Қазан 28, 2021
Соңғы жаңалықтар
«Оңтүстік Агропаркі» жыл сайын ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын, озық агротехнологияларды, фитосанитарлық, цифрлық шешімдерді, ұтымды басқару тәжірибесін және өсімдік шаруашылығындағы басқа да жетістіктерді көрсететін, сынақтан өткізетін және енгізетін негізгі демонстрациялық алаң болып табылатыны белгілі. Қазіргі уақытта «Оңтүстік Агропаркінде» НАНОЦ жүйесінің ғылыми-зерттеу институттарының конорциумы жұмыс істейді.Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары «Оңтүстік Агропаркінде» күздік бидайдың отандық және шетелдік сорттарын сынау және көрсету мақсатында демонстрациялық тәлімбақ құрды, онда жергілікті сорттармен (Стекловидная 24, Мереке 70, Мамыр және т.б.) бірге Францияның (Евклид, Флоримон Депре) және Ресей сорттары (Безостая 100, Алексейич, Тихон) егілді. Әр сорттың егіс алаңы 1 гектар шамасында. Осындай өндіріске бейімделген жағдайда күздік бидайдың шаруашылық-құнды белгілерін салыстыра отырып, одан әрі өндіріске енгізу бағытында және тұқым көбейту үшін ең жақсы сорттарды таңдап алуға болады.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.