СЫНАУ ОРТАЛЫҒЫ

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС сынау орталығы (әрі қарай – «ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС СО) Қазақстан Республикасы техникалық реттеу жүйесінде ГОСТ ИСО/ХЭК 17025 – 2018 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне жалпы талаптар» сәйкестігіне, сынау саласында жұмыстар жүргізу құқығына аккредиттелген және 29.11.2023 жылғы № KZ.Т.04.1405 әрекет етуші аккредиттеу аттестаты бар.

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС СО құрамына кіретін зертханалар:

Тұқым сапасын сараптау зертханасы
Өнім сапасын сараптау зертханасы
ГМК құрамын сараптау зертханасы
Топырақ, өсімдік және жемшөпті сараптау зертханасы
Ауылшаруашылық сорттарын сәйкестендіру зертханасы
Танаптық дақылдардың өсімдіктері мен тұқымының ластануын сараптау зертханасы.
«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС СО басшылығы атынан сапа саласындағы негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының нормативті – құқықтық актілерінің негізгі ережелерін, соның ішінде «Техникалық реттеу туралы», «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы», «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» заңдарын жүзеге асыруын, сынау орталығының құзырына қатысты ГОСТ ИСО/ХЭК 17025 – 2018 талаптарына әрдайым сәйкес болуын мәлімдейді.

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС СО қызметінің негізгі бағыттары – Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары, мемлекетаралық және халықаралық стандарттарының талаптарына, техникалық регламенттерге және санитарлық ережелер мен нормалардың сәйкестігіне сынауларды жүргізу.

Мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес, шикізатты сынау түрлері:

– дән және оларды өңдеуден алынған өнімдердің сапа көрсеткіштеріне сынау жүргізу;

– тұқымның сұрыптық және егістік сапа көрсеткіштеріне сынау жүргізу;

– өсімдік үлгілерінің құрамында ГМК болуына сынау жүргізу;

– топырақты, өсімдіктерді және жемшөпті физикалық – химиялық сынау жүргізу;

– өздігінен тозаңданатын дәнді дақылдар сорттарын электрофорез әдісімен сәйкестендіру;

– ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының ауруларға шалдығуы мен зиянкестерді анықтау.

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС СО мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес сынауларды жүргізу үшін барлық ресурстарға ие, соның ішінде:

зертханалық бөлмелер;
өлшеу құралдары және сынау жабдықтары;
мемлекеттік стандартты үлгілер және аттестатталған қоспалар;
нормативті – құқықтық және нормативті – техникалық база;
құзырлы, тәжірибелі және білікті мамандар.
«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС сынау орталығының байланыс ақпараты:

«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС сынау орталығының басшысы: Рсымбетов Асхат Амангельдиевич

Мекенжайы: 040909, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы,

Алмалыбақ ауылы, Ерлепесов көшесі, 1 үй.

Тел./факс: +7 (727) 388-39-25, +7 (72771) 53-1-30.

E-mail: old.kazniizr@mail.ru Web: www.old.kazniizr.kz

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X