Последние новости

Соңғы жаңалықтар

Шілде 18, 2025

ҚазЕжӨШҒЗИ жанындағы сынақ орталығы фермерлер мен агроқұрылымдарға қызмет көрсетеді

Dark Mode

«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС жанында ауыл шаруашылығы саласында кең ауқымды зертханалық зерттеулер жүргізетін аккредиттелген Сынақ орталығы жұмыс істейді. Орталық 2023 жылғы 29 қарашада берілген № KZ.T.04.1405 аккредитация аттестаты негізінде қызмет атқарады және ГОСТ ISO/IEC 17025–2019 халықаралық стандарты талаптарына сай келеді.

Орталық құрамында бес зертхана бар:
– өнім мен тұқым сапасын талдау зертханасы;
– генетикалық түрлендірілген көздердің (ГМО) құрамын анықтау зертханасы;
– топырақ талдау зертханасы;
– ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын анықтау зертханасы;
– ауыл шаруашылығы дақылдары тұқымдарының фитопатологиялық, энтомологиялық және гербологиялық талдау зертханасы.

Сынақ жұмыстары келесі бағыттарда жүргізіледі:
• астық және оның өңделген өнімдерінің сапа көрсеткіштері бойынша талдау;
• тұқымдардың сорттық және егістік сапасын анықтау;
• өсімдік үлгілерінен ГМО көздерін анықтау;
• топырақтың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу;
• дәнді дақылдардың сорттық сәйкестігін электрофорез әдісімен анықтау;
• тұқымдардың аурулармен зақымдалуын және зиянкестермен ластануын бағалау.

Орталық заманауи жабдықтармен, өлшеу құралдарымен, химиялық реагенттермен, нормативтік-техникалық құжаттамамен және жоғары білікті мамандармен толық қамтамасыз етілген.

Барлық зерттеулер аккредиттелген сала аясында, белгіленген әдістемелік және технологиялық талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Байланыс ақпараты:
040909, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Ерлепесов көшесі, 1-үй
Тел./факс: +7 (727) 388-39-25, +7 (72771) 53-1-30
E-mail: kazniizr@mail.ru
Веб-сайт: www.kazniizr.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X