Последние новости

Соңғы жаңалықтар

15.10.2025

Казахстанские учёные вывели новую климатически устойчивую люцерну «Тозимди»

Dark Mode

В Казахстане представлен первый сорт люцерны, устойчивый к жаре и засухе. Новый сорт, названный «Тозимди» (в переводе – «устойчивый»), стал результатом многолетней работы Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) совместно с учёными Австралийского института исследований и разработок (SARDI).

Фото из открытых источников

Исследования проводились в рамках международного проекта BOLD (Biodiversity for Opportunities, Livelihoods and Development), реализуемого Crop Trust при поддержке правительства Норвегии.

По словам профессора Галиоллы Мейирмана, руководителя исследований люцерны в КазНИИЗиР, новый сорт может стать настоящим спасением для фермеров, страдающих от дефицита воды:

«Отступающие ледники лишают фермеров источников орошения. Благодаря сорту “Тозимди” они смогут выращивать люцерну без полива и сохранять стабильное производство молока и мяса» – отметил он.

Сорт был создан путём скрещивания местных сортов люцерны с дикими сородичами, устойчивыми к экстремальным температурам – от –20 до +40 °C. Испытания проводились в Кызылординской, Жамбылской, Южно-Казахстанской и Алматинской областях, где «Тозимди» показал высокую урожайность, устойчивость к засухе и морозам.

По оценке учёных, новый сорт способен приносить до четырёх урожаев в год, снижая затраты животноводов и повышая качество кормов. Кроме того, он способствует улучшению структуры почвы и замедлению опустынивания.

Руководитель проекта по люцерне в SARDI доктор Алан Хамфрис отметил, что опыт Казахстана может стать моделью для других стран, сталкивающихся с нехваткой воды.

«Тозимди – пример того, как научное сотрудничество помогает находить реальные решения климатических вызовов», – подчеркнул он.

КазНИИЗиР продолжит работу по адаптации сорта в разных климатических зонах Казахстана, чтобы сделать устойчивое сельское хозяйство доступным для всех фермеров страны.

Қазақстандық ғалымдар «Төзімді» атты жаңа климатқа төзімді жоңышқа сортын шығарды

Қазақстанда алғаш рет ыстық пен құрғақшылыққа төзімді жаңа жоңышқа сорты – «Төзімді» әзірленді. Атауының өзі «берік, тұрақты» деген мағынаны білдіретін бұл сортты Қазақ ауыл шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазЕжӨШҒЗИ) ғалымдары Австралияның SARDI институтымен бірлесіп шығарды.

Жоба BOLD (Biodiversity for Opportunities, Livelihoods and Development) халықаралық бағдарламасы аясында Crop Trust ұйымының және Норвегия үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылды.

ҚазЕжӨШҒЗИ профессоры Ғалиолла Мейірманның айтуынша, жаңа сорт су тапшылығынан зардап шегіп отырған фермерлерге үлкен көмек болады:

«Мұздықтардың шегінуіне байланысты су тапшылығы күшейіп келеді. “Төзімді” сорты фермерлерге суарылмайтын алқаптарда да жоңышқа өсіруге мүмкіндік береді».

Жаңа сорт жергілікті жоңышқаларды құрғақшылыққа бейім жабайы туыстарымен будандастыру арқылы алынған. Өсімдік –20°С-тан +40°С-қа дейінгі температурада жақсы өседі. Сынақтар Қызылорда, Жамбыл, Түркістан және Алматы облыстарында жүргізіліп, жоғары өнімділік пен аязға төзімділік көрсетілген.

«Төзімді» сорты жылына үш-төрт орымға дейін өнім береді, мал азығының сапасын арттырады және жердің құнарлылығын сақтауға ықпал етеді.

SARDI институтының ғалымы, доктор Алан Хамфрис Қазақстан тәжірибесі климаттық қиындықтарға бейімделудің халықаралық үлгісі бола алатынын атап өтті.

«“Төзімді” – ғылым мен фермерлер ынтымақтастығының нақты нәтижесі», – деді ол.

ҚазЕжӨШҒЗИ алдағы уақытта сортты әртүрлі өңірлердің климаттық жағдайларына бейімдеу жұмыстарын жалғастырады.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X