ҚазEжӨШҒЗИ қызметкерлері Германияда халықаралық көрмеге қатысты
11–13 ақпан күндері Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазEжӨШҒЗИ) Органикалық егіншілік зертханасының қызметкерлері Германияға жұмыс сапарымен барды.

Іссапар аясында Назира Слямова мен Марипбай Бекбатыров Нюрнберг қаласында өткен әлемдегі ең ірі органикалық өнімдер көрмелерінің бірі – BIOFACH 2026 халықаралық көрмесіне қатысты. Бұл алаң органикалық ауыл шаруашылығы, тағам және табиғи өнімдер саласындағы жетекші сарапшыларды біріктіреді, тәжірибе алмасуға және жаңа ғылыми бағыттармен танысуға мүмкіндік береді.
Көрме барысында Хохенхайм университеті жанындағы Органикалық егіншілік орталығының маманы Джулия Шнайдермен іскерлік кездесу өтіп, ғылыми ынтымақтастықтың болашағы талқыланды.

Бүгінде органикалық егіншілік әлемдік деңгейде ерекше маңызға ие. Тұрақты даму, экологиялық қауіпсіздік, топырақ құнарлылығын сақтау және халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері жаһандық күн тәртібінде тұр. Сондықтан органикалық өндірісті дамыту – тек аграрлық сектордың ғана емес, елдің ұзақ мерзімді экологиялық және экономикалық тұрақтылығының да кепілі.
Сапар 2024–2026 жылдарға арналған 267 бюджеттік бағдарлама – «Білім мен ғылыми зерттеулердің қолжетімділігін арттыру» аясында, «Қазақстан Республикасында органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің технологиялық дамуын ғылыми қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша жүзеге асырылды. Ғылыми-техникалық бағдарламаның жетекшісі – Ш.О. Бастаубаева.
Сотрудники КазНИИЗиР посетили международную выставку в Германии
С 11 по 13 февраля сотрудники Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства посетили Германию с рабочим визитом.
В рамках поездки сотрудники лаборатории органического земледелия Назира Слямова и Марипбай Бекбатыров приняли участие в международной выставке BIOFACH 2026, которая проходит в городе Нюрнберг. BIOFACH является одной из крупнейших мировых площадок в сфере органического сельского хозяйства и натуральной продукции, объединяя экспертов, ученых и производителей со всего мира.

В ходе выставки состоялась деловая встреча со специалистом Центра органического земледелия Университет Хоэнхайма Юлия Шнайдер, где обсуждались перспективы научного сотрудничества.
Сегодня органическое земледелие приобретает особую актуальность во всем мире. Вопросы устойчивого развития, сохранения плодородия почв, экологической безопасности и производства качественной продукции становятся приоритетами глобальной аграрной политики. Развитие органического производства рассматривается как стратегическое направление, способствующее укреплению продовольственной безопасности и повышению конкурентоспособности страны.
Поездка организована в рамках бюджетной программы 267 «Повышение доступности знаний и научных исследований» по теме «Научное обеспечение технологического развития органического производства сельскохозяйственной продукции в Республике Казахстан» на 2024–2026 годы. Руководитель НТП – Ш.О. Бастаубаева.
@agro__press @nasec.kz
