Последние новости

Соңғы жаңалықтар

10.10.2025

Қытай делегациясы ҚазЕжӨШҒЗИ институтында болды: ынтымақтастықтың нәтижелері мен келер жылға жоспар талқыланды

Dark Mode

Бүгін Қытайдың Синьцзян ауыл шаруашылығы ғылым академиясының өкілдері Қазахстанның егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына (ҚазЕжӨШҒЗИ) ресми сапармен келді. Делегацияға Дәнді дақылдар институтының директоры Чжан Юэ Цян жетекшілік етті.

Сапардың мақсаты – 2025 жылғы бірлескен жобалардың қорытынды кезеңін орындау және келер жылға арналған негізгі бағыттарды талқылау.

Делегация құрамында бидай, күнбағыс, мақта, жүгері және бұршақ тұқымдас дақылдар бойынша жетекші ғалымдар бар. Олардың қатарында – күнбағыс селекциясының маманы профессор Лэй Чжунхуа, арпа және басқа дәнді дақылдар бойынша профессор Фэн Гоцзюнь, Мақта институтының профессоры Цуй Цзяньпин және жүгері агротехнологиясының маманы профессор Сайли Хансай, т.б.бар.

Қонақтар ҚазЕжӨШҒЗИ басшылығымен және ғалымдарымен кездесіп, ғылыми ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және бірлескен зерттеулердің барысын талқылады.

11–17 қазан аралығында делегация Алматы, Түркістан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ғылыми және өндірістік нысандарға баруды жоспарлап отыр. Бағдарламада – тамшылатып суару технологиясымен, суды үнемді пайдалану жүйелерімен және дәнді, мақта, жүгері дақылдарының өндірісімен танысу.

Тараптар инновациялық агротехнологияларды енгізу, селекциялық жұмыстарды жетілдіру және қуаң аймақтарға бейімделген дақылдардың өнімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Біз қазақстандық әріптестерімізбен дәнді және майлы дақылдар бойынша бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асырып келеміз. Ынтымақтастығымыз одан әрі нығаяды деп сенеміз», – деді Чжан Юэ Цян мырза.

Сапар соңында тараптар мамандар алмасуды кеңейтуге, жаңа технологияларды енгізуге және ортақ ғылыми зерттеулерді жалғастыруға уағдаласты.

Китайская делегация посетила КазНИИЗиР: обсуждены итоги сотрудничества и планы на следующий год

Сегодня в Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) прибыла делегация Китайской академии сельскохозяйственных наук Синьцзяна во главе с директором Института зерновых культур господином Чжан Юэ Цяном.

Визит проходит в рамках выполнения заключительного этапа совместных казахстанско-китайских проектов 2025 года и обсуждения планов сотрудничества на предстоящий период.

В состав делегации вошли ведущие ученые и профессора, представляющие институты по селекции пшеницы, подсолнечника, хлопчатника, кукурузы и зернобобовых культур. Среди них – профессор Лэй Чжунхуа, специалист по подсолнечнику; профессор Фэн Гоцзюнь, занимающийся селекцией ячменя и других зерновых; профессор Цуй Цзяньпин из Института хлопка, а также профессор Сайли Хансай, исследующий технологии возделывания кукурузы и другие.

В ходе визита представители Китая встретились с руководством КазНИИЗиР и ведущими казахстанскими учеными. Обсуждены вопросы реализации текущих проектов, обмена опытом и проведения научных стажировок.

С 11 по 17 октября делегация посетит ряд научных и производственных площадок в Алматинской, Туркестанской, Акмолинской и Северо-Казахстанской областях. В программе – ознакомление с технологиями капельного орошения, системами бережного использования водных ресурсов, производством кукурузы, хлопка и зерновых культур.

Особое внимание стороны уделили внедрению инновационных агротехнологий, развитию селекционной работы и повышению урожайности культур, адаптированных к засушливым регионам Казахстана.

«Наши институты уже реализуют совместные проекты в сфере зерновых и масличных культур. Мы высоко ценим поддержку казахстанских коллег и уверены, что сотрудничество будет только укрепляться», – отметил господин Чжан Юэ Цян.

В завершение визита стороны выразили готовность расширять обмен специалистами, внедрять передовые научные разработки и проводить совместные исследования в рамках двусторонних программ.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X