Последние новости

Соңғы жаңалықтар

Маусым 30, 2025

Ауыл шаруашылығы ғылымына арналған маңызды басылым жарық көрді

Dark Mode

Ғылыми қауымдастық маңызды басылыммен толықты – 2025 жылғы 19–20 маусымда Алмалыбақта өткен «Ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясы, генетикасы және агротехнологиясы: жетістіктері мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы жарық көрді.

Жинақ ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚР ҰАҒ академигі Бастаубаева Ш.О. жалпы редакциясымен дайындалды. Редакциялық алқа құрамына саланың жетекші мамандары енді:
Мейірман Ғ.Т., Кененбаев С.Б., Оспанбаев Ж.О., Рсалиев Ш.С., Булатова К.М., Сарбаев А.Т., Искаков А.Р.

Басылым көлемі – 520 бет. ISBN 978-601-311-190-2.

Жинақ «Ауыл шаруашылық дақылдарының селекциясы, генетикасы және агротехнологиясы: жетістіктері мен даму перспективалары» тақырыбы бойынша дайындалған материалдар негізінде құрастырылып, 2024–2026 жылдарға арналған BR24892821 ғылыми-техникалық бағдарламасы аясындағы көпжылдық ғылыми еңбектердің нәтижелерін қамтиды. Бағдарлама «Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында дәнді дақылдардың өнімділік, сапа және стресске төзімділік әлеуетін арттыруға арналған селекция және бастапқы тұқым шаруашылығы» жобасы және «Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтары үшін дәнді дақылдардың жаңа сорттары мен будандарын классикалық селекция және биотехнология негізінде шығару және олардың тұқым шаруашылығы» (2025 жыл) жобасы бойынша жүзеге асырылуда.

Жинақ материалдары ауыл шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының өзекті мәселелеріне, биотехнология, селекция және ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің заманауи агротехнологиялары саласындағы жетістіктерге арналған. Басылым ғалымдарға, аграрлық сала мамандарына, тәжірибелі мамандарға және ауыл шаруашылығы ғылымы мен өндірісінің дамуына қызығушылық танытқан барлық жандарға пайдалы болмақ.

https://kazniizr.kz/wp-content/uploads/2025/06/sbornik-materialov-konferenczii-ot-19-20.06.2025-1-1-1.pdf


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X