Райымбек ауданында фермерлерге арналған оқу-тәжірибелік семинар өтті
Dark Mode
2025 жылдың 16–17 шілде күндері Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты «Алтын Дән» шаруа қожалығының аумағында фермерлерге арналған мазмұнды оқу-тәжірибелік семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға Райымбек ауданы әкімінің бірінші орынбасары Сатылғанов Самат Нақысбекұлы, аудан мен облыс фермерлері, агрономдар, ауыл шаруашылығы мамандары, салалық ұйым өкілдері қатысты.
Семинардың басты мақсаты – ауыл шаруашылығындағы заманауи әрі экологиялық таза технологияларды насихаттау, фермерлер арасында тәжірибе алмасу алаңын құру, кәсіби білім мен біліктілікті арттыру.
Күн тәртібінде органикалық егіншіліктің әдістері, топырақ құнарын сақтау жолдары, жаңа селекциялық будандардың ерекшелігі, көкөніс пен картоп өсірудегі тиімді технологиялар туралы тың ақпараттар ұсынылды.
Практикалық көрсетілімдер мен терең талдауларға толы бұл жиын қатысушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды болды. Фермерлер алдағы уақытта осындай семинарлардың жиі өтуін қолдап, өз алғыстарын білдірді.