До последних дней он оставался преданным своему делу и продолжал активно работать.
Его уход стал невосполнимой потерей для коллег, учеников и всего научного сообщества.
Председатель Правления Шолпан Бастаубаева выражает искренние соболезнования родным и близким, коллегам и ученикам покойного.
Коллектив Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства также разделяет горечь утраты и выражает глубокие соболезнования.
Светлая память о нём сохранится в его трудах и делах.
ҚазЕжӨШҒЗИ-да мектеп оқушыларына арналған ашық есік күні өтті
Бүгін «Қазақ ғылыми-зерттеу институты егіншілік және өсімдік шаруашылығы» базасында мектеп оқушыларына арналған ғылыми зертханалардың ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында оқушылар зертханаларды аралап, заманауи ғылыммен танысты. Сондай-ақ олар тәжірибелік сабақтарға қатысып, ДНҚ экстракциясын көріп, микроскоппен жұмыс жасап, in vitro өсімдіктерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Алмалыбақ ауылындағы жайлы мектептің 11-сынып оқушысы Елмурат Аяла іс-шарадан ерекше әсер алғанын айтты:
«Маған бәрі өте ұнады. Әсіресе зертханада жұмыс істеу қызық болды. Болашақ мамандығымды таңдауда осындай кездесулердің пайдасы зор деп ойлаймын», – деді ол.

Өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының меңгерушісі Раушан Ержебаева да мұндай шаралардың маңызын атап өтті:
«Бүгінгі ашық есік күні оқушылар үшін өте пайдалы болды. Олар ғылыммен жақынырақ танысып, өздерін осы салада сынап көрді. Бұл – болашақ жас ғалымдарды тәрбиелеудің бір жолы», – деді ол.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт береді.
В КазНИИЗиР прошёл день открытых дверей для школьников
Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства состоялся день открытых дверей для школьников.
В рамках мероприятия учащиеся посетили научные лаборатории, познакомились с современной наукой и приняли участие в практических занятиях. Они смогли увидеть процесс экстракции ДНК, поработать с микроскопом и познакомиться с растениями in vitro.
Ученица 11 класса комфортной школы села Алмалыбак Елмурат Аяла поделилась своими впечатлениями:
«Мне всё очень понравилось, особенно работа в лаборатории. Такие мероприятия помогают лучше понять, какую профессию выбрать в будущем», – отметила она.
Заведующая лабораторией биотехнологии растений Раушан Ержебаева подчеркнула значимость подобных встреч:
«День открытых дверей был очень полезен для школьников. Они смогли ближе познакомиться с наукой и попробовать себя в роли исследователей», – сказала она.
Такие мероприятия помогают пробудить интерес к науке и определиться с будущей профессией.
@agro__press @nasec.kz
Дәнді-бұршақ және жүгері зертханасы егіс алқабында көктемгі жұмыстарды жүргізуде
Бүгін дәнді-бұршақ дақылдары мен жүгері зертханасының қызметкерлері тәжірибелік алқапқа шығып, көктемгі дала жұмыстарының негізгі кезеңдерін жүзеге асырды.
Мамандар тұқымдарды егіс алдындағы өңдеуден өткізіп, оларды аурулар мен зиянкестерден қорғау шараларын жүргізді. Сонымен қатар танаптар бөліктерге бөлініп, ғылыми талаптарға сай егіс жұмыстары басталды.
Зертхана меңгерушісі Мұхтар Құдайбергеновтың айтуынша, 2026 жылғы 29 наурыз бен 2 сәуір аралығында ҚР АШМ-нің BR22885414 бағдарламасы аясында дәнді-бұршақ дақылдары зертханасында негізгі агротехникалық жұмыстар жүргізілген.
«Атап айтқанда, тұқымдарды егіс алдындағы аурулар мен зиянкестерге қарсы өңдеу, танаптарды бөліктерге бөлу, сондай-ақ егіс жұмыстары жүзеге асырылды», – деді ол.
Аталған жұмыстар жоғары өнімді жаңа сорттарды әзірлеуге, оларды тиімді өсіру технологиясын қалыптастыруға және бастапқы тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған.
Лаборатория зернобобовых культур и кукурузы проводит весенние полевые работы
Сегодня сотрудники лаборатории зернобобовых культур и кукурузы вышли на опытные поля, где провели основные этапы весенних полевых работ.
Была проведена предпосевная обработка семян для защиты от болезней и вредителей, выполнена разбивка полей на участки, после чего начались посевные работы.
Как сообщил заведующий лабораторией Мухтар Кудайбергенов, в период с 29 марта по 2 апреля 2026 года в рамках программы МСХ РК BR22885414 в лаборатории зернобобовых культур были проведены ключевые агротехнические мероприятия.
«В частности, была осуществлена предпосевная обработка семян против болезней и вредителей, разбивка полей на участки, а также проведены посевные работы», – отметил он.
Данные мероприятия направлены на создание высокопродуктивных сортов с использованием современных биологических методов, разработку эффективных технологий их возделывания и развитие первичного семеноводства.
@agro__press @nasec.kz
Көпжылдық бидай – тұрақты ауыл шаруашылығының негізі
Климаттың өзгеруі, топырақтың тозуы және агробиоалуантүрліліктің азаюы жағдайында көпжылдық дәнді дақылдарды енгізу аса маңызды. Бұл туралы егіншілік зертханасының меңгерушісі Рауан Жапаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, дәстүрлі біржылдық егістермен салыстырғанда, көпжылдық дақылдар агроэкожүйелердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. «Олар топырақта органикалық заттардың жиналуына ықпал етіп, эрозияны айтарлықтай төмендетеді», – деді ол.
Сондай-ақ маман көпжылдық бидайдың маңыздылығына тоқталды. «Бұл дақыл жоғары шаруашылық тиімділікті экологиялық артықшылықтармен ұштастырады. Сондықтан ол тұрақты ауыл шаруашылығында маңызды орын алады», – деді Рауан Жапаев.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы дақылдарының биоалуантүрлілігін арттыру және топырақты жақсарту жобасы аясында тәжірибелік алқаптарда көктемгі мониторинг жүргізіліп жатыр. «Біз өсімдіктердің қыстан шығуын, егіс тығыздығын, топырақтың қоректік режимін және агрофизикалық жағдайын бағалаудамыз», – деді ол.
Алдын ала нәтижелерге сәйкес, көпжылдық дақылдар ертерек көктейді. Бұл көктемгі ылғалды тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, агроэкожүйелердің тұрақтылығын арттырады.
Многолетняя пшеница: устойчивое будущее сельского хозяйства
В условиях изменения климата, деградации почв и снижения агробиоразнообразия особую актуальность приобретает внедрение многолетних зерновых культур. Об этом заявил заведующий лабораторией земледелия Рауан Жапаев.
По его словам, в отличие от традиционных однолетних посевов, многолетние культуры обеспечивают более устойчивое функционирование агроэкосистем. «Они способствуют накоплению органического вещества в почве и позволяют существенно снизить эрозионные процессы», – отметил он.

Жапаев подчеркнул, что особый интерес представляет многолетняя пшеница как перспективная культура. «Она сочетает высокую хозяйственную ценность с экологическими преимуществами, что делает её важным элементом устойчивого сельского хозяйства», – добавил специалист.
В рамках проекта по повышению биоразнообразия сельскохозяйственных культур и улучшению состояния почв в настоящее время проводится весенний мониторинг опытных участков. «Мы оцениваем перезимовку растений, густоту стояния, пищевой режим почвы и её агрофизическое состояние», – сообщил он.
По предварительным данным, многолетние культуры раньше возобновляют вегетацию. Это позволяет эффективнее использовать весеннюю влагу и в целом повышает устойчивость агроэкосистем.
@agro__press @nasec.kz
ҚазЕжӨШҒЗИ-да агробиология студенттерінің дуалды оқытуы өтуде
«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында «Агробиология» факультетінің 3-курс студенттеріне арналған дуалды оқыту жүргізілуде.
Оқу 6В08101 – «Агрономия» білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, 2026 жылғы 21 қаңтар мен 2 мамыр аралығында өтуде. Практика базасы – Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Бүгінгі сабақты дәнді және мал азықтық дақылдар зертханасының меңгерушісі Баймұратов Асқар өткізді. Сабақ барысында студенттерге ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің практикалық және теориялық қырлары, заманауи агротехнологиялар мен ғылыми зерттеу әдістері таныстырылды.
Студенттер өз әсерлерімен бөлісіп, сабақтың қызықты әрі мазмұнды өткенін атап өтті. Олардың айтуынша, дуалды оқыту жүйесі теория мен тәжірибені тиімді ұштастыруға, болашақ мамандықты тереңірек түсінуге және нақты өндірістік жағдайда құнды тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді.
В КазНИИЗиР проходит дуальное обучение студентов-агробиологов
В ТОО «Казахский НИИ земледелия и растениеводства» проходит дуальное обучение студентов 3 курса факультета «Агробиология».
Обучение организовано в рамках образовательной программы 6В08101 – «Агрономия» и проходит в период с 21 января по 2 мая 2026 года. Базой практики выступает Казахский НИИ земледелия и растениеводства.

Сегодняшнее занятие провёл заведующий лабораторией зернофуражных культур Баймуратов Аскар. В ходе занятия студентам были представлены практические и теоретические аспекты выращивания сельскохозяйственных культур, современные агротехнологии и методы научных исследований.
Студенты поделились своими впечатлениями, отметив, что занятия проходят интересно и познавательно. По их словам, дуальная система обучения помогает глубже понять будущую профессию, закрепить теоретические знания на практике и получить ценный опыт в реальных условиях.
@agro__press @nasec.kz
ҚазЕжӨШҒЗИ органикалық егіншілік зертханасы халықаралық көрмеге қатысуда
ҚазЕжӨШҒЗИ-дың органикалық егіншілік зертханасының қызметкерлері Алматы қаласында өтіп жатқан Greenhouses & Flowers 2026 халықаралық көрмесіне қатысуда. Көрме 1–3 сәуір аралығында МВЦ «Атакент» көрме орталығында ұйымдастырылған.

Іс-шараның басты мақсаты – органикалық егіншілік өнімдерін кеңінен насихаттау, экологиялық таза өндірісті дамыту және заманауи агротехнологияларды таныстыру. Көрме аясында зертхана мамандары өздерінің ғылыми әзірлемелерін ұсынып, органикалық шешімдер мен тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибелерімен бөлісуде.
Органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі Назира Слямова атап өткендей, «органикалық егіншілік – болашақтың бағыты. Бүгінде бұл тек тренд қана емес, қоршаған ортаны сақтаудың және сапалы өнім өндірудің маңызды жолы. Біз көрме барысында өзіміздің әзірлемелерімізді таныстырып, фермерлер мен сала мамандарына нақты шешімдер ұсынудамыз».
Сондай-ақ ол мұндай халықаралық алаңдар тәжірибе алмасуға және жаңа серіктестіктер орнатуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Лаборатория органического земледелия КазНИИЗиР участвует в международной выставке
Сотрудники лаборатории органического земледелия КазНИИЗиР принимают участие в международной выставке Greenhouses & Flowers 2026, которая проходит в Алматы с 1 по 3 апреля на территории МВЦ «Атакент».

Основная цель участия – популяризация продукции органического земледелия, развитие экологически чистого производства и внедрение современных агротехнологий. В рамках выставки специалисты представляют свои научные разработки, органические решения и делятся опытом в сфере устойчивого сельского хозяйства.
Как отметила заведующая лабораторией органического земледелия Назира Слямова, «органическое сельское хозяйство – это тренд будущего. Сегодня это уже не просто направление, а необходимость для сохранения экологии и производства качественной продукции. На выставке мы демонстрируем наши разработки и предлагаем практические решения для аграриев».
По ее словам, участие в подобных международных мероприятиях способствует обмену опытом и открывает новые возможности для сотрудничества.
@agro__press @nasec.kz
Қант қызылшасы селекциясы: ерте басталған маусым және жаңа ғылыми нәтижелер
Биыл ҚазЕжӨШҒЗИ-да көктемгі дала жұмыстары әдеттегіден ерте басталды. Бұл, ең алдымен, климаттық жағдайлардың өзгеруімен байланысты. Қазіргі уақытта қант қызылшасының аналық тамыржемістері отырғызылып, изоляторлар астына клумбалар дайындалып, селекциялық материалдар бақыланатын будандастыруға әзірленуде.

Жыл сайын изоляторлар астында 300-ден астам клумба салынып, онда гибридизация жүргізіледі және селекциялық желілердің бастапқы тұқым шаруашылығы қалыптастырылады. Сонымен қатар тұқымдық өсімдіктерге цитологиялық, морфологиялық және технологиялық бағалау қатар жүргізіледі.
Зерттеудің негізгі мақсаты – бақыланатын будандастыру арқылы гибридті тұқым алу, селекциялық материалға кешенді бағалау жүргізу және болашақта жоғары өнімді сорттарды іріктеу.

Зертхана меңгерушісі Лайла Табынбаева атап өткендей, «қазіргі селекциялық жұмыстар тек жаңа сорт шығару емес, ол – нақты өндірістік сұранысқа бейімделген, сапасы жоғары, тұрақты өнім беретін дақылдарды қалыптастыруға бағытталған кешенді ғылыми процесс».
Күтілетін нәтижелер қатарында гибридті тұқым алу, маңызды белгілер жиынтығы бойынша перспективалы селекциялық нөмірлерді анықтау және әрі қарай селекциялық жұмыс пен бастапқы тұқым шаруашылығына ең үздік желілерді іріктеу бар.
Селекция сахарной свеклы: ранний старт сезона и новые научные результаты
В этом году весенние полевые работы в КазНИИЗиР начались раньше обычных сроков, что связано с изменением климатических условий. В настоящее время ведётся посадка маточных корнеплодов сахарной свеклы, закладка клумб под изоляторами, а также подготовка селекционного материала к контролируемым скрещиваниям.

Ежегодно под изоляторами закладывается более 300 клумб, где проводится гибридизация и осуществляется первичное семеноводство селекционных линий. Параллельно выполняется цитологическая, морфологическая и технологическая оценка семенных растений сахарной свеклы.
Цель исследований – проведение контролируемых скрещиваний, получение гибридных семян и комплексная оценка селекционного материала для дальнейшего отбора.
Как отметила заведующая лабораторией сахарной свеклы Лайла Табынбаева, «современная селекция – это не только создание новых сортов, но и комплексная работа, направленная на получение устойчивых и высокопродуктивных культур, отвечающих требованиям производства».

Среди ожидаемых результатов – получение гибридных семян, выделение перспективных селекционных номеров по комплексу признаков, а также отбор лучших линий для дальнейшей селекционной работы и первичного семеноводства.
@agro__press @nasec.kz
ҚазЕжӨШҒЗИ-да Көрісу күні: дәстүр мен ізгі тілектерге толы кездесу
Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (ҚазЕжӨШҒЗИ) ұлттық дәстүрге айналған Көрісу күні атап өтілді.
Таңертең институттың кіреберісінде қызметкерлерді дәнді дақылдар зертханасының ұжымы ерекше ілтипатпен қарсы алды. Қазақтың дәстүрі бойынша әріптестер бір-бірімен үш рет құшақтасып, жылы лебіздерін айтып, ізгі тілектерін білдірді. Шара өте жылы әрі шынайы көңіл-күйде өтті.

Кездесу барысында қызметкерлерге тәттілер таратылып, ал қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жүргендерге ауызашарға арналған арнайы азық-түлік пакеттері берілді.
Іс-шараны ұйымдастырған дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі Бақыт Айнебекова жиналғандарды мерекемен құттықтап, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен ұжымдағы бірлік пен сыйластықтың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар бүгін институтқа белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Баян Әлімғазинова арнайы келіп, институт ұжымымен кездесті. Ол ҚазЕжӨШҒЗИ-де еңбек еткен жылдарын жылы еске алып, ұжымға алғысын білдірді.
«Мені әрдайым осы жерге тартады. Мұндағы атмосфера ерекше, тіпті ауасы да басқа сияқты. Қасиетті Рамазан айында сіздердің орталарыңызда болғаныма өте қуаныштымын. Мен осы институтта көп жыл еңбек еттім, сондықтан қайта келіп, сіздермен жүздескеніме өте бақыттымын», – деді ол.
Ғалым институт ұжымына жаңа ғылыми жетістіктер мен табыстар тіледі.
Көрісу күні институт қызметкерлері үшін бір-бірімен қауышып, жылы сөз айтып, татулық пен ынтымақты нығайтқан ерекше күн болды.
Көрісу күні в КазНИИЗиР: тёплая встреча, добрые слова и традиции единства
Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) состоялось праздничное мероприятие, посвящённое национальной традиции Көрісу күні.
С самого утра у входа в институт сотрудников тепло встречали представители лаборатории зерновых культур. По казахской традиции коллеги приветствовали друг друга объятиями, обменивались добрыми пожеланиями и поздравлениями. Атмосфера была особенно тёплой и душевной.

В ходе встречи сотрудникам раздали сладости, а тем, кто держит пост в священный месяц Рамазан, подготовили специальные продуктовые наборы для ауызашара.
С поздравительной речью выступила заведующая лабораторией зерновых культур Бақыт Айнебекова, которая отметила важность сохранения национальных традиций, взаимного уважения и единства коллектива. Именно по её инициативе и было организовано это тёплое и значимое мероприятие.
Особым гостем мероприятия стала известный ученый-аграрий, доктор сельскохозяйственных наук Баян Алимгазинова, которая в этот день посетила институт. Она поделилась теплыми воспоминаниями о годах работы в КазНИИЗиР и выразила благодарность коллективу.
«Меня всегда тянет сюда. Здесь особая атмосфера, даже воздух другой. Я рада, что сегодня, в священный месяц Рамазан, нахожусь вместе с вами. Я много лет проработала здесь и очень счастлива снова быть в родном институте», – отметила она, пожелав коллективу новых научных достижений и успехов.
Көрісу күні стал прекрасной возможностью для сотрудников института встретиться, обменяться добрыми словами и ещё раз почувствовать силу традиций, объединяющих людей, укрепить атмосферу дружбы и сплочённости в коллективе.
@agro__press @nasec.kz
Күлпаш Булатова: Ғылымға жолым саналы таңдау болды
ҚазЕжӨШҒЗИ-ның басты ғылыми қызметкері Күлпаш Булатова республикалық Zont News басылымына сұхбат берді. Ол ғылымға қалай келгені, алғашқы тәжірибесі мен кәсіби жолы туралы айтып берді.

Толығырақ оқығыңыз келсе, сілтемеге өтіңіз: https://zontnews.kz/
Главный научный сотрудник Кульпаш Булатова в интервью республиканскому изданию Zont News рассказала о том, как пришла в науку, о первых шагах и профессиональном пути.
Читайте подробнее по ссылке: https://zontnews.kz/
Құрметті әріптестер, ардақты ханымдар!
Сіздерді келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының дамуына әйел ғалымдар мен мамандардың қосып отырған үлесі ерекше. Сіздер ғылым мен өндірісте табандылық пен кәсібиліктің, жауапкершілік пен ізденістің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер. Зертханаларда, ғылыми жобаларда, өндірістік тәжірибелерде және институт қызметінің түрлі бағыттарында сіздердің еңбектеріңіз үлкен құрметке лайық.
Әйел заты қашанда мейірімнің, даналықтың және төзімділіктің символы. Сіздердің білімге, ғылымға және ел дамуына қосқан үлестеріңіз жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен отбасыларыңызға амандық тілеймін. Көктем әрдайым жүректеріңізге қуаныш пен шабыт сыйласын!
Ізгі тілекпен, Шолпан Бастаубаева Басқарма төрағасы
Уважаемые коллеги, дорогие женщины!
Примите самые искренние поздравления с наступающим весенним праздником – Международным женским днем 8 Марта!
Сегодня женщины Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства вносят значительный вклад в развитие науки и сельского хозяйства страны. Ваш профессионализм, трудолюбие, ответственность и преданность делу являются важной частью научных достижений института.
В научных лабораториях, в реализации исследовательских проектов и в повседневной работе вы демонстрируете высокий уровень компетентности, настойчивость и стремление к новым знаниям. Ваш труд заслуживает искреннего уважения и признания.
Женщина во все времена была символом мудрости, доброты и созидательной силы. Пусть ваша энергия, талант и стремление к развитию и дальше служат развитию науки и процветанию нашей страны.
От всей души желаю вам крепкого здоровья, благополучия, вдохновения, новых профессиональных достижений и семейного счастья. Пусть весна принесёт в ваши дома радость, тепло и хорошее настроение!
С уважением, Шолпан Бастаубаева Председатель Правления
@agro__press @nasec.kz