Алматыда жас ғалымдар ғылымның болашағын талқылады
2025 жылғы 11–12 желтоқсан күндері Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Қазақстан жас ғалымдарының II Халықаралық конгресі өтті. Конгресс ЮНЕСКО ұсынған «Сенім, өзгерістер және ертеңгі күн: 2050 жылға қажет ғылым» тақырыбы аясында ұйымдастырылды.

Конгресс аясында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өсімдіктер биотехнологиясы зертханасының ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты Амангелдиева Айгүл Айдарқызы ғылыми баяндамамен сөз сөйледі. Оның баяндамасы климаттың өзгеруі мәселелеріне және ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдарының қуаңшылыққа төзімді соя желілері мен сорттарын шығару бойынша жүргізіп жатқан зерттеулерінің нәтижелеріне арналды.
Баяндама барысында жаһандық климаттық өзгерістер жағдайында сояның қуаңшылыққа төзімділігін анықтауға бағытталған кешенді фенотиптеу мен генотиптеу нәтижелері ұсынылды. Бұл зерттеулер селекцияны дамыту мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды ғылыми негіз болып табылады.
Конгресс жұмысына 1 000-нан астам жас зерттеуші, 24 елден келген 80-нен аса шетелдік ғалым, ғылыми диаспора өкілдері, академиктер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және жетекші ғылыми ұйымдардың басшылары қатысты.
Молодые учёные Казахстана обсудили науку будущего на международном конгрессе в Алматы
11–12 декабря 2025 года в Алматы прошёл II Международный конгресс молодых учёных Казахстана, организованный Национальной академией наук при Президенте Республики Казахстан. Мероприятие объединило исследователей вокруг глобальной повестки ЮНЕСКО – «Доверие, преобразования и завтрашний день: наука, необходимая нам к 2050 году».

В рамках конгресса с научным докладом выступила молодой учёный, научный сотрудник лаборатории биотехнологии растений Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства, докторант КазНУ имени аль-Фараби Амангелдиева Айгуль Айдаровна. Её выступление было посвящено актуальной теме изменения климата и результатам исследований учёных КазНИИЗиР по созданию засухоустойчивых линий и сортов сои.
В докладе были представлены итоги комплексного фенотипирования и генотипирования, направленные на выявление молекулярных маркеров устойчивости сои к засухе в условиях глобальных климатических изменений. Представленные разработки имеют важное значение для современной селекции и укрепления продовольственной безопасности страны.
Всего в работе конгресса приняли участие более 1 000 молодых исследователей, свыше 80 зарубежных учёных из 24 стран, представители научной диаспоры, академического сообщества, депутаты Парламента Республики Казахстан и руководители ведущих научных организаций.
@agro__press @nasec.kz
