Monthly Archives: Октябрь 2021

249474651_4589918937734595_5994531322158090150_n

В ДЕМОНСТРАЦИОННОМ ПОЛИГОНЕ «АГРОПАРКЕ ОҢТҮСТІК» ПРОВЕДЕН ПОСЕВ СЕМЯН ОЗИМОЙ ПШЕНИЦЫ

Как известно «Агропарк Оңтүстік» является основным демонстрационным полигоном, в котором ежегодно проводится показ, испытание и внедрение новых сортов и гибридов сельскохозяйственных культур, передовых агротехнологий, фитосанитарии, цифровых решений, рациональных методов хозяйствования и других достижений в растениеводстве. В настоящее время в «Агропарке Оңтүстік» действует консорциум​ научно-исследовательских институтов системы НАО НАНОЦ.С целью испытания и демонстрации отечественных и зарубежных сортов озимой пшеницы учеными Казахского НИИ земледелия и растениеводства заложен демонстрационный питомник, где наряду с местными сортами (Стекловидная 24, Мереке 70, Мамыр и другие) посеяны французский (Евклид, Флоримон Депре) и российские сорта (Безостая 100, Алексейч, Тихон). Площадь посева каждого сорта составляет​ в пределах 1 га. В таких, приближенных к производственным, условиях можно сравнивать хозяйственно-ценные признаки озимой пшеницы и отбирать лучшие сорта для дальнейшего внедрения в производстве и для размножения семян.​

В СТАЦИОНАРЕ КАРОЙ ЗАВЕРШЕН ПОСЕВ СЕМЯН ОЗИМОЙ ПШЕНИЦЫ

В стационаре «Карой» Казахского НИИ земледелия и растениеводства закончен посев селекционных номеров озимой пшеницы. Стационар «Карой» находится в 45 км от районного центра Каскелен в сторону Караганды и является главным местом проведения отбора зерновых культур на засухоустойчивость. В данном стационаре в разные горды были созданы шедевры отечественной селекции – сорта озимой пшеницы Богарная 56, Стекловидная 24 и другие жаро- и засухоустойчивые сорта.В этом году в стационаре заложены все селекционные питомники по созданию засухоустойчивых сортов пшеницы (СП1, F1, ПСИ, КП, СП2, КСИ), а также питомник по испытанию сортов озимой пшеницы отечественной и зарубежной селекции (Россия, Франция). Посев семян произведен специальной селекционной сеялкой Винтерштайгер, Австрия с трактором Юто, оснащенный навигационной системой посева. Данная система позволяет провести ровный посев семян даже в темное время суток.

В КАЗНИИЗИР ИДЕТ ПОСЕВ СЕМЯН ОЗИМЫХ ЗЕРНОВЫХ КУЛЬТУР

В эти дни на селекционных стационарах Казахского НИИ земледелия и растениеводства полным ходом идет посев – озимой пшеницы, озимого тритикале и озимого ячменя. Для посева используются специальные селекционные сеялки Винтерштайгер, Австрия с трактором Юто, оснащенный навигационной системой посева, а также сеялка Венс Тудо, Бразилия с трактором Байконур. Ясные солнечные дни после долгожданных осадков создают хорошие условия для проведения осенних посевных работ и для селекции и для семеноводства озимых зерновых культур.

244630830_4543251379068018_7743041584754895047_n

Началась уборка сахарной свеклы

Сегодня, 13 октября 2021 года, в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства началась уборка сахарной свеклы. В рамках исследовательских проектов института эта культура была посеяна на нескольких участках, включая агрохимические эксперименты в стационаре монокультуры и исследования по созданию новых гибридов и по производству семян сахарной свеклы в селекционном стационаре. Вся эта работа требует уборки, изучения и хранения корнеплодов сахарной свеклы. В уборке сахарной свеклы, организованной руководством института в качестве всеобщего субботника, приняли участие более 100 сотрудников организации. После приема горячего обеда на свежем воздухе, приготовленного работниками производственного отдела, весь коллектив института до вечера выполнили запланированный объем работы.

164903012_3941993285860500_5359807302376881922_n (2)

ҒҰМЫРЫН ҒЫЛЫМҒА АРНАҒАН ЖАН ЕДІ

Ш. Бастаубаева, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС басқарма төрағасы

А. Ысқақов, биология ғылымдарының докторы

Өткен жылдың 11- қазанында бақилық болған әріптесімізден айырылып ғылым атты әлемде Айгүлсіз сапар шегіп келе жатқанымызға тура бір жыл толып отыр. Дана халқымыздың «жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген адамды ізгі істерге бастайтын қанатты сөздері бар. Бүкіл саналы ғұмырын ғылымға қызмет етуге арнаған белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, агрономия профессоры Айгүл Ізтелеуқызы Абугалиеваны еске алғанда осы тәмсілдің шынайылығына тағы бір рет көз жеткізесің. Еліміздің агробиология ғылымына өзінің айшықты үлесін қосып, халықаралық аренада абыройын асқақтатып жүрген құрбымыз кенеттен қайтпас сапарға аттанғанда жаратқанның бұйрығына мойын сұнып, өзімізді өзіміз сабырға шақырдық, ғылым әлемінде осындай абзал жанмен тоғысып әріптес болғанымызға шүкіршілік қылдық, өзімізге жақсы ғалым тұлғасының қыр сырларын танып, өскелең жастарға үлгі қылып айтып жүруді парыз санадық, өстіп өзімізді жұбаттық. «Тектіден текті туады» деген халқымыздың тағы бір дана сөзінің де Айгүл Ізтілеуқызына қатысы бар. Ол 1959 жылы 20 тамызда белгілі ғалым, ғылымды ұйымдастырушы Ізтелеу Әбуғалиұлы Әбуғалиевтің отбасында дүниеге келді, ал нағашы атасы халқымыздың рухани өмірінде өзінің өшпес таңбасын қалдырған Елубай Өмірзақов. 1976 жылы Алмалыбақ ауылының орта мектебін бітірген болашақ ғалым С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) биология факультетіне түсіп, оны1981 жылы үздік бітіріп, Қазақ егіншілік ғылыми зерттеу институтына жұмысқа тұрады, аспирантурасына түседі. Оның ғылымдағы жолбасшысы Одаққа танымал биохимик ғалым Юрий Викторович Перуанский болды, білікті ұстаз дарынды шәкіртінің ғылымның енді дамып келе жатқан жаңа қызықты саласын зерттеуге бағыт береді, молекулалық биология, биохимия және биотехнология саласы бойынша бағалы бидай дақылын зерттеген жас ғалым 1985 жылы М.А. Айтхожин атындағы Молекулалық биология және биохимия институтында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, ғылым кандидаты деген дәреже алады, ал 1994 жылы селекция және тұқым шаруашылығы және биохимия бойынша докторлық диссартация қорғайды. Айгүл Ізтілеуқызының ғылымдағы өмірі Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми -зерттеу институтында өтіп, онда кіші ғылыми қызметкерден бастап институттың бас директорына дейін ғылымның барлық сатыларымен көтеріледі. Сондай ақ 1998 жылдан бастап ол ғылыми жұмысты оқытушылық жұмыспен де біріктіреді, ол Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (Алматы) селекция, тұқым шаруашылығы және биотехнология кафедрасының профессоры болды. Ол сондай — ақ ғылымды өндіріспен байланыстыруға да үлкен көңіл бөліпғ 2004-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік салық инспекциясының ауыл шаруашылығы дақылдарын сапалы бағалау мен сәйкестендіру жөніндегі орталық зертханасын да басқарады. Ұзақ уақыт бойы Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі болды. Айгүл Ізтелеуқызы әлемнің жетекші ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға белсенді қатысып, көптеген халықаралық конференцияларда баяндамалар жасады, түрлі сарапшылық кеңестер мен комиссияларға қатысты. 2001 жылы ол Жүгері мен бидайды жақсарту жөніндегі халықаралық орталықта (CIMMYT, Мексика), 2006 жылы Халықаралық ауылшаруашылық зерттеулер бойынша консультативтік топтың орталығында тағылымдамадан өтті. Ол Халықаралық Ғылым мен Ақпараттық Желінің мүшесі, астық сапасы бойынша сарапшы (CIMMYT-CAC, 1995 ж.), INTAS Ғылыми Кеңесінің мүшесі (ЕО, Бельгия, 2002-2006) болды. Қуаңшылық аймақтарда ауылшаруашылық зерттеулер орталығымен (ICARDA) тығыз байланыста болып, көптеген бірлескен жобаларды жүзеге асырады. Айгүл Ізтелеуқызы ЕО INTAS, Дүниежүзілік банк пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, CIMMYT-GTZ-Қазақстан, Қазақстан-Австралия, ICARDA-FAO және тағы басқа жобаларға жетекшілік етті. Ол Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы дақылдарын селекциялауда молекулалық -генетикалық маркерлердің әр түрін қолдану бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысты. Қазақстандағы бидай дәнінің сапасына арналған Айгүл Ізтелеуқызының зерттеулерінде экспорттаушы елдердің талаптарына сәйкес оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін анықтауға ерекше орын берілген. Айгүл Ізтелеуқызы 2000 жылы құрылған және қазіргі уақытта Ресей мен Қазақстанда 22 асыл тұқымды бағдарламаны біріктіретін Қазақ-Сібір жаздық бидайды жақсарту желісінің (KASIB) табысты жұмыс істеуін ұйымдастыруда шешуші рөл атқарды. KASIB бүгінгі күнге дейін табысты жұмыс жасауда. Соңғы жылдары ол бидайдың және оның туыстарының басқа түрлерімен алыстан будандастыруына байланысты бидайдың генетикалық әртүрлілігін (герплазмасын) кеңейтуге көп көңіл бөлді. Осы зерттеулердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы үшін негізгі ауруларға төзімді және жоғары сапалы астыққа ие болашағы жоғары жоғары өнімді линиялар алынды. А.И. Абугалиева бидай бойынша халықаралық жобалар мен зерттеулерге, ірі форумдар мен конгрестерге қатысып, қазақстандық ғылымның жетістіктерін әлемде насихаттауға елеулі үлес қосты. 1992 жылдан бастап Айгүл Ізтелеуқызы Халықаралық астық ғылымы мен технологиясы қоғамының (ICC, Вена, Австрия) мүшесі, 2016 жылдан бастап өңдеу және сауықтыру үшін бидайдың сапасын жақсарту бойынша сараптамалық жұмыс тобының мүшесі. 2017–2019 жылдары А.И. Абугалиева жаздық бидайдың астық иономикасын зерттеу бойынша Еуропалық өсімдіктердің фенотиптік платформасы жобасын басқарды. Профессор А.И. Абугалиева «Шәкіртсіз ғалым тұл» деген қағидаға да ерекше мән беріп, ғылым жолындағы ізбасарларын дайындауға үлкен көңіл бөледі, ол бір ғылым докторын, сегіз ғылым кандидатын және екі PhD дайындады. Сонымен бірге зерттеу жұмыстары нәтижесін хатқа түсіруге де баса назар аударып, 800 -ден астам ғылыми жұмыстың, соның ішінде 9 монографияның, селекциялық жетістіктерге берілген 15 патент пен өнертабысқа берілген 4 патенттің және Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы дақылдарының 35 сортының авторы атанады. Ол 2016 жылы Парижде шыққан Оңтүстік Қазақстанда бидай өсіру мен өсіру тарихына арналған әйгілі әлемдік бидай кітабының 3 -томына тарау жазды.Ғалымның еңбектері атаусыз қалмай әртүрлі сыйлықтармен марапатталған, Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің (1986), Жастар одағы мен Қазақстан Республикасы кәсіпкерлер конгресінің (1995) лауреаты. Ғылым мен техниканың дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының (2000-2002 жж.), «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ «Парасат» сыйлығының иегері. Өсімдіктердің генетикалық ресурстар коллекциясын сақтаудағы ерекше еңбегі үшін ВИР академик Н.И. Вавилов (2012 ж., РФ) медалімен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Тың жерлерді игеруге 60 жыл» медалімен (2014 ж.), «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» (2014 ж.) белгісімен марапатталады.Ғалымдығымен бірге Айгүл Ізтелеуқызы өзінің сүйікті жұмысына шынайы берілгендігімен ерекше еді, ол көпшілікке жанашыр, мейірімді бола білді, айналасын әзіл қалжыңымен, өзінің турашылдығымен баурап алатын. Өмірлік серігі биология ғылымдарының докторы Владимир Савиннен ерте айырылғанда мұқалмай рухани батылдық көрсетті, екі ұлды тәрбиелеп өсірді, үлкен ұлы Тимур Владимирұлы ғылым жолын таңдап ата -анасының лайықты ізбасары болып абыроймен қызмет етуде. Институтымыздың ұжымы Айгүл Ізтелеуқызының жарқын бейнесін қастерлеп, жақсы атын әрқашан құрметтейді және ол жасап кеткен еңбектерін болашақта лайықты түрде дамытуға күш салады.

244442281_4526419760751180_2182760764468004068_n

В КАЗНИИЗИР ИДЕТ ПРОТРАВЛИВАНИЕ СЕМЯН ОЗИМЫХ КУЛЬТУР

В эти дни на складах и лабораториях Казахского НИИ земледелия и растениеводства полным ходом идут работы по протравливанию семян зерновых культур – озимой пшеницы, озимого тритикале и озимого ячменя. Семена зерновых культур перед обработкой протравителями были тщательно подготовлены – откалиброваны, очищены от семян сорных растений, мертвого сора. При высоком уровне чистоты семян обеспечивается высокое качество протравливания – свыше 90%.В качестве протравителя используется смесь препаратов Виал Траст 0,4 л/т + Табу 0,4 л/т. Виал Траст высокоэффективен против широкого спектра заболеваний проростков и всходов. На зерновых культурах это виды головни, гельминтоспориозные и фузариозные корневые гнили, плесневение семян, фузариоз, ржавчина и септориоз (на ранних фазах). Табу – инсектицид для протравливания семян зерновых культур против комплекса вредителей всходов (хлебные блошки, внутристеблевые мухи, хлебная жужелица). Совместное использование протравителей ВиалТраст и Табу обеспечивает комплексную защиту от опасных патогенов и вредителей на высоком уровне.

243819827_4514709298588893_6975857758970348205_n

ПОДГОТОВКА ПОЧВЫ ДЛЯ ПОСЕВА ОЗИМЫХ ЗЕРНОВЫХ КУЛЬТУР

В эти дни в КазНИИЗиР после влагозарядкового полива почвы идут подготовительные работы для посева озимых зерновых культур. Подобраны и протравлены семена озимой мягкой и твердой пшеницы, озимого тритикале и озимого ячменя как для селекционных питомников (родительские формы, питомники гибридизации и гибридных популяций), так и семеноводческих посевов (питомники сортоиспытания, размножение семян, демонстрация сортов) и другие питомники. Проведены соответствующие обработки почвы (вспашка, дискование и культивация, компакторная и другие виды обработки).

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X