ҚазЕжӨШҒЗИ-да FAO және IOFS өкілдерімен кездесу өтті
Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO) мен Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы (IOFS) өкілдерінің қатысуымен ресми кездесу өтті.
Кездесу барысында FAO өкілі «Ұлттық бастама – “Қазақстандық сорттар мен тұқымдар”» жобасын таныстырып, құттықтау сөз сөйледі. Баяндамада отандық селекция мен тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған негізгі басымдықтар айқындалды.

Институттың Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева жүзеге асырылып жатқан ғылыми-зерттеу бағдарламалары туралы баяндап, FAO-ның «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» жобасын іске асыруға институттың қатысуы жөнінде ұсыныстар енгізді.
Кездесу барысында дәнді-бұршақты дақылдар бөлімінің меңгерушісі Бақыт Айнебекова және институт зертханаларының меңгерушілері сөз сөйлеп, жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен перспективалық әзірлемелерді таныстырды.
Бас ғылыми қызметкер Минура Есимбекова Генбанк жобасы және ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық ресурстарын сақтау мен тиімді пайдалану бағыттары туралы ақпарат берді.
Бағдарлама аясында институттың жылыжай кешені таныстырылып, жеделдетілген селекция (Speed Breeding) технологиясын енгізуге бағытталған нысандарды жаңғырту жұмыстары көрсетілді. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар жеделдетілген селекцияны дамыту және фитотронды (жылыжайды) жаңғырту жөнінде ортақ шешімге келді.
Кездесу соңында сөз r. Ismail Abdelhamid-ке, беріліп, ол азық-түлік қауіпсіздігі мен аграрлық ғылымды орнықты дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.
В КазНИИЗиР состоялась встреча с представителями FAO и IOFS
Сегодня в КазНИИЗиР прошла официальная встреча с участием представителей Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН (FAO) и Исламской организации по продовольственной безопасности (IOFS).
С приветственным словом и презентацией проекта «Национальная инициатива „Казахстанские сорта и семена“» выступил представитель FAO (ФИО). В докладе были обозначены приоритетные направления проекта, направленные на развитие отечественной селекции и семеноводства.

Председатель Правления института Шолпан Бастаубаева представила доклад о действующих научно-исследовательских программах, а также внесла предложения по участию института в реализации проекта FAO «Казахстанские сорта и семена».
В ходе встречи выступили заведующая отделом зерновых культур Бакыт Айнебекова и другие заведующие лабораториями института, которые представили результаты текущих исследований и перспективные разработки.
Главный научный сотрудник Минура Есимбекова представила информацию о проекте Генбанка и направлениях сохранения и рационального использования генетических ресурсов сельскохозяйственных культур.
В рамках программы состоялся осмотр тепличного комплекса института, включая модернизацию объектов для внедрения технологии ускоренной селекции (Speed Breeding). По итогам обсуждения стороны выработали совместное решение по развитию ускоренной селекции и модернизации фитотрона (теплицы).
В завершение встречи слово было предоставлено Dr. Ismail Abdelhamid, который подчеркнул важность международного сотрудничества в сфере продовольственной безопасности и устойчивого развития аграрной науки.
@agro__press @nasec.kz
