КазЕжӨШҒЗИ-да «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» ұлттық бастамасы таныстырылды
4 наурыз күні Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (КазЕжӨШҒЗИ) базасында FAO және IOFS ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі, ғылым және білім беру жөніндегі Максим Юрьевич Сутула қатысты.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасының селекцияны жаңғыртуға және тұқым шаруашылығы жүйесін нығайтуға бағытталған стратегиялық «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» Ұлттық бастамасы талқыланды.
Бастаманың өзектілігі
Баяндамада тұқым шаруашылығы саласында бірқатар жүйелі мәселелер бар екені атап өтілді: мамандандырылған техниканың тозуы, кейбір дақылдар бойынша шетелдік селекцияға тәуелділіктің жоғары болуы, сондай-ақ Мемлекеттік тізілімге 10 жылдан астам уақыт бұрын енгізілген сорттардың әлі де кең қолданылуы.
Сарапшылардың бағалауынша, сорттарды уақтылы жаңарту жыл сайын кемінде 3,5 млн тонна қосымша өнім алуға мүмкіндік береді.
Бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту, аграрлық ғылымды қолдау және саланы технологиялық жаңғырту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген басым міндеттердің бірі болып айқындалған.

Жобаның негізгі бағыттары
1. Селекциялық бағдарламаларды жаңғырту
Цифрлық фенотиптеу, жеделдетілген селекция (Speed breeding), маркерлік-бағытталған селекция (MAS) технологияларын енгізу, геномдық зерттеулер мен далалық сынақтарды ықпалдастыру көзделген. Бұл жаңа сорттарды шығаруды жеделдетіп, олардың қуаңшылыққа төзімділігін арттыруға және өнімділікті көтеруге мүмкіндік береді.
2. Тұқым шаруашылығы жүйесін нығайту
Зертханалық базаны жаңарту, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, мамандардың біліктілігін арттыру, тұқымдарды қадағалау жүйесін дамыту және салалық әріптестікті қалыптастыру қарастырылған.
3. Алма шаруашылығын дамыту
Саланы кешенді диагностикалау және өндірісті жаңғыртуға арналған инвестициялық модель әзірлеу жоспарланған.
Күтілетін нәтижелер
Жобаны іске асыру: ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 10–20%-ға арттыруға; отандық бәсекеге қабілетті сорттардың үлесін ұлғайтуға; тұқым импортына тәуелділікті төмендетуге; еліміздің әртүрлі климаттық аймақтарында пилоттық шаруашылықтар құруға; аграрлық ғылымның кадрлық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына бағытталған бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.
В КазНИИЗиР представлена Национальная инициатива «Казахстанские сорта и семена»
4 марта на базе Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) состоялась рабочая встреча с участием представителей FAO и IOFS.
В мероприятии принял участие Заместитель Председателя Правления – член Правления по науке и образованию НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр» Максим Юрьевич Сутула.
В рамках встречи была обсуждена стратегическая Национальная инициатива «Казахстанские сорта и семена», направленная на модернизацию селекции и укрепление системы семеноводства Республики Казахстан.

Актуальность инициативы
В ходе выступления было отмечено, что семеноводческая отрасль сталкивается с рядом системных вызовов: изношенность специализированной техники, высокая доля импортной селекции по отдельным культурам, а также использование сортов с длительным сроком нахождения в Государственном реестре.
По экспертным оценкам, своевременная сортосмена способна обеспечить дополнительный прирост валового сбора урожая до 3,5 млн тонн ежегодно.
Развитие первичного семеноводства, поддержка аграрной науки и технологическая модернизация отрасли реализуются в соответствии с поручениями Главы государства Касым-Жомарт Токаев.

Ключевые направления проекта
Инициатива предусматривает комплексные меры:
1. Модернизация селекционных программ
Внедрение цифрового фенотипирования, технологий ускоренной селекции (Speed breeding), маркер-опосредованной селекции (MAS), интеграция геномных исследований и полевых испытаний. Это позволит ускорить выведение новых сортов, повысить их адаптивность к засушливым условиям и увеличить продуктивность.
2. Укрепление системы семеноводства
Модернизация лабораторной базы, внедрение международных стандартов качества, повышение квалификации специалистов, развитие системы прослеживаемости семян и формирование отраслевого партнёрства.
3. Развитие яблочного сектора
Проведение комплексной диагностики отрасли и разработка инвестиционной модели модернизации производства.
Ожидаемые результаты
Реализация инициативы позволит: повысить урожайность на 10–20%; увеличить долю отечественных конкурентоспособных сортов; снизить импортозависимость по семенному материалу; создать пилотные хозяйства в различных климатических зонах страны; усилить кадровый потенциал аграрной науки.
По итогам встречи стороны подтвердили готовность к дальнейшему сотрудничеству и реализации совместных проектов, направленных на обеспечение продовольственной безопасности и устойчивое развитие агропромышленного комплекса Казахстана.
@agro__press @nasec.kz
