Последние новости

Соңғы жаңалықтар

10.11.2025

ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдары Франциядағы жоңышқа жөніндегі Дүниежүзілік конгреске қатысты

Dark Mode

2025 жылғы 3–6 қараша аралығында Францияның Реймс қаласында өткен «World Alfalfa Congress – 2025» жоңышқа жөніндегі Дүниежүзілік конгресіне Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері – С.С. Абаев пен С.Т. Токтарбекова қатысты. Бұл жоңышқа өсіру және зерттеу саласына арналған ірі халықаралық іс-шараға әлемнің 20 елінен 500-ден астам ғалым мен маман жиналды.

Конгреске қатысу заманауи жоңышқа өсіру технологияларының даму бағыттарын халықаралық деңгейде терең әрі кәсіби тұрғыдан талқылауға мүмкіндік берді. Ұсынылған баяндамалар селекция, агротехнология және тұрақты өндіріс салаларындағы өзекті ғылыми зерттеулер мен инновациялық тәсілдерді қамтыды. Әлемнің әртүрлі елдерінен келген жетекші мамандармен тәжірибе алмасу институт мамандарының ғылыми көкжиегін кеңейтіп, жаңа зерттеу идеяларын қалыптастыруға және озық әдістерді жергілікті жағдайларға бейімдеуге жол ашты. Мұндай іс-шаралар ғылыми қызметтің дамуын және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді.

Конгресс барысында Сербиядан келген доктор Джура Карагичпен кездесу өтті. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ мен сербиялық әріптестердің ғылыми ынтымақтастығы көп жылдан бері жалғасып келеді. Кездесу кезінде бірлескен жобалар, тұқымдық материалдармен алмасу және сербиялық тәжірибені біздің селекциялық бағдарламаларға енгізу мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, Дүниежүзілік жоңышқа қауымдастығының президенті Кристина Ведрел ханыммен жеке танысу маңызды оқиға болды. Бұл халықаралық байланыстарды кеңейтуге және жоңышқа селекциясы мен агротехнология саласындағы алдыңғы қатарлы әдістемелермен алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Негізгі сессия басталар алдында ұйымдастырушылар институт атынан қысқаша сәлемдесу сөзін айтуға мүмкіндік берді. Онда халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

Панельдік сессиялардың бірінде Салтанат Токтарбекова өз баяндамасымен сәтті сөз сөйледі. Оның баяндамасы халықаралық аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, жоғары кәсіби дайындық пен зерттеу нәтижелерін сапалы ұсыну деңгейін көрсетті.

КазНИИЗиР принял участие во Всемирном конгрессе по люцерне во Франции

С 3 по 6 ноября 2025 года сотрудники Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства – Абаев С.С. и Токтарбекова С.Т. – приняли участие во Всемирном конгрессе по люцерне «World Alfalfa Congress – 2025», который проходил в городе Реймс (Франция).

В мероприятии приняли участие более 500 учёных и специалистов из 20 стран мира, занимающихся исследованием, селекцией и технологиями возделывания люцерны.

Обмен опытом и новые научные идеи

Участие в конгрессе позволило нашим учёным ознакомиться с современными тенденциями развития мировых технологий возделывания люцерны, а также представить опыт Казахстана в этой сфере. Доклады участников охватывали широкий круг вопросов – от инновационных методов селекции и биотехнологий до устойчивого земледелия и адаптации культур к изменяющемуся климату.

Особую ценность представлял обмен опытом с ведущими экспертами разных стран, что способствует формированию новых исследовательских идей и адаптации передовых методов к отечественным условиям. Подобные встречи укрепляют научное сотрудничество и открывают новые горизонты для совместных исследований.

Международное сотрудничество

В ходе конгресса состоялась встреча с доктором Джурой Карагичем (Сербия), с которым КазНИИЗиР уже давно поддерживает плодотворное научное партнёрство. Обсуждались совместные проекты, обмен семенным материалом и возможности интеграции сербского опыта в отечественные программы по селекции люцерны.

Знаковым событием стало личное знакомство с Президентом Всемирной ассоциации люцерны – госпожой Кристиной Ведрелл. Эта встреча открывает новые возможности для обмена передовыми агротехнологиями и расширения международных связей института.

Научное признание

Перед началом основной сессии организаторы предоставили представителям КазНИИЗиР возможность выступить с приветственным словом, где была подчеркнута важность международного сотрудничества в исследовании люцерны.

На одной из панельных сессий Салтанат Токтарбекова успешно представила доклад о результатах отечественных исследований, который вызвал живой интерес у зарубежных коллег и получил положительные отзывы участников конгресса.

Участие КазНИИЗиР во Всемирном конгрессе по люцерне подтвердило высокий уровень казахстанской аграрной науки, укрепило международные связи и стало важным шагом на пути к развитию устойчивого и инновационного земледелия.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X