Астық экспортының өсуі және ғылымға негізделген тұрақтылық: ҚазЕжӨШҒЗИ-тың өңірлік азық-түлік қауіпсіздігіне қосқан үлесі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 15 қаңтарға дейін 5,1 млн тонна жаңа өнім астығы экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (4,3 млн тонна) едәуір жоғары.
Негізгі бағыттар бойынша өсім: Өзбекстанға экспорт 40,2%-ға артты – 1,67 млн-тоннан 2,34 млн-тоннаға дейін; Қырғызстанға – 76,5% (85 мыңнан 150 мың тоннаға); Ауғанстанға – 71,6% (204 мыңнан 350 мың тоннаға).
Астық экспортының өсуі Қазақстан өнімдеріне өңірлік сұраныстың артып келе жатқанын көрсетеді.
Мамандардың айтуынша, статистика артында ғылым тұр. ҚазЕжӨШҒЗИ 2025 жылы өндірген: 400 тонна түпнұсқалық,
746 тонна элиталық, 1 641 тонна бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдар.
Жоғары репродукциялық тұқымдар Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының фермерлеріне берілді.
Институт сонымен қатар Қырғыз Республикасына 100 тоннадан астам дәнді дақылдар тұқымын, Түрікменстан Республикасына 25 тонна майлы дақылдар тұқымын экспорттады. Бұл Орталық Азиядағы ауыл шаруашылығын дамытудағы институттың маңызды рөлін көрсетеді.
Агроном-тұқымшы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Мұхтар Әшірбеков айтуынша:
«Ауыл шаруашылығы министрлігінің статистикасы экспорт өсімін көрсетіп отыр, және бұл нәтиже ғылыми сүйемелдеусіз мүмкін емес. Климатқа бейімделген сорттарды шығару, тұқым шаруашылығын дамыту және заманауи агротехнологияларды енгізу фермерлерге аномалды ыстық пен құрғақшылыққа қарамастан тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді. Ғылым мен мемлекеттік саясаттың үйлесімі Қазақстанның және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады».
ҚазЕжӨШҒЗИ әзірлемелері көршілес елдерде де сұранысқа ие. Жоғары өнімді және климатқа бейімделген сорттар көрші мемлекеттерге ауыл шаруашылығын дамытуға, өнімділікті арттыруға және тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Экспорт зерна растёт, наука усиливает устойчивость: вклад КазНИИЗиР в продовольственную безопасность Центральной Азии
По данным Министерства сельского хозяйства РК, с сентября 2025 года по 15 января 2026 года Казахстан экспортировал 5,1 млн тонн зерна нового урожая, что превышает показатели аналогичного периода 2024 года (4,3 млн тонн).
Наибольший рост наблюдался по ключевым направлениям:
в Узбекистан экспорт увеличился на 40,2% – с 1,67 млн до 2,34 млн тонн; в Кыргызстан – на 76,5% (с 85 тыс. до 150 тыс. тонн);
в Афганистан – на 71,6% (с 204 тыс. до 350 тыс. тонн).
Рост экспорта подтверждает растущий спрос на казахстанскую сельхозпродукцию и укрепляет позиции страны на региональном рынке.
Как отмечают эксперты, за цифрами статистики стоит научная работа. КазНИИЗиР в 2025 году произвел: 400 тонн оригинальных, 746 тонн элитных, 1 641 тонну семян первой, второй и третьей репродукции.
Высокорепродукционные семена были предоставлены сельхозтоваропроизводителям южных и юго-восточных регионов страны – Алматы, Жетысу, Жамбыл, Туркестан и Кызылорда.
Институт также экспортировал более 100 тонн семян зерновых культур в Кыргызстан и 25 тонн семян масличных культур в Туркменистан, что подтверждает его роль в развитии сельского хозяйства Центральной Азии.
Мухтар Аширбеков, агроном-семеновод, доктор сельскохозяйственных наук, отметил:
«Статистика Министерства сельского хозяйства показывает стабильный рост экспорта, и этот результат невозможен без научного сопровождения. Работа по созданию климатически адаптированных сортов, развитию семеноводства и внедрению современных агротехнологий позволяет фермерам получать стабильный урожай даже в условиях аномальной жары и засухи. Подобная координация науки и государственной политики укрепляет продовольственную безопасность Казахстана и всего региона».
Казахстанские научные разработки востребованы и за пределами страны. Высокопродуктивные и адаптированные сорта помогают соседним государствам повышать урожайность и устойчивость сельхозпроизводства, укрепляя экономические и продовольственные связи в Центральной Азии.
@agro__press @nasec.kz
