Последние новости

Соңғы жаңалықтар

Маусым 25, 2025

ҚазНИИЗиР-дің халықаралық ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді

Dark Mode

Біз бұған дейін 2025 жылдың 19 маусымында «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында өткен Дала күні жайлы хабарлаған болатынбыз. Бұл ауқымды салалық шара ғылым өкілдерін, агробизнес, мемлекеттік органдар, ҰАНАОЦ-тың еншілес ұйымдары мен Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен келген 200-ден астам фермерлік шаруашылықтарды бір алаңда тоғыстырды.

Дала күнінің басты оқиғаларының бірі – Қазақстан мен Шешен Республикасы арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуы болды. Бұл құжат аграрлық салада бірлескен зерттеулер жүргізуге, тәжірибе алмасуға және инновациялық технологияларды енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашты.

Атап өтерлігі – Шешен Республикасы Парламентінің АӨК, жер қатынастары, экология және табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Али Джебирович Гучиговтың атынан жолданған құттықтау хаты. Хатта ҚазНИИЗиР басқарма төрайымы Шолпан Оразқызы Бастаубаеваға институттың еңбегі мен жетістіктері жайлы жылы лебіздер айтылған:

– 1934 жылы құрылған Сіз басқаратын институт Қазақстан Республикасындағы егіншілік пен өсімдік шаруашылығы саласындағы жетекші ғылыми орталық ретінде лайықты беделге ие. 90 жылдық бай тәжірибе, жинақталған білім мен заманауи технологиялар Сіздердің мекемені ортақ ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы сенімді серіктеске айналдырады.

Меморандумның қабылдануы аграрлық ғылымды дамытудың жаңа перспективаларын ашады, озық технологияларды енгізуге, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге және елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Ең құндысы – біздің институттар арасындағы ынтымақтастық көпжылдық дәстүрлер мен заманауи ғылыми тәсілдерді үйлестіре отырып, жаңа сапаға көшуде. Ғылыми әлеуетті біріктіру айтарлықтай нәтижелерге жетуге, өңіраралық байланысты нығайтуға және халықаралық әріптестіктің тиімді үлгісіне айналуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Сізге және ҚазНИИЗиР ұжымына мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат, жаңа ғылыми жетістіктер мен алға қойған жоспарларды табысты жүзеге асыруды тілеймін, – делінген құттықтау хатта.

2025 жылғы Дала күні ҚазНИИЗиР-дің елдегі жетекші ғылыми орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. Институт халықаралық байланыстарын белсенді дамытып, отандық ауыл шаруашылығын өркендетуге елеулі үлес қосуда.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X