30.07.2024
Соңғы жаңалықтар
Биыл Алматы облысында 14 мың гектар алқап су үнемдеу технологиясына қосылды. Ендігі меже – тамшылатып суаратын егістік көлемін 40 мың гектардан асыру. Бұл туралы «Егінжай күні» семинарында айтылды. КСМ: Жалпы ауыл шаруашылығы саласында шешімін таппаған мәселе көп. Мәселен, егістік суғару технологиясы дұрыс қолданылмайды. Салдарынан бастаудан шыққан тіршілік көзі алқапқа жетпей, ысырап болып жатыр, дейді мамандар.
Елімізде су ресурстарының 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласы пайдаланады. Осы ретте ғалымдар тіршілік көзін үнемдеуді үйреніп, оны тұтыну көлемін кемінде 50% — ға қысқарту керек. Есесіне, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 1,5-2 есеге арттыра аламыз, деп отыр .
Ақылбек Күрішбав, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті:
— Бізде тамшылатып суғарудың көлемі бес-ақ процент. Елімізде тамшылатып, жаңбырлатып суғары технологияларын өзіміз өндіру керек. Кадрларды заманауи технологияға үйретуіміз керек. Өкінішке орай, кадрлардың жағдайы сұраныс өте жоғары. Гидротехниктер жыл сайын университтерде 100 адам аяқтайды. Ал бізге сұраныс 800 адам.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.