Тамыз 1, 2025
Соңғы жаңалықтар
Бүгін Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Научный кентінде орналасқан А.И.Бараев атындағы АШҒӨО тәжірибелік алқаптарында «Ауыл шаруашылығы дақылдарын тұрақты өндіру және климатқа бейімделген егіншілік жүйесі» тақырыбында Дала күні өтті.
Іс-шараны «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ пен А.И.Бараев атындағы АШҒӨО бірлесіп ұйымдастырды. Дала күніне Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, аграрлық ғылыми мекемелердің өкілдері, отандық және шетелдік агрофирмалар, мемлекеттік органдар мен техникалар жеткізушілері қатысты.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан (ҚазЕжӨШҒЗИ) бұл шараға генофонд зертханасының меңгерушісі Таджибаев Д., сондай-ақ ғылыми қызметкерлер Байтаракова Қ., Кушанова Р. және Мұхтар Аширбеков қатысты.
А.И.Бараев атындағы АШҒӨО Дала күні аграрлық ғылымның соңғы жетістіктері мен инновациялық технологияларды көрсетуге арналған бірегей алаңға айналды. Бағдарлама аясында келесі бағыттар қамтылды:
Пленарлық отырыс, онда ұйымдастырушылар мен ресми тұлғалар құттықтау сөз сөйледі;
Далалық тур, оған мыналар кірді: жаздық бидайдың, жемшөптік, бұршақ тұқымдас, майлы, жарма және мал азықтық дақылдардың жаңа жоғары өнімді сұрыптарының егістіктерін көрсету; ағымдағы жылы қолданылып жатқан агротехнологиялармен тәжірибе жүргізіліп жатқан стационарларды аралау; селекция және тұқым шаруашылығына арналған заманауи техниканың көрсетілімі.
Қатысушылар ауыл шаруашылығы дақылдарын климаттық өзгерістерге бейімдеп өсіру бойынша жүргізілген көпжылдық зерттеулер нәтижелеріне және дәл егіншілік пен тұқым шаруашылығындағы практикалық шешімдерге ерекше қызығушылық танытты.
Іс-шара барысында орталық мамандары қатысушыларға өсімдіктерді өсіру технологиясы, сұрыптардың ерекшеліктері және тұқым шаруашылығы бойынша кеңес берді. Дала күні ғылым мен өндірістің өзара байланысын нығайтып, тәжірибе алмасуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік берді.
А.И.Бараев атындағы НПЦЗХ Дала күні Қазақстанның аграрлық болашағын қамтамасыз етуде ғылым мен инновацияның маңызды рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.