Последние новости

Соңғы жаңалықтар

Серік Абаев: «Біздің инновациялар аграрлық секторды климаттық өзгерістерге бейімдеуге көмектеседі»

ҚазЕжӨШҒЗИ-тың инновациялар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Серік Абаев институттың өткен жылғы негізгі жетістіктері, жаңа технологияларды енгізу және 2026 жылға арналған жобалар туралы толық баяндады. Арнайы назар қазіргі климаттық жағдайлардың ауыл шаруашылығы процестеріне әсеріне және институттың аграрлық секторға бейімделу шешімдерін ұсынуға дайын болуына аударылды.

– Серік Сарыбаевич, қандай негізгі нәтижелерге қол жеткіздіңіздер инновациялар мен ғылыми зерттеулер саласында өткен жылы? Аграрлық кәсіпкерлер үшін қайсысы ең өзекті болды?

– Өткен жылы КазЕжӨШҒЗИ тұрақты агроөнеркәсіп кешенінің дамуына бағытталған ғылыми зерттеулерді енгізу саласында маңызды нәтижелерге қол жеткізді:

Бидай, жүгері және сорго тұқымдарын бастапқы өңдеу және тазалау бойынша инновациялық орталықты ашу. Бұл қадам ғылыми зерттеулерді ауыл шаруашылығына енгізу бағытында маңызды. Өндірістік қуаттарды енгізу тұқымдардың сапалы дайындалуына, кондиционалдығына және аймақтық жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік береді. Бұл өнімділікті арттыруға, егістік тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тұқым шаруашылығын дамытуға және импорттық тұқымдық материалға тәуелділікті азайтуға ықпал етеді.

Органикалық тұқым шығаратын цехты ашу. Бұл қадам тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту және экологиялық таза өндірісті қолдау мақсатында жасалды. Цехта химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтер қолданылмайтын тұқым шығарылады, бұл органикалық егіс талаптарына сәйкес келеді және экологиялық қауіпсіз өнімге сұранысы жоғары фермерлер үшін маңызды.

Жаңа адаптивті сорттар, гибридтер және агротехнологияларды енгізу. Бұл тәжірибелік енгізулер аграрлық өндірісте өнімділікті арттыруға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Дала күндері, семинарлар, вебинарлар және демонстрациялық көрсетілімдер өткізу. Бұл іс-шаралар институттың селекция және агротехнология саласындағы соңғы жетістіктерін көрсетеді, ғалымдар мен аграрлық кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасуға, ғылыми әзірлемелерді өндірісте қолдануды талқылауға мүмкіндік береді.

– 2025 жылы жаңа технологиялар немесе цифрлық шешімдер енгізілді ме? Олардың шаруашылыққа практикалық әсері қандай?

– Иә, 2025 жылы ауыл шаруашылығында бірнеше жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдер енгізілді:

Генбанктегі тұқымдардың электронды есебі (GRIN-Global жүйесі):

Коллекциялық үлгілерді орталықтандырылған сақтау және өңдеу;

Селекционерлер мен зерттеушілер үшін деректерге қолжетімділікті жеңілдету;

Тұқым қозғалысының көрінетіндігін арттыру;

Халықаралық деңгейде генетикалық материалды алмасуды оңайлату.

GPS-навигация және спутниктік мониторинг – агротехникалық операциялардың дәлдігін арттыру;

Цифрлық топырақ карталары – тыңайтқыштарды енгізу нормаларын оңтайландыру және севооборотты жоспарлау;

Ақылды суару және сенсорлық технологиялар – су үнемдеу және полив тиімділігін арттыру;

Дрондарды пайдалану – агромониторинг және өсімдіктердің NDVI индексін есептеу;

Параллельді жүргізу жүйесі – ауылшаруашылық техниканы дәлірек басқаруға арналған цифрлық технология;

Цифрлық тұқымдарды бақылау пилоттық жобасы – ҚазЕжӨШҒЗИ базасында деректер базасы және тестілік платформа енгізілуде.

– 2026 жылы институттың басты инновациялық жобалары қандай? Жаңа бағыттар бар ма немесе бұрынғы жобаларды жалғастыру көзделген бе?

– Иә, жаңа пилоттық жобалар мен коммерциализация бағытында бірнеше бастамалар жоспарланған:

Ғылыми-зерттеу жобалары – Ғылым қоры арқылы коммерциализация;

Халықаралық серіктестік – жаңа жобаларды іске асыру, ғылыми институттармен ынтымақтастықты кеңейту;

Демонстрациялық алаңдар – ауылшаруашылық өндірушілерде жаңа сорттар мен технологияларды тәжірибеде көрсету.

Бұл алаңдар аграрлық кәсіпкерлерге жаңа сорттар мен агротехнологиялардың өнімділігін, тұрақтылығын және экономикалық тиімділігін нақты жағдайда бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олар ғалымдар, фермерлер және бизнестің өкілдері арасында тәжірибе алмасуға жағдай жасайды.

– Қазіргі климаттық жағдайларды ескерсек – Алматыда қазір жылы қыс, оның ауылшаруашылық жоспарларына әсері қандай?

– Аномалды жылы қыс аграрлық жоспарларға елеулі түзетулер енгізеді:

Қар жамылғысының болмауы топырақтағы ылғал қорын азайтады, бұл күзгі дақылдардың дамуына әсер етуі мүмкін;

Ерте еріп, кейінгі қатты аяздар қайталауы өсімдіктердің мұздан өлу қаупін арттырады.

Ғылыми тұрғыдан, мұндай ауа райы ауытқулары егіншілік технологияларын бейімдеуді, стресс жағдайына төзімді сорттарды таңдауды, егістіктің жағдайын бақылауды қажет етеді. Жылы қыс салдарынан егістік жұмыстары 1,5–2 апта ерте басталуы мүмкін. Институт агротехникалық ұсыныстарға түзетулер енгізуде, соның ішінде суыққа төзімді дақылдарды көбейтуге көңіл бөлінуде.

– ҚазЕжӨШҒЗИ аграрлық кәсіпкерлерге климаттық өзгерістерге бейімделуге қандай ұсыныстар бере алады?

– Институт келесі бағыттарды ұсынады:

Қуаңшылыққа төзімді және жарыққа төзімді дақылдарды енгізу;

Адаптивті ландшафттық жүйелерді қолдану – жаңа технологиялар мен егіс әдістерін пайдалану;

Биологизация және диверсификация – топырақ құнарлылығын сақтау, химиялық препараттарға тәуелділікті азайту;

Минималды және нөлдік өңдеу технологиялары – ылғалды сақтау;

Егіс мерзімдерін оңтайландыру және адаптивті дақылдарды таңдау.

Негізгі мақсат – аграрлық секторға практикалық пайда әкелу және тұрақты даму қамтамасыз ету.

Серик Абаев: «Наши инновации помогают аграриям адаптироваться к климатическим вызовам»

Заместитель председателя правления по инновациям КазНИИЗиР Серик Абаев подробно рассказал о ключевых достижениях института за прошлый год, внедрении новых технологий и проектах на 2026 год. Особое внимание было уделено влиянию текущих климатических условий на сельскохозяйственные процессы и готовности института предлагать аграриям адаптивные решения.

– Серик Сарыбаевич, какие ключевые результаты в сфере инноваций и научных разработок КазНИИЗиР вы бы выделили по итогам прошлого года? Какие из них оказались наиболее востребованными аграриями?

– Прошлый год был для нас особенно насыщенным и продуктивным. Мы смогли добиться значимых результатов в области внедрения научных разработок, которые напрямую влияют на устойчивое развитие агропромышленного комплекса Казахстана.

Особенно хочу выделить открытие инновационного центра по первичной обработке и очистке семян кукурузы и сорговых культур. Для нас это не просто оборудование или лаборатория – это реальный мост между наукой и практикой. Возможность качественно подготовить семена, повысить их кондиционность и адаптацию к конкретным климатическим условиям региона позволяет фермерам рассчитывать на более высокую урожайность, а институту – продвигать семеноводство внутри страны и уменьшать зависимость от импортного материала.

Другой важный шаг – это цех по производству органических семян сельскохозяйственных культур. В наше время спрос на экологически чистую продукцию растет, и фермеры всё чаще ориентируются на органическое земледелие. Наш цех выпускает семена без химических удобрений и пестицидов, что делает их безопасными и конкурентоспособными на рынке.

Кроме того, мы внедрили новые адаптивные сорта, гибриды и агротехнологии, которые помогают аграриям получать стабильные результаты даже в сложных климатических условиях. И, конечно, мы продолжили традицию Дней поля, семинаров, вебинаров и демонстрационных показов, где фермеры могут лично увидеть работу новых технологий, задать вопросы нашим ученым и обсудить, как лучше применять научные разработки в своих хозяйствах. Эти мероприятия уже стали эффективной платформой для обмена опытом и прямого диалога с аграриями.

– Удалось ли в 2025 году внедрить новые технологии или цифровые решения в растениеводстве и земледелии? Каков их практический эффект для сельхозпроизводителей?

– Да, 2025 год стал годом активного внедрения цифровых и технологических инноваций в аграрную практику. Одним из наиболее значимых проектов стала система электронного учета данных о семенах в генбанке на базе платформы GRIN-Global. Эта международная система позволяет централизованно хранить информацию о коллекционных образцах, обеспечивает селекционерам и исследователям удобный доступ к данным, повышает прозрачность и прослеживаемость движения семян и облегчает международный обмен генетическим материалом.

Кроме того, мы активно применяем GPS-навигацию и спутниковый мониторинг, что позволяет повысить точность всех агротехнических операций, от посева до уборки урожая. Введены цифровые почвенные карты, которые помогают оптимизировать нормы внесения удобрений и планирование севооборотов, а также умное орошение и сенсорные технологии, позволяющие экономить воду и значительно повышать эффективность полива.

Не могу не отметить внедрение дронов для агромониторинга, с помощью которых мы рассчитываем NDVI-индекс растений и отслеживаем состояние посевов в реальном времени. Также применяется система параллельного вождения сельхозтехники, что обеспечивает точное управление траекторией машин и минимизирует потери.

И, наконец, мы запустили пилотный проект по цифровой прослеживаемости семян, который сейчас тестируется на базе ТОО «КазНИИЗиР». Все эти решения помогают фермерам оптимизировать работу, сократить затраты и повысить эффективность производства, делая аграрный сектор более технологичным и устойчивым к внешним факторам.

– Какие приоритетные инновационные проекты институт планирует реализовать в 2026 году? Есть ли новые направления или фокус на уже запущенные разработки?

– В этом году мы продолжаем развивать как уже проверенные, так и совершенно новые проекты. Среди приоритетов –пилотные проекты по коммерциализации научных разработок, которые поддерживает Фонд науки. Мы также планируем расширять сотрудничество с международными партнёрами и другими научными институтами, обмениваться опытом и внедрять передовые технологии на практике.

Ежегодно мы создаем демонстрационные площадки на фермерских хозяйствах, где аграрии могут оценить продуктивность новых сортов, устойчивость растений и экономическую эффективность технологий. Эти площадки – не просто научные экспозиции, это реальные полигоны для тестирования и обмена опытом, где ученые, фермеры и представители бизнеса обсуждают все нюансы внедрения инноваций. Такой подход позволяет ускорить распространение технологий и укрепить конкурентоспособность отечественного агропромышленного комплекса.

– С учётом текущих погодных условий, в Алматы сейчас наблюдается тёплая зима. Как вы оцениваете влияние климата на сельскохозяйственные планы и научные прогнозы на предстоящий сезон?

– Аномально тёплая зима, которую мы наблюдаем в Алматы, вносит свои коррективы. Недостаток снежного покрова снижает запас влаги в почве, что может негативно сказаться на весеннем развитии озимых культур. Кроме того, ранние оттепели и возможные возвратные заморозки создают риск вымерзания растений.

С научной точки зрения, такие климатические отклонения требуют адаптации технологий земледелия, использования более устойчивых к стрессовым условиям сортов, а также усиленного мониторинга состояния посевов. Мы прогнозируем, что весенне-полевые работы могут начаться на одну–две недели раньше обычного срока. В связи с этим уже внесены изменения в агротехнические рекомендации для хозяйств, включая пересмотр структуры посевных площадей и расширение посевов более засухоустойчивых культур.

– Готов ли КазНИИЗиР предлагать аграриям адаптационные решения в условиях изменяющегося климата? Какие технологии или рекомендации могут быть актуальны уже в этом году?

– Безусловно, мы готовы предложить практические решения для адаптации к климатическим изменениям. Среди них:

Внедрение засухоустойчивых и жаростойких сортов сельскохозяйственных культур;

Формирование и практическое применение адаптивно-ландшафтных систем земледелия, а также современных технологий на богарных и орошаемых землях юга и юго-востока страны;

Биологизация и диверсификация растениеводства, что помогает сохранить плодородие почв и снизить зависимость от химических удобрений и средств защиты;

Применение технологий минимальной и нулевой обработки почвы для сохранения влаги;

Оптимизация сроков сева и выбор адаптированных культур с учётом прогноза погодных условий.

Наша главная цель – обеспечить аграриям практическую пользу, поддерживать устойчивое развитие сектора и сделать отечественное сельское хозяйство более современным, технологичным и конкурентоспособным.

@agro__press @nasec.kz

ҚазЕжӨШҒЗИ тұқым зауыты туралы «Қазақстанская правда» газетінде материал жарық көрді

Республикалық «Қазақстанская правда» газетінде Алматы облысы Алмалыбақ ауылында Қазақстанның егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЕжӨШҒЗИ) базасында жоғары сапалы жүгері гибридтері мен сорго дақылдарының тұқымын өндіретін зауыттың іске қосылуы туралы материал жарияланды.

Мақалада отандық фермерлерді сапалы тұқым материалымен қамтамасыз етуге бағытталған жобаның маңызы баяндалады. Зауытта Чехия мен Қытайдан жеткізілген заманауи технологиялық желі орнатылған. Бұл желі тұқымды кептіруден бастап, бастыру, калибрлеу және ыңғайлы қаптамаға салуға дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өндірістік желінің сағатына үш тоннаға дейін өнім өңдеу қуаты бар екені, сондай-ақ жүгері өсірумен айналысатын аграрийлердің сұранысына қарай бұл көрсеткішті арттыру мүмкіндігі атап өтілген. Шағын көлеміне қарамастан, бұл – тұқым дайындау сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін толыққанды өндіріс орны.

Сондай-ақ ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдарының құрғақшылыққа, ауруларға және топырақтың тұздануына төзімді жүгері гибридтері мен сорго, судан шөбі, могар секілді дақыл сорттарын енгізуге ерекше көңіл бөлетіні айтылған. Жобаның іске қосылуы өңірлік даму үшін стратегиялық маңызға ие және мал азықтық дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуге бағытталған.

Материалда ТОО «Қазақстанның егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаеваның пікіріне де орын берілген. Оның айтуынша, жоба алдымен ғылыми тұрғыда әзірленіп, кейін «Ғылым қоры» АҚ арқылы қаржылық грантқа ие болған. Қосымша қаражат институттың өз қаражаты есебінен бөлініп, нәтижесінде бес оңтүстік өңірді жүгері тұқымымен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болған.

Зауыттың ашылу салтанатына ҰАҒБО Басқарма төрағасының орынбасары Максим Сутула, облыстардың өкілдері, «Ғылым қоры» АҚ, ғалымдар, кәсіпкерлер мен фермерлер қатысқаны да атап өтіледі. Қор өкілдері мұндай жобаларды қолдау агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басым бағыты екенін жеткізген.

Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз: https://kazpravda.kz/n/gibridy-stanut-dostupnee/

Запуск семенного завода в КазНИИЗиР: материал вышел в «Казахстанской правде»

В республиканской газете «Казахстанская правда» опубликован материал о запуске завода по производству высококачественных семян гибридов кукурузы и сорговых культур в селе Алмалыбак Алматинской области на базе Казахстанского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР).

В статье рассказывается о значимости проекта, направленного на обеспечение отечественных фермеров качественным семенным материалом. На заводе установлена современная технологическая линия, поставленная из Чехии и Китая, которая позволяет осуществлять полный цикл обработки семян – от сушки и обмолота до калибровки и фасовки в удобную тару.

Отмечается, что производственная линия способна перерабатывать до трёх тонн продукции в час. При этом, в зависимости от потребностей аграриев, специализирующихся на выращивании кукурузы, её мощность может быть увеличена. Несмотря на компактные размеры, предприятие представляет собой полноценное производство, значительно повышающее качество подготовки семян к посеву.

Также подчёркивается, что учёные КазНИИЗиР уделяют особое внимание внедрению гибридов кукурузы и сортов сорговых культур, включая сорго, суданскую траву и могар, отличающихся устойчивостью к засухе, болезням и повышенному содержанию солей в почве. Запуск проекта имеет стратегическое значение для регионального развития и направлен на расширение посевных площадей кормовых культур.

В материале приведено мнение Председателя правления ТОО «Казахстанский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» Шолпан Бастаубаевой. По её словам, проект был разработан научными специалистами института и впоследствии получил финансовый грант через АО «Фонд науки». Дополнительно были привлечены собственные средства института, что позволило создать производственные мощности для обеспечения семенами кукурузы пяти южных регионов Казахстана.

Также отмечается, что в церемонии запуска завода приняли участие заместитель председателя НАНОЦ Максим Сутула, представители областей, АО «Фонд науки», учёные, бизнесмены и фермеры. Представители фонда подчеркнули, что поддержка подобных проектов является одним из приоритетных направлений развития агропромышленного комплекса страны.

Подробности читайте по ссылке: https://kazpravda.kz/n/gibridy-stanut-dostupnee/

@agro__press @nasec.kz

Қазақстандық ғалымдар жаңа тұқым түрлерін шығарды – «Жібек Жолы» сюжеті

Республикалық телеарна «Жібек Жолы» арнасында «Қазақ ғалымдары жаңа тұқым түрлерін шығарды» атты сюжет шықты. Сюжетте Қазақстандық ғалымдардың жаңа тұқым түрлерін әзірлеу жұмыстары баяндалған.

Толығырақ мына сілтеме арқылы оқыңыз: https://jjtv.kz/…/kazak-galymdary-zhana-tukym-turlerin…

Казахстанские учёные вывели новые сорта семян – сюжет на «Жибек Жолы»

На республиканском телеканале «Жибек Жолы» вышел сюжет под названием «Қазақ ғалымдары жаңа тұқым түрлерін шығарды», посвящённый разработке казахстанскими учёными новых сортов семян.

Подробности читайте по ссылке: https://jjtv.kz/…/novyy-etap-razvitiya-semennogo…

@agro__press @nasec.kz

ҚазЕжӨШҒЗИ-да органикалық тұқым өндіретін жаңа цех ашылды

2025 жылғы 23 желтоқсанда ауыл шаруашылығы дақылдарының органикалық тұқымдарын өндіруге арналған жаңа цехтың ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының президенті Ахылбек Қүрішбаев қатысты.

Жаңа цех шведтік SmartSeed инновациялық жабдығымен жабдықталған. Бұл технология тұқымдарды химиялық дәрілерді қолданбай, термиялық әдіспен өңдеуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде халықаралық органикалық егіншілік талаптарына сай, сапасы жоғары әрі экологиялық таза тұқым өндіріледі.

– Аталған өндіріс орнының іске қосылуы Қазақстанда орнықты ауыл шаруашылығын дамыту мен заманауи агротехнологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам болып отыр. Цех ғылыми зерттеулер мен аграрлық өндіріс үшін сапалы тұқым материалын дайындауға бағытталған. Цех тұқымдарды термиялық өңдеуге, кейіннен кептіруге және биостимуляторлармен өңдеуге арналған жеке аймақтарды, сондай-ақ барлық технологиялық процестерді басқару жүйесін қамтиды, – деп атап өтті органикалық зертхана меңгерушісі Назира Слямова.

Сонымен қатар, өндірісте Германияның MARViTECH GmbH компаниясы әзірлеген MARViN тұқым талдағышы қолданылады. Бұл құрылғы тұқымдардың санын, мың тұқымның салмағын, өлшемі мен сапалық көрсеткіштерін жылдам әрі дәл анықтауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижелері бірнеше секунд ішінде дайын болып, цифрлық форматта сақталады. Жаңа технологияларды пайдалану селекция мен тұқым шаруашылығындағы дәлдікті арттырып, ғылыми жетістіктерді аграрлық практикаға кеңінен енгізуге жол ашады.

В КазНИИЗиР открыли цех по производству органических семян с инновационным оборудованием

23 декабря 2025 года состоялось открытие цеха по производству органических семян, оснащённого инновационным шведским оборудованием SmartSeed для термической обработки семян сельскохозяйственных культур. В церемонии открытия принял участие Президент Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте РК Ахылбек Куришбаев.

Внедрение технологии SmartSeed позволяет обрабатывать семена без применения химических протравителей, обеспечивая их высокое качество и безопасность. Такой подход полностью соответствует международным стандартам органического земледелия и отвечает современным требованиям устойчивого развития аграрного сектора.

– Открытие нового цеха стало важным шагом в развитии устойчивого сельского хозяйства и внедрении передовых агротехнологий в Казахстане. Производственная площадка ориентирована на выпуск качественного семенного материала, востребованного как в научной среде, так и в аграрном производстве. Цех включает отдельные зоны для термической обработки семян, их последующей сушки и обработки биостимуляторами, а также систему управления всеми технологическими процессами, – отметила заведующая лабораторией органического земледелия Назира Слямова.

Кроме того, в цехе используется профессиональный анализатор семян MARViN, разработанный немецкой компанией MARViTECH GmbH. Это современное лабораторное устройство предназначено для быстрой и точной автоматизированной оценки качества семян. С его помощью проводится подсчёт семян, определяется масса тысячи семян, анализируются размеры, форма и качественные характеристики, а также выявляются дефектные образцы.

Все данные обрабатываются и сохраняются в цифровом формате всего за несколько секунд. Использование таких технологий повышает точность селекционной работы, усиливает контроль качества и способствует внедрению научных решений в практику аграрного производства.

@agro__press @nasec.kz

ҚазЕжӨШҒЗИ-де академик Ізтілеу Әбуғалиевтің 95 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (ҚазЕжӨШҒЗИ) академик Ізтілеу Әбуғалиевтің туғанына 95 жыл толуына арналған дөңгелек үстел өтті. Ол – аграрлық ғылымды ұйымдастыруда ерекше із қалдырған, институт тарихымен тағдыры тығыз байланысты көрнекті ғалым.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Президенті Ақылбек Күрішбаев, институт басшылығы, жетекші ғалымдар, академиктің шәкірттері мен отбасы мүшелері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Ізтілеу Әбуғалиевтің ғылыми және ұйымдастырушылық мұрасы, оның Қазақстанның аграрлық ғылымын дамытудағы рөлі мен ғылыми мектеп қалыптастырудағы еңбегі кеңінен сөз болды.

Сапар барысында Ақылбек Күрішбаев институтта жақында іске қосылған тұқым өңдеу зауытының жұмысымен танысып, оның өндірістік мүмкіндіктері мен аграрлық салаға тигізер нақты пайдасына ерекше қызығушылық танытты. Оның айтуынша, мұндай нысандар ғылым мен өндірістің нақты байланысын көрсетеді.

Дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде Ақылбек Күрішбаев институтпен байланысты жеке естеліктерімен бөлісті.

«Мен бұл институтта өзім де еңбек еттім. Осы залда көптеген тағдырлы кездесулер өтті, тарихи шешімдер қабылданды. Мұның бәрі жадымызда. Институтты осындай деңгейге жеткізген Ізтілеу Әбуғалиев. Ол ҚазЕжӨШҒЗИ-тың жиырма жыл басқарды және оны ірі ғылыми орталыққа айналдырды. Біз мұның бәрін өз көзімізбен көрдік», – деді ол.

Ол академик Әбуғалиевтің еңбектері әлемнің көптеген тілдеріне аударылғанын, ал оның жетекшілігімен Қазақстанда заманауи аграрлық ғылыми мектеп қалыптасқанын атап өтті.

«Бүгін біз есімі ел тарихында алтын әріппен жазылған ғалымның 95 жылдығына орай бас қостық», – деді Ақылбек Күрішбаев.

Институт Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева да сөз сөйлеп, академик салған ғылыми негіздің бүгінгі ұрпақ үшін маңызын атап өтті.

«Ізтілеу Әбуғалиев институттың ғана емес, тұтас ғылыми дәстүрдің негізін қалады. Бұл мұра бізге үлкен жауапкершілік жүктейді», – деді ол.

Кездесу барысында ғалымдар академиктің ғылыми жолы, ұйымдастырушылық қабілеті мен шәкірт тәрбиелеудегі рөлі туралы естеліктерімен бөлісті.

Академиктің қызы, биология ғылымдарының докторы Сауле Әбуғалиева сөйлеген сөзінде әкесінің өмірі мен институттың ажырамас байланысын тебіреніспен еске алды.

«Менің балалық шағым осы институтта өтті. Бұл жер әкем үшін жай жұмыс орны емес, өмірінің мәні болды», деді ол.

Академиктің өмір жолы мен ғылыми мұрасы туралы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Серік Кененбаев баяндама жасап, Ізтілеу Әбуғалиевтің еңбектері аграрлық ғылымның тұтас бағыттарының қалыптасуына берік негіз болғанын атап өтті.

«Оның зерттеулері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Бұл – нақты нәтижеге, жерге, өндіріске бағытталған ғылым еді. Ол теория мен практиканы сирек кездесетін деңгейде ұштастыра білді», – деді Серік Кененбаев.

Бұл тақырыпты ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Марат Қожахметов жалғастырып, Ізтілеу Әбуғалиевті ірі ғылыми мектептің негізін қалаған көшбасшы ретінде сипаттады.

«Ол жас мамандардан болашақ ғалымдарды көре білді. Бүгінде ғылыми бағыттарды басқарып отырған көптеген мамандар дәл осы мектептен түлеп ұшты», – деді ол.

Академиктің шәкірті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Клара Айтымбетованың сөзі ерекше әсерлі болды.

«Ол біз үшін тек басшы ғана емес, үлкен әріппен жазылатын Ұстаз еді. Оның талапшылдығы, әділдігі мен адамдық жылуы жүрегімізде мәңгі сақталды», –деді ол.

Ізтілеу Әбуғалиевтің ғылыми кадрларды даярлаудағы өлшеусіз еңбегі туралы ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР ҰААН академигі Қанағат Баймағамбетова айтты.

«Ол Қазақстанның аграрлық ғылымы үшін нағыз кадрлар ұстаханасын қалыптастырды. Оның жетекшілігімен өсіп шыққан ғалымдар бүгінгі таңда саланың дамуына бағыт-бағдар беріп отыр», – деді ол.

Академиктің туыстары да жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Самат Әбуғалиев үшін институт отбасы өмірінің ажырамас бөлігі болғанын атап өтті.

«Біздің отбасымыз үшін ҚазЕжӨШҒЗИ әрдайым өміріміздің бір бөлшегі болды. Әкеміз бен атамыз осы жерде еңбек етіп, өмір сүріп, ғылымға адал қызмет етті», – деді ол.

Іс-шараның ең әсерлі сәттерінің бірі биология ғылымдарының докторы, профессор Сауле Әбуғалиеваның сөзі болды.

«Менің балалық шағым осы институтта өтті. Бұл қабырғалар, бұл адамдар, ғылым жайлы әңгімелер – біздің отбасылық өміріміздің бір бөлшегі еді. Әкем институтпен бірге өмір сүрді, оның әрбір ісі ғылым мен жерге деген шынайы сүйіспеншіліктен туындады», – деп бөлісті ол.

Дөңгелек үстел аясында ерекше рухани мәні бар сәттердің бірі
«Ізтілеу Әбуғалиев – аграрлық ғылымның асқар тұлғасы» атты кітаптың таныстырылымы болды. Бұл жинақта академиктің әріптестері, шәкірттері, замандастары мен жақындарының естеліктері топтастырылып, ғалымның тұлғасы тек ғылым қайраткері ретінде ғана емес, адамгершілігі биік, елге адал қызмет еткен азамат ретінде кеңінен ашылады.

Кітапты іс-шараға қатысушыларға ғалымның қызы, биология ғылымдарының докторы, профессор Сауле Әбуғалиева табыстады. Бұл сәт ұрпақтар сабақтастығының, рухани мұраның жалғасып жатқанын айқын көрсетті.

«Бұл кітап – әкемді білетін, бірге жұмыс істеген, одан тәлім алған адамдардың тірі естелігі. Әкем үшін ғылым – өмірінің мәні, ал шәкірттері оның ең үлкен жетістігі болды», – деді Сауле Әбуғалиева.

Кітаптың таныстырылымы дөңгелек үстелдің мазмұнын тереңдете түсіп, Ізтілеу Әбуғалиевтің ғылыми және адами мұрасы тек өткеннің еншісінде қалмай, бүгінгі және келешек ұрпаққа бағытталған құндылық екендігін айқын аңғартты.

Іс-шара соңында қатысушылар еркін форматта естеліктерімен бөлісіп, ғалымға деген құрмет пен алғыстарын білдірді. Бұл дөңгелек үстел ғылымға, ұстазға және тұтас бір дәуірге тағзым етуге айналды.

Дөңгелек үстелдің негізгі бөлімінде ғалымдар, академиктің шәкірттері мен жақындарының мазмұнды да терең баяндамалары тыңдалды. Әрбір сөз Ізтілеу Әбуғалиевтің тұлғалық болмысын ғалым, басшы және ұстаз ретіндегі биік келбетін жан-жақты ашып көрсетті.

В КазНИИЗиР прошёл круглый стол, посвящённый 95-летию академика Изтелеу Абугалиева

Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) состоялся круглый стол, посвящённый 95-летию со дня рождения академика Изтелеу Абугалиева – выдающегося учёного, организатора аграрной науки и одного из ключевых деятелей в истории института.

В мероприятии принял участие Президент Национальной академии наук Республики Казахстан при Президенте РК Ахылбек Куришбаев, а также руководство института, ведущие учёные, ученики и представители семьи академика.

Круглый стол стал площадкой для обсуждения научного и организационного наследия Изтелеу Абугалиева, его вклада в развитие аграрной науки Казахстана и формирование современной научной школы.

Перед началом заседания Ахылбек Куришбаев ознакомился с работой недавно открытого завода по переработке семян, где подробно интересовался производственными мощностями, объёмами переработки и перспективами внедрения научных разработок в практику аграрного сектора. По его словам, такие объекты наглядно показывают, как наука возвращается в поле и становится частью реальной экономики.

Выступая с вступительным словом на круглом столе, Ахылбек Куришбаев поделился личными воспоминаниями, подчеркнув особую роль института и самого академика Абугалиева в формировании современной аграрной науки.

«Я сам работал в этом институте. В этом зале проходили знаковые встречи, здесь принимались исторические решения и документы. Всё это живая память. И именно Изтелеу Абугалиев довёл институт до того уровня, который мы сегодня видим. На протяжении двадцати лет он возглавлял КазНИИЗиР и превратил его в мощный научный центр. Мы были свидетелями этого своими глазами», – отметил Ахылбек Куришбаев.

Он подчеркнул, что научное наследие академика Абугалиева поистине масштабно: его труды переведены на многие языки мира, а под его руководством сформировалась современная аграрная научная школа Казахстана.

«Сегодня мы собрались, чтобы отметить 95-летие со дня рождения учёного, чьё имя навсегда останется в памяти и будет вписано золотыми буквами в историю отечественной науки», сказал Президент НАН РК.

С приветственным словом также выступила Председатель Правления ТОО «КазНИИЗиР» Шолпан Бастаубаева, подчеркнув, что институт и сегодня продолжает развиваться, опираясь на фундамент, заложенный Изтелеу Абугалиевым.

«Он создал не просто институт – он создал научную среду, школу, традицию ответственности перед землёй и страной. Мы ощущаем это наследие в нашей ежедневной работе», – отметила она.

В основной части программы прозвучали доклады, посвящённые жизни и научному пути академика. Учёные говорили о нём как о руководителе крупной научной школы, талантливом организаторе и наставнике, воспитавшем целую плеяду специалистов.

Особенно тёплым стало выступление дочери учёного – доктора биологических наук, профессора Сауле Изтелеуовны Абугалиевой.

«Моё детство прошло здесь, в институте. Эти коридоры, люди, разговоры о науке были частью нашей семейной жизни. Для отца институт был не просто работой это было делом всей его жизни», поделилась она.

В основной части круглого стола прозвучали содержательные и глубокие выступления ученых, учеников и близких академика, каждое из которых по-своему раскрывало масштаб личности Изтелеу Абугалиева – как ученого, руководителя и наставника.

С докладом о жизни и научном наследии академика выступил доктор сельскохозяйственных наук, профессор, академик НАН РК Серик Кененбаев. Он подчеркнул, что труды Изтелеу Абугалиева стали фундаментом для развития целых направлений аграрной науки.

«Его исследования не потеряли актуальности и сегодня. Это была наука, ориентированная на результат, на землю, на производство. Он умел соединять теорию и практику так, как это удаётся немногим», – отметил Серик Кененбаев.

Тему продолжил доктор сельскохозяйственных наук, профессор Марат Кожахметов, охарактеризовав Изтелеу Абугалиева как руководителя крупной научной школы.

«Он умел видеть в молодых специалистах будущих ученых. Многие из тех, кто сегодня возглавляет научные направления, вышли именно из его школы»,    – подчеркнул он.

Особенно проникновенным стало выступление кандидата сельскохозяйственных наук Клары Айтымбетовой, ученицы академика.

«Для нас он был не только руководителем, но и Учителем с большой буквы. Его светлый образ навсегда остался в наших сердцах – в его требовательности, справедливости и человеческой теплоте», – сказала она.

О вкладе Изтелеу Абугалиева в подготовку научных кадров говорила доктор сельскохозяйственных наук, академик НААН РК Канагат Баймагамбетова.

«Он создал настоящую кузницу кадров для аграрной науки Казахстана. Под его руководством формировалось поколение ученых, которые и сегодня определяют развитие отрасли», – отметила она.

Тёплые слова прозвучали и от родственников академика. Кандидат сельскохозяйственных наук Самат Абугалиев подчеркнул, что для семьи институт был продолжением дома.

«Для нас КазНИИЗиР всегда был частью жизни. Здесь работал, жил и служил науке наш отец и дед», – сказал он.

Особое эмоциональное звучание имело выступление доктора биологических наук, профессора Сауле Абугалиевой.

«Моё детство прошло в этом институте. Эти стены, эти люди, разговоры о науке были частью нашей семьи. Отец жил институтом, и всё, что он делал, было продиктовано искренней любовью к науке и земле», – поделилась она.

В завершение участники круглого стола в свободном формате делились воспоминаниями, подчёркивая, что имя Изтелеу Абугалиева навсегда вписано золотыми буквами в историю аграрной науки Казахстана, а его научное и человеческое наследие продолжает жить в делах учеников и развитии института.

Особым и символичным моментом круглого стола стала презентация книги «Ізтілеу Әбуғалиев – аграрлық ғылымның асқар тұлғасы». Издание объединило воспоминания коллег, учеников, соратников и близких академика, раскрывая его не только как выдающегося учёного и руководителя, но и как человека высокой культуры, принципов и преданности науке.

Книгу участникам мероприятия передала дочь учёного доктор биологических наук, профессор Сауле Изтелеуовна Абугалиева. Этот жест стал продолжением той духовной связи поколений, о которой не раз говорили выступавшие.

«Эта книга – живая память. В ней собраны голоса людей, для которых отец был Учителем, наставником и примером служения науке», – отметила Сауле Абугалиева.

Презентация издания органично дополнила атмосферу встречи, подчеркнув, что научное и человеческое наследие Изтелеу Абугалиева продолжает жить в книгах, воспоминаниях, научных школах и в судьбах его учеников.

В завершение встречи участники в формате свободного микрофона делились личными воспоминаниями, словами благодарности и признательности. Круглый стол стал не только научным мероприятием, но и актом глубокого уважения и поклонения учёному, чьё наследие продолжает работать на будущее аграрной науки Казахстана.

@agro__press @nasec.kz

ҰАҒБО агротехнологиялық хабқа бет алды: стратегиялық сессия және 2030 жылға дейінгі даму басымдықтары

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің базасында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-ты агротехнологиялық хабқа трансформациялау стратегиясын талқылау» тақырыбында стратегиялық сессия өтті.

Іс-шараға ҰАҒБО Басқармасы мен Директорлар кеңесінің мүшелері, аграрлық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтардың басшылары, аграрлық технологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығының өкілдері, сондай-ақ сала сарапшылары қатысты.

Сессияны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков модерациялады.

Стратегиялық сессия барысында ҰАҒБО жүйесіндегі негізгі кластерлердің – ЖОО, ҒЗИ, тәжірибелік шаруашылықтар мен ЦТКА-ның ұстанымдары ұсынылып, білім, ғылым және өндіріс арасындағы өзара ықпалдастық тетіктері талқыланды. Сонымен қатар ҰАҒБО -ның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын жаңарту мәселелері қаралды.

Талқылауға ҰАҒБО-ның құрамына кіретін 3 университеттің, 12 ғылыми-зерттеу институтының және 16 тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтың бірінші басшылары қатысты. Қатысушылар еншілес ұйымдардың ұсыныстарын тыңдап, орталықтың даму жөніндегі бірыңғай көзқарасын қалыптастырды.

Жаңа стратегия аясында негізгі басымдықтар ретінде:

• бизнеспен тиімді өзара іс-қимыл тетіктерін қалыптастыру;

• ҰАҒБО ұйымдары арасындағы ғылыми коллаборацияны күшейту;

• ЖОО, ҒЗИ және тәжірибелік шаруашылықтардың рөлін біртұтас инновациялық экожүйе тұрғысынан қайта қарау;

• агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру бойынша бірыңғай цифрлық платформаны дамыту қажеттігі атап өтілді.

ҚазЕжӨШҒЗИ-дің стратегиялық бағыты

ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма Төрағасы Шолпан Бастаубаева институттың 2030 жылға дейінгі негізгі мақсаты – жоғары сапалы түпнұсқа және элиталық тұқымдар өндіруде, сондай-ақ жаңа бәсекеге қабілетті сорттар мен агротехнологияларды өндіріске енгізуде көшбасшы ұйымға айналу екенін атап өтті.

Институт қызметінің басым бағыттары:

• ауыл шаруашылығы дақылдарының генқорын қалыптастыру, сақтау және кешенді зерттеу;

• заманауи биотехнологияларды қолдана отырып, жоғары өнімді және төзімді сорттар мен будандарды шығару;

• тұқым шаруашылығын жетілдіру және элиталық тұқым өндіру;

• бейімделген ландшафтық егіншілік жүйелерін әзірлеу;

• ресурс үнемдейтін және органикалық егіншілік жүйелерін дамыту.

Стратегиялық сессия аграрлық ғылым мен білім беруді практикалық нәтижеге, инновация мен тұрақты дамуға бағыттаудағы маңызды кезең болды. ҰАҒБО Қазақстанда заманауи агротехнологиялық экожүйе қалыптастыру жұмысын жалғастыруда.

НАНОЦ формирует агротехнологический хаб: стратегическая сессия и приоритеты развития до 2030 года

На базе Казахского агротехнического исследовательского университета имени С. Сейфуллина прошла стратегическая сессия на тему «Обсуждение стратегии развития НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр» по трансформации в агротехнологический хаб».

В мероприятии приняли участие члены Правления и Совета директоров НАО «НАНОЦ», руководители аграрных вузов, научно-исследовательских институтов, опытно-производственных хозяйств, представители Центра трансферта и коммерциализации аграрных технологий, а также приглашённые эксперты. Модератором сессии выступил вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан Ербол Тасжуреков.

В ходе стратегической сессии были представлены позиции ключевых кластеров системы НАНОЦ – вузов, НИИ, опытно-производственных хозяйств и ЦТКА, обсуждены подходы к интеграции образования, науки и производства, а также рассмотрены предложения по обновлению миссии, видения и стратегических направлений развития НАНОЦ до 2030 года.

В обсуждении приняли участие первые руководители трёх университетов, 12 научно-исследовательских институтов и 16 опытно-производственных хозяйств, входящих в структуру НАНОЦ. Были заслушаны презентации дочерних организаций и представлено стратегическое видение дальнейшего развития центра.

По итогам дискуссии участники отметили, что в новой Стратегии развития необходимо сосредоточиться на:

• создании эффективных механизмов и площадок взаимодействия с бизнесом;

• усилении внутренней коллаборации учёных организаций НАНОЦ;

• переосмыслении роли вузов, НИИ и ОПХ в рамках единой инновационной экосистемы;

• развитии единой цифровой платформы по трансферу и коммерциализации агротехнологий.

Вклад КазНИИ земледелия и растениеводства

Председатель Правления КазНИИ земледелия и растениеводства Шолпан Бастаубаева отметила, что к 2030 году институт ставит перед собой цель стать лидирующей научно-производственной организацией по выпуску высококачественных оригинальных и элитных семян, а также по внедрению в производство конкурентоспособных сортов, гибридов и инновационных агротехнологий.

Среди ключевых направлений работы института:

• формирование, сохранение и комплексное изучение генофонда сельскохозяйственных растений;

• создание высокопродуктивных и устойчивых к стрессовым факторам сортов и гибридов зерновых, зернобобовых, технических, кормовых и масличных культур с применением современных биотехнологий;

• развитие системы семеноводства, включая производство оригинальных и элитных семян;

• разработка адаптивно-ландшафтных систем земледелия и проведение агроэкологического районирования пашни;

• внедрение ресурсосберегающих и органических систем земледелия с получением экологически чистой продукции.

Стратегическая сессия стала важным шагом к формированию единого видения развития аграрной науки и образования, ориентированного на практический результат, инновации и устойчивое развитие агропромышленного комплекса страны.

НАНОЦ продолжает системную работу по созданию современной агротехнологической экосистемы Казахстана.

@agro__press @nasec.kz

ҚазЕжӨШҒЗИ өкілі CWANA өңірі генбанктері басшыларының Стамбулдағы кездесуіне қатысты

2025 жылғы 8–11 желтоқсан аралығында Түркияның Стамбул қаласында Орталық және Батыс Азия, сондай-ақ Солтүстік Африка елдерін қамтитын CWANA өңірінің генбанктер басшыларының кездесуі өтті. Іс-шараны Қуаң аймақтардағы ауыл шаруашылығы зерттеулері жөніндегі халықаралық орталық (ICARDA) CGIAR ұйымымен бірлесіп, генбанктерді дамыту бастамалары аясында ұйымдастырды.

Кездесудің негізгі тақырыбы – өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану бағытында өңірлік ынтымақтастықты нығайту болды. Қатысушылар климаттың өзгеруі жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ортақ сын-қатерлерді және оларды шешудің үйлестірілген жолдарын талқылады.

Аталған халықаралық кездесуге Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан (ҚазЕжӨШҒЗИ) ауыл шаруашылығы дақылдарының генофонды зертханасының меңгерушісі Данияр Таджибаев қатысты. Кездесу барысында генетикалық ресурстарды басқару саласындағы саясатты күшейту, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және өңірлік деңгейде бірлескен іс-қимылдарды дамыту мәселелері көтерілді.

Представитель КазНИИЗиР принял участие во встрече руководителей генбанков региона CWANA в Стамбуле

С 8 по 11 декабря 2025 года в Стамбуле состоялась встреча руководителей генбанков региона CWANA, объединяющего страны Центральной и Западной Азии, а также Северной Африки. Мероприятие было организовано Международным центром сельскохозяйственных исследований в засушливых районах (ICARDA) совместно с CGIAR в рамках инициатив по развитию и совершенствованию генбанков.

Основной темой встречи стало усиление регионального сотрудничества в сфере сохранения и рационального использования генетических ресурсов растений. Участники обсудили общие вызовы, связанные с изменением климата и обеспечением продовольственной безопасности, а также пути выработки скоординированных решений на межрегиональном уровне.

От Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) в мероприятии принял участие заведующий лабораторией генофонда сельскохозяйственных культур Данияр Таджибаев. В рамках встречи были обозначены приоритеты дальнейшего взаимодействия, вопросы укрепления политики в сфере управления генетическими ресурсами и расширения научного сотрудничества между странами региона.

@agro__press @nasec.kz

Алматыда жас ғалымдар ғылымның болашағын талқылады

2025 жылғы 11–12 желтоқсан күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Қазақстан жас ғалымдарының II Халықаралық конгресі өтті. Конгресс ЮНЕСКО ұсынған «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажет ғылым» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

Конгресс аясында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты Амангелдиева Айгүл Айдарқызы ғылыми баяндамамен сөз сөйледі. Оның баяндамасы климаттың өзгеруі мәселелеріне және ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдарының қуаңшылыққа төзімді соя желілері мен сорттарын шығару бойынша жүргізіп жатқан зерттеулерінің нәтижелеріне арналды.

Баяндама барысында жаһандық климаттық өзгерістер жағдайында сояның қуаңшылыққа төзімділігін анықтауға бағытталған кешенді фенотиптеу мен генотиптеу нәтижелері ұсынылды. Бұл зерттеулер селекцияны дамыту мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды ғылыми негіз болып табылады.

Конгресс жұмысына 1 000-нан астам жас зерттеуші, 24 елден келген 80-нен аса шетелдік ғалым, ғылыми диаспора өкілдері, академиктер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және жетекші ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.

Молодые учёные Казахстана обсудили науку будущего на международном конгрессе в Алматы

11–12 декабря 2025 года в Алматы прошёл II Международный конгресс молодых учёных Казахстана, организованный Национальной академией наук при Президенте Республики Казахстан. Мероприятие объединило исследователей вокруг глобальной повестки ЮНЕСКО – «Доверие, преобразования и завтрашний день: наука, необходимая нам к 2050 году».

В рамках конгресса с научным докладом выступила молодой учёный, научный сотрудник лаборатории биотехнологии растений Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства, докторант КазНУ имени аль-Фараби Амангелдиева Айгуль Айдаровна. Её выступление было посвящено актуальной теме изменения климата и результатам исследований учёных КазНИИЗиР по созданию засухоустойчивых линий и сортов сои.

В докладе были представлены итоги комплексного фенотипирования и генотипирования, направленные на выявление молекулярных маркеров устойчивости сои к засухе в условиях глобальных климатических изменений. Представленные разработки имеют важное значение для современной селекции и укрепления продовольственной безопасности страны.

Всего в работе конгресса приняли участие более 1 000 молодых исследователей, свыше 80 зарубежных учёных из 24 стран, представители научной диаспоры, академического сообщества, депутаты Парламента Республики Казахстан и руководители ведущих научных организаций.

@agro__press @nasec.kz

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X