Последние новости

Соңғы жаңалықтар

11.02.2026

ҚазЕжӨШҒЗИ қызметкерлері Алматы облысында семинар өткізді

Dark Mode

2026 жылғы 11 ақпанда Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері «Дәнді, жемдік және майлы дақылдар» бағыты бойынша көшпелі семинар өткізді.

Семинар тақырыбы – «Тұқым шаруашылығын дамыту және агротехнология тәсілдерін қолдану жолдары». Іс-шараның мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің білімін арттыру және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу.

Семинардың ашылуында Жамбыл ауданының әкімі Ертас Нұрлан Ертасұлы құттықтау сөз сөйледі.

Дәрістерді институттың жетекші ғалымдары оқыды:

Мейірман Ғ.Т., ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі – жемшөп өндірісін дамытудың кешенді жоспары туралы;

Айнебекова Б.А., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі –институт шығарған жаңа бейімделген дәнді дақыл сорттары туралы;

Дидоренко С.В., биология ғылымдарының кандидаты, профессор, майлы дақылдар зертханасының меңгерушісі –Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында майлы дақылдарды әртараптандыру жөнінде;

Омарова А.Ш., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, жүгері және құмай зертханасының бас ғылыми қызметкері – өңірдегі жүгері мен құмай өсіру агротехнологиялары туралы;

Мәлімбаева А.Ж., ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, топырақтану және агрохимия зертханасының меңгерушісі – топырақ құнарлылығын арттыру және тыңайтқыштарды тиімді қолдану жолдары жөнінде;

Калтаев С., білім тарату орталығының басшысы – ауыл шаруашылығы мамандарының біліктілігін арттыру және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу мәселелері туралы.

Семинар соңында қатысушылар сұрақ-жауап форматында өзара пікір алмасты.

Сотрудники КазНИИЗиР провели выездной семинар в Алматинской области

11 февраля 2026 года в селе Узынагаш Жамбылского района Алматинской области сотрудники Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства провели выездной семинар по направлению «Зерновые, кормовые и масличные культуры».

Тема семинара – «Развитие семеноводства и применение агротехнологических методов». Мероприятие было направлено на повышение квалификации сельхозпроизводителей и внедрение научных разработок в производство.

С приветственным словом выступил аким Жамбылского района Ертаc Нурлан Ертаcұлы.

В качестве лекторов выступили ведущие ученые института:

Мейірман Ғ.Т., доктор сельскохозяйственных наук, академик НАН РК – о комплексном плане развития кормопроизводства как основы животноводства;

Айнебекова Б.А., кандидат сельскохозяйственных наук, заведующая лабораторией зерновых культур – о новых адаптированных сортах зерновых культур, выведенных институтом;

Дидоренко С.В., кандидат биологических наук, профессор, заведующий лабораторией масличных культур – о диверсификации масличных культур в юго-восточных регионах Казахстана;

Омарова А.Ш., кандидат сельскохозяйственных наук, главный научный сотрудник лаборатории кукурузы и сорго – об агротехнологиях возделывания кукурузы и сорго в юго-восточном регионе;

Мәлімбаева А.Ж., кандидат сельскохозяйственных наук, заведующая лабораторией почвоведения и агрохимии – об эффективном применении удобрений и повышении плодородия почв;

Калтаев С., руководитель Центра распространения знаний – о повышении квалификации специалистов и внедрении научных достижений в производство.

Семинар завершился сессией вопросов и ответов, в ходе которой участники обсудили актуальные проблемы отрасли и пути их решения.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X