Последние новости

Соңғы жаңалықтар

Тамыз 6, 2025

Венгриялық делегация ҚазЕжӨШҒЗИ келді

Dark Mode

Бүгін ҚазЕжӨШҒЗИ Венгрияның жетекші фермерлері мен агроөнеркәсіп өкілдерін біріктіретін Венгрия жүгері өндірушілерінің қауымдастығы өкілдері жұмыс сапарымен келді.

Сапардың басты мақсаты – Қазақстан ауыл шаруашылығының, әсіресе жүгері өндірісінің қазіргі жай-күйімен танысу. Аумағы шағын Венгриямен салыстырғанда, Қазақстанның кең байтақ жері делегация мүшелерін таңғалдырды. Еліміздің солтүстігі мен оңтүстігі арасындағы табиғи-климаттық айырмашылықтар да үлкен әсер қалдырды.

Кездесудің басты мәні – тәжірибе алмасу және өзара тиімді ынтымақтастық жолдарын қарастыру. Венгриялық сарапшылар Қазақстан жағдайына қандай әдістер мен тәжірибелерді бейімдеуге болатынын талқылап, өз кезегінде отандық фермерлерге қандай көмегі тиетінін зерттеуде.

Венгрия – Еуропадағы жүгері өндірісінің ірі ойыншыларының бірі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір жылдары өнім көлемі төмендеп, ел жүгеріні сырттан импорттауға мәжбүр болады. Ал Bonduelle және Cukk секілді танымал венгриялық брендтер консервіленген жүгері мен балық аулауға арналған жем өндірумен танымал.

Мұндай кездесулер – болашақтағы тұрақты әрі өзара тиімді әріптестіктің алғашқы қадамы деп сенеміз.

Визит венгерской делегации в КазНИИЗиР

Сегодня в КазНИИЗиР с рабочим визитом прибыла Ассоциация венгерских производителей кукурузы – объединение, в которое входят ведущие фермеры и агрокомпании Венгрии.

Цель визита – познакомиться с состоянием сельского хозяйства Казахстана, особенно с выращиванием кукурузы. Для венгров, которые работают на относительно компактной территории своей страны, огромные просторы Казахстана стали настоящим открытием. Их особенно удивили контрасты между севером и югом республики – климат, почвы, подходы к агротехнологиям.

Главная задача – обмен опытом и поиск точек соприкосновения. Венгерская сторона заинтересована в том, чтобы понять, как их практики могут быть адаптированы в казахстанских условиях, и чем, в свою очередь, они могут быть полезны нашим фермерским хозяйствам.

Венгрия – крупный игрок на европейском рынке кукурузы, хотя и подвержен рискам засух. В урожайные годы страна активно экспортирует, в менее удачные – импортирует кукурузу. Известные бренды, такие как Bonduelle и Cukk, производят кукурузу для пищевой промышленности и даже для рыбалки.

Мы уверены, что такие визиты – первый шаг к налаживанию устойчивого и взаимовыгодного партнёрства

#КазНИИЗиР#аграрное_сотрудничество#кукуруза#Венгрия#фермеры#Казахстан#агроинновации#международное_партнёрство


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X