Құрметті келушілер!
«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де корпоративтік ашықтықты арттыру және тиімді басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат енгізіліп, жүйелі түрде іске асырылуда.
Біздің қызметіміз Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына толық сәйкес жүргізіледі, оның ішінде:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер.
Институт саясаты
Институт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді:
- Қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы үнемі хабардар ету;
- Қызметтік этика нормаларын міндетті түрде сақтау;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту және нұсқаулықтар өткізу;
- Ішкі бақылау және есеп беру тетіктерін енгізу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы
Ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары лауазымдар анықталды:
№ | Лауазым атауы | Қауіп бар өкілеттіктер | Қауіп деңгейі |
---|---|---|---|
1 | Басқарма төрағасы | Шешім қабылдау, ұйымдастырушылық-шаруашылық функциялар | Жоғары |
2 | Басқарма төрағасының орынбасары | Сол сияқты | Жоғары |
3 | Бас бухгалтер | Қаржылық есеп, бюджетке бақылау | Орташа |
4 | Бас экономист | Қаржы ресурстарын жоспарлау және бөлу | Орташа |
5 | Кадр жөніндегі маман | Кадрлық үдерістерді жүргізу | Орташа |
6 | Мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер | Конкурстық рәсімдерге және шарттарға қатысу | Орташа |
7 | Құрылыс инженері | Құрылыс жұмыстарына бақылау, актілерге қол қою | Орташа |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
Біз келесі бағыттарды қамтитын жүйелі тәсілді жүзеге асырамыз:
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;
- Тәуекелдерді талдау және азайту;
- Құқықтық сананы арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
- Нормативтік құжаттарға ғылыми-құқықтық сараптама жасау;
- Құқықтық қорытындылардағы жемқорлық белгілерін анықтау;
- Корпоративтік стандарттарды сақтау;
- Қаржылық және ішкі бақылау жүргізу;
- Мүдделер қақтығысын болдырмайтын шектеулер енгізу;
- Кәсіпкерлік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
- Сыбайлас жемқорлық фактілерін тергеу және тоқтату;
- Азаматтардың бұзушылықтар туралы хабарлау құқығын қамтамасыз ету;
- Анықталған заңбұзушылықтардың салдарын жою;
- Мемлекеттің ашықтық пен есептілікке бағытталған саясатын қолдау.
Байланыс ақпараты
Егер сіз сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің куәсі болсаңыз немесе осындай фактілер туралы ақпаратыңыз болса, келесі байланыс арналарын пайдалануыңызды сұраймыз:
Сенім телефоны: 8 (727) 303-63-33
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірыңғай call-орталығы: 1424
Азаматтарды қабылдау: әр жұма күні, сағат 15:00–16:30 (алдын ала жазылу арқылы)
Құпиялылық пен анонимдікке кепілдік беріледі.
Егер сіз институт қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға немесе әдепке сай емес әрекеттеріне тап болсаңыз, төмендегі байланыс арқылы хабарласа аласыз:
Электрондық пошта: b.kibaev@zir.kz
Комплаенс-офицердің телефоны: +7 (747) 196-57-27 (Кибаев Болат Маусымбаевич)
Пошта арқылы: 040909, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылы, Ерлепесов көшесі, 1-үй, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» деген белгімен.
Құпиялылық пен анонимдікке кепілдік беріледі.
Біз адалдықты қолдаймыз!
«Қазақстан егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мемлекет ұстанып отырған ашықтық пен жауапкершілікке негізделген қоғам құру саясатын белсенді түрде қолдайды. Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоя аламыз.
Свежие комментарии