Қысқаша тарихы | Институт 1934 жылы құрылды және Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласында жетекші ғылыми ұйым болып табылады. |
Миссия | Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына қол жеткізу мақсатында нарықтық қажеттіліктері бар ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа бәсекеге қабілетті сорттары мен гибридтерімен, сондай-ақ олардың технологияларымен ғылыми қолдау жасау. |
Ғылыми бағыттар: | – Ауыл шаруашылығы дақылдарының гендік қорын жинау, қалыптастыру, зерттеу, құжаттау, пайдалану және сақтау;
– Ауыл шаруашылық дақылдарының бәсекеге қабілетті және күйзеліске төзімді сорттары мен будандарын шығару және өндіріске енгізу;- Ландшафты жерлерді басқару, геоақпараттық технологиялар, өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және биологизациялау негізінде ресурсты үнемдеуші және экологиялық таза егіншілік шаруашылығы жүйелерін әзірлеу және енгізу;- Ауыл шаруашылық дақылдарының үздік шетелдік түрлерін және инновациялық агротехнологияларын тасымалдау (Трансферт);- ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы тұқымдарын өндіру; – Агроөнеркәсіп кешенінің мамандарын даярлау және ғылыми – кеңес қызметтерін көрсету;- Жоғары білікті ғылыми кадрларды дайындау. |
Ғылыми жетістіктер | Гендік қор: Қазақстанда тұңғыш рет 29 ауыл-шаруашылық дақылдарының гендік қоры құрылды (ҚР ұлттық гендік қорының ≈ 1/3 бөлігі 17,0 мыңнан астам үлгілер сақталған). Ұлттық деректер базасында 9 топтың 223 түрінен тұратын 56 мыңнан астам үлгілерінің паспорттық ақпараты бар.Селекция және тұқым шаруашылығы: Ауылшаруашылық дақылдарының 183 сорттары және будандары ҚР және одан тыс елдерге пайдалануға мақұлданып өндіріске еңгізілді, оның ішінде: 31 – күздік бидай және тритикале, 30 – жүгері, 25 – жаздық бидай, 22 – бұршақ, 22 – малазықтық көпжылдық шөптер, 18 арпа, 8 сұлы, 7 қант қызылшасы, 5 майлы дақыл, 4 – күріш. Олар ҚР және көрші елдерде (Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан және т.б.) шамамен 3,0 млн гектар жерде егілуде. Агротехнология: әзірленген және жетілдірілген:- Қазақстан Республикасының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы суармалы және тәлімі жерлерге адаптивті ландшафтты жүйелер мен өсімдік шаруашылығы технологияларын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістемелік және ғылыми негіздері;- Өсімдік шаруашылығын әртараптандыру және биологизациялау, ресурстарды сақтау және өндіріс экологиясы;- Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы нақты егіншілік жүйесінде дәнді дақылдарға тыңайтқыштарды дифференциалды пайдалану;- Тамшылатып суарудың және тікелей себудің заманауи әдістеріне негізделген ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің ресурстық және су үнемдеу технологиясы. |
Зияткерлік меншік: |
Ауылшаруашылық дақылдарының сорттары мен гибридтеріне 181 авторлық куәліктер, 176 зияткерлік меншік құжаттары оның ішінде 146 селекциялық жетістіктерге патент және 30 өнертабыс үшін алынды; Қазақстан Республикасының патентін алуға 248 өтінім берілді.
|
Соңғы пікірлер