Б. Асанов ҚазЕжӨШҒЗИ ұжымымен кездесті
2025 жылғы 6 қарашада «Ұлттық аграрлық ғылыми-зерттеу орталығы» КеАҚ (НАНОЦ) Басқарма төрағасы Бауыржан Қонұрбайұлы Асанов «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-не (ҚазЕжӨШҒЗИ) іссапармен келді.

Сапар барысында Бауыржан Қонұрбайұлы институт ұжымымен танысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары мен ауыл шаруашылығы саласындағы басым міндеттерді талқылады. Сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған аграрлық ғылымды дамыту жоспары қаралды.
Басқарма төрағасы ауыл шаруашылығы дақылдарының генбанкін, заманауи зертханалар мен сақтау қоймаларын аралап көрді, онда тұқым үлгілері, дақыл коллекциялары және ғылыми тәжірибелер нәтижелері сақталған. Сонымен қатар, ол институттың тарихынан сыр шертетін мұражаймен танысып, аграрлық ғылымның дамуындағы және елдің азық-түлік қауіпсіздігін арттырудағы институттың маңызды рөліне тоқталды.

Бауыржан Қонұрбайұлы институт ғалымдарының кәсіби деңгейін, ғылыми дәстүрдің сабақтастығын және зерттеу жұмыстарының жоғары ұйымдастырылуын ерекше атап өтті.
Кездесу соңында тараптар «Ұлттық аграрлық ғылыми-зерттеу орталығы» КЕАҚ пен ҚазЕжӨШҒЗИ арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру, инновациялық технологияларды енгізу және ғылыми кадрларды дамыту мәселелерін талқылады.
Сапар жылы әрі іскерлік ахуалда өтті. Тараптар аграрлық ғылымды дамыту мен өзара серіктестікті нығайтуға ортақ ниет білдірді.
Б. Асанов встретился с коллективом КазНИИЗиР
06 ноября 2025 года председатель Правления НАО «Национальный аграрно-научно-образовательный центр» (НАНОЦ) Бауыржан Конурбаевич Асанов посетил ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» (КазНИИЗиР).

В ходе визита Бауыржан Конурбаевич познакомился с коллективом института, обсудил приоритетные направления научной деятельности, а также планы по дальнейшему развитию исследований в области земледелия, растениеводства и семеноводства.
Председатель Правления осмотрел генбанк сельскохозяйственных культур, современные лаборатории и складские помещения, где хранятся образцы семян, коллекции культур и результаты научных экспериментов. Особый интерес вызвал музей института, отражающий богатую историю развития аграрной науки Казахстана, достижения учёных и вклад института в повышение продовольственной безопасности страны.
Бауыржан Конурбаевич отметил высокий уровень организации научной работы, профессионализм сотрудников и преемственность научных традиций.

В завершение встречи стороны обсудили перспективы сотрудничества между НАНОЦ и КазНИИЗиР, реализацию совместных проектов, внедрение инновационных технологий и развитие кадрового потенциала.
Визит прошёл в тёплой и конструктивной атмосфере, подтвердив общее стремление к дальнейшему укреплению научного взаимодействия и развитию аграрной науки Казахстана.
