Последние новости

Соңғы жаңалықтар

15.10.2026

Отандық селекция жетістіктері – республикалық басылымда

Dark Mode

Республикалық «Qazaq» газетінде ҚазЕӨжШҒЗИ дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Бақыт Айнебекованың мақаласы жарық көрді.

Материалда «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асырылып жатқан жобалар, институт ғалымдары шығарған жүгері будандары мен құмай, судан шөбі және жарылғыш жүгері сұрыптары туралы баяндалған. Сондай-ақ тұқымды кептіруге, тазалауға, сұрыптауға және калибрлеуге арналған жаңа өндірістік желінің мүмкіндіктері, отандық тұқымдарды көбейтіп, шаруашылықтарға жеткізу жұмыстары сөз болады.

Мақалада ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің отандық тұқым шаруашылығын дамыту мен еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтудағы маңызы атап көрсетілген.

Достижения отечественной селекции представлены в республиканской газете

В республиканской газете «Qazaq» опубликован материал заведующей лабораторией зерновых культур КазНИИЗиР, кандидата сельскохозяйственных наук Бақыт Айнебековой.

В статье рассказывается о проектах, реализуемых при поддержке АО «Фонд науки», новых гибридах кукурузы и сортах сорго, суданской травы и кукурузы для попкорна, созданных учёными института. Также представлены возможности новой производственной линии для сушки, очистки, сортировки и калибровки семян.

Особое внимание уделено внедрению научных разработок в производство, обеспечению хозяйств качественными отечественными семенами и укреплению продовольственной безопасности Казахстана.

Подробнее по ссылке: https://qazaq1913.com/tynys-tirshilik/

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X