Последние новости

Соңғы жаңалықтар

Маусым 17, 2025

«Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілігін дамыту»

Dark Mode

2025 жылғы 19 маусым күні, сағат 8:30-да Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) Мемлекет басшысының 2060 жылға қарай Қазақстан Республикасының Климаттық орнықтылығын қамтамасыз ету және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, бірінші рет «Тұрақты ауыл шаруашылығы: органикалық және көміртекті егіншілігін дамыту» тақырыбында Егінжай күнін өткізеді.

Іс-шараның мақсаты – ауыл шаруашылығында тұрақты, ресурсты үнемдейтін және климатқа бейімделген модельдерге көшу мәселелері бойынша ғылыми қауымдастықтың, мемлекеттік органдардың, агробизнестің және халықаралық серіктестердің күш-жігерін біріктіру.

Егінжай күнінің негізгі мақсаттары:

– Қазақстанда көміртекті егіншілігін дамыту;

– көміртекті секвестрлеу және топырақ құнарлылығын қалпына келтіру бойынша инновациялық шешімдерді көрсету;

– органикалық секторды қолдаудың институционалдық тетіктерін талқылау.

-Қазақстандағы органикалық және көміртекті егіншіліктің болашағы.

1. Жаһандық климаттың өзгеруі және парниктік газдарды азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелер аясында көміртегі шаруашылығы аграрлық секторды дамытудың стратегиялық бағытына айналуда. Қазақстан кең ауыл шаруашылығы алқаптары мен топырақ-климаттық жағдайлары осал ел бола отырып, топырақтың жеделдетілген деградациясына, органикалық көміртегі құрамының төмендеуіне және агроценоздардың биоөнімділігінің сарқылуына тап болады.

2. Органикалық егіншілік – агроэкожүйелердің жай-күйі нашарлап бара жатқан жағдайда өзектілігі артып келе жатқан, синтетикалық тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдануды жоққа шығаратын тұрақты әдіс. Қазақстанда тиісті сертификаттау базасы болған жағдайда, органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға үлкен әлеует бар.

Климаттың қазіргі өзгеру үдерістері, топырақтың деградациясы және ауыл шаруашылығы ландшафттарының экожүйелік қызметтерінің тозуы агроөнеркәсіптік кешеннің жасыл трансформациясы аясында стратегиялық бағыт ретінде көміртекті және органикалық егіншілікке жүйелі көшу қажеттілігін қалыптастырып отыр.

Егінжай күні аясында көміртекті және органикалық егіншілікті дамытудағы негізгі сын-қатерлер талқыланады:

– агрожүйелердегі көміртек баланстарын верификациялаудың ұлттық жүйесін құру және көміртекті агроэкожүйелік сервистерді әзірлеу;

– Қазақстанның әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарына бейімделген көміртекті егіншілігіне арналған агротехнологиялар тізілімін жасау;

– ГАЖ (Геоақпараттық жүйелер), қашықтықтан зондтау және көміртектің биогеохимиялық айналымы модельдері негізінде көміртек баланстарын бақылау және верификациялау жөніндегі ұлттық кадастрлық жүйені қалыптастыру;

– климаттық тәуекелдер, топырақтың аймақтық ерекшеліктері мен агробиоәртүрлілікті ескере отырып, өңірлік бейімделген органикалық шаруашылық жүйелерін әзірлеу;

– аграрлық ұйымдар, орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары негізінде білім беру және агроэкологиялық платформа құру.

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарының әкімдері, сондай-ақ Ресейден келген халықаралық жетекші ғалым-сарапшылар, ғылыми және білім беру ұйымдарының басшылары, Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының өкілдері шақырылды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстанда көміртекті және органикалық егіншілікті дамытуға арналған ғылыми негізделген ұсыныстар мен оларды ұлттық деңгейде іске асыру тетіктерін қамтитын резолюция әзірленеді.

Өтетін күні: 2025 жылғы 19 маусым (бейсенбі), уақыты: 08:30

Өтетін орны: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Ерлепесов көшесі, 1, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты.

Қатысушылар мен БАҚ үшін жиналу орны мен уақыты: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 8, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Сағат 07:00-де

Аккредитация үшін байланыс: Алиханов Куантар Дауленович +7 (775) 943 0305


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X