Шілде 28, 2025
Соңғы жаңалықтар
2025 жылғы 22–26 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Зүлфия Болатбекқызы Сүлейменова Түркістан облысы мен Алматы қаласына жұмыс сапарымен баруда.
Жұмыс сапары барысында Зүлфия Сүлейменова Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (Қаз ЕжӨШҒЗИ) барып, институттың ғылыми бағыттарымен танысты. Атап айтқанда:
ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарының генетикалық банкі және коллекциясымен;
биохимия, дән сапасын бағалау, молекулалық биология, биотехнология зертханаларының жұмысымен;
өсімдіктердің генетикалық қорын сақтау және тиімді пайдалану мәселелерімен танысты.
Кездесу барысында генофондтың мәртебесін арттыру, тұрақты қаржыландыру мәселелері, сондай-ақ генофондты әлеуметтік танымал ету мен ұлттық деңгейде ілгерілету жөнінде маңызды пікірталастар ұйымдастырылды.
Еске сала кетейік, осы сапар аясында Зүлфия Сүлейменова бұған дейін Түркістан қаласында болып, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жұмысымен танысты. Ботаникалық баққа ағаш көшеттерін отырғызып, естелік тақтайша орнатуға қатысты.
Сонымен қатар, ол Зоология институтына барып, институттың жетекші ғалымдарымен биоалуантүрлілікті сақтау және Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру бойынша заманауи технологияларды қолдану мәселелерін талқылады.
Бұл жұмыс сапардың негізгі мақсаты – экологиялық дипломатияны дамыту, ғылыми бастамаларды қолдау және қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму салаларында ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.