Последние новости

Соңғы жаңалықтар

27.09.2025

ORGANIC EXPO 2025 халықаралық форумы Алматыда өтті

Dark Mode

2025 жылғы 26–28 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, Caspian University базасында Орталық Азиядағы органикалық ауыл шаруашылығын дамытуға арналған халықаралық форум – ORGANIC EXPO 2025 өтті.

Бұл форум органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы инновацияларды таныстыру, өңірлік ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу үшін маңызды алаң болды. Форумға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Caspian University, сондай-ақ БҰҰ Даму бағдарламасы (ПРООН), Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО), ЕҚЫҰ және бірнеше шетелдік делегациялар қатысты.

Форум ресми түрде ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрінің қатысуымен ашылды. Халықаралық ұйымдардың өкілдері өз құттықтауларын жеткізіп, Орталық Азиядағы органикалық секторды дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Негізгі баяндамашылардың бірі – Шолпан Бастаубаева, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы, органикалық ауыл шаруашылығын дамытудағы ғылыми зерттеулер мен инновациялар туралы айтты. Оның сөзінше, органикалық өндіріс – бұл тек технология емес, экологияны қорғау мен халықтың денсаулығын сақтау, ұлттық мәдениет пен болашақ ұрпақтың мүддесі. 2024 жылдан бастап институт гидропоникалық жылыжайларда жоғары тағамдық құндылығы бар «витграсс» шырынын өндіру жобаларын іске асыруда. Бұл бағыттағы зерттеулер Қазақстанның селекцияланған бидай сорттарына негізделген.

Мамандардың айтуынша, бүгінде органикалық өнім тұтыну – сәнді үрдіс емес, қажеттілікке айналып отыр. Түрлі созылмалы сырқаттардың көбеюі, экологиялық ахуалдың нашарлауы – халықты химиялық қоспасыз, пестицидсіз таза азық-түлікке бет бұруға итермелеуде.

– «Табиғи таза өнімге сұраныс жоғары. Мәселен, әлемде органикалық нарық жыл сайын 8–10 пайызға өсуде», – дейді мамандар. Қазақстан да бұл бағытта елеулі қадамдар жасап келеді. Сертификатталған органикалық жерлердің көлемі ұлғайып, отандық өнім шетелге экспортталуда.
Алайда бұл салада шешімін таппаған мәселелер де бар.

Қазақстанның органикалық өнім өндірушілер одағының директоры Арсен Керімбеков органикалық ауыл шаруашылығында өнімділік төмен болатынын және мұндай өндіріс оңай емес екенін атап өтті:

– «Химиялық тыңайтқыштарды, зиянкестерге қарсы құралдарды қолдануға болмайды. Бірақ бұған балама технологиялар бар. Мысалы, картоптың жанына гүл отырғызсаңыз, колорад қоңызы гүлге кетіп, картопқа тимейді. Мұндайда өнім аз болады, бірақ таза болады. Бұл жерде ғылымның көмегі қажет», – дейді ол.

Керімбековтің айтуынша, органикалық шаруашылықта зиянды организмдер, арамшөптер мен аурулардан келетін шығынды азайту үшін фермерлер биологиялық күрес тәсілдеріне жүгінуі керек.
Бұл пікірді биология ғылымдарының кандидаты, профессор Бахытжан Дүйсембеков те қолдады. Оның айтуынша, бүгінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл бағытқа қолдау көрсетіп, ғылымға ірі жобалар беруде.

– «Бүгінгі таңда химияның үлесін азайтып, зиянкестермен биологиялық жолмен күресу – басты міндет. Барлық ғылым салалары бірігіп жұмыс істеген жағдайда ғана біз сапалы таза өнім ала аламыз. Ғалымдарымыз осы бағытта еңбек етуде», – деді профессор.

Сонымен қатар, форумда омарта шаруашылығы мәселесі де көтерілді. Қазақстан балы өзінің табиғи тазалығы мен сапасы арқылы ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие. Бірақ сала мамандарының айтуынша, омарташылар әлі де жеткілікті мемлекеттік қолдауға зәру.

Форум аясында панельдік сессиялар өтті, оларда Орталық Азияда органикалық ауыл шаруашылығын дамыту, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, халықаралық стандарттар, экспорттық мүмкіндіктер мен ішкі нарықты дамыту мәселелері жан-жақты қаралды. Германия сарапшылары аграрлық-саяси диалог жүргізіп, инновациялық тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар үшін ұйымдастырылған «Шаруашылыққа шығу күні» шеңберінде Алматы облысындағы Organic Village фермерлік шаруашылығына экскурсия жасалып, «Фермерлер мектебінің» ашылуы өтті. Сондай-ақ, агроэкотуризмді, экологиялық таза өнімдерді, биотехнологияларды дамыту және өңірлік жобаларды іске асыру бағыттары талқыланды.

Форумда Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия және Түрікменстаннан келген делегациялар өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, өңірлік ынтымақтастықты арттыру мақсатында бірлескен трансшекаралық жобаларды әзірлеу бойынша жұмыс тобынан Workshop өтті.

Қазақстандағы органикалық ауыл шаруашылығының әлеуеті зор. Қазіргі таңда елде 65 органикалық өнім өндіруші шаруашылық тіркелген, оның 58-і еуропалық стандарттарға сәйкес сертификатталған. Алайда органикалық өнім өндіру мен саудаға қатысты ресми статистика әлі толық қалыптаспаған, бұл саладағы нақты саясат жүргізуге кедергі келтіреді.

Экологиялық дағдарыстар мен климаттық өзгерістерге байланысты органикалық ауыл шаруашылығын дамыту бүгінгі таңда аса өзекті мәселе болып отыр. Органикалық өнімнің әлемдік нарықтағы сұранысы жыл сайын өсуде, ал Қазақстанның бұл бағыттағы мүмкіндіктері мен ғылыми негіздері айтарлықтай дамып келеді.

Органикалық ауыл шаруашылығы – бұл елдің экологиялық қауіпсіздігі мен азық-түлік тәуелсіздігінің негізі ғана емес, сонымен қатар экономиканың бәсекеге қабілетті, инновациялық бағыты. Бұл бағытта мемлекет пен ғылыми қауымдастық бірігіп, тұрақты даму мен болашақ ұрпақ үшін таза және сапалы өнім өндіруді қамтамасыз етуде.

Международный форум ORGANIC EXPO 2025 прошёл в Алматы

26–28 сентября 2025 года в Алматы на базе Caspian University состоялся международный форум ORGANIC EXPO 2025, посвящённый развитию органического сельского хозяйства в странах Центральной Азии.

Форум собрал представителей Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, Казахского агротехнического исследовательского университета имени С. Сейфуллина, Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства, Caspian University, а также международных организаций ПРООН, ФАО, ОБСЕ и делегаций из Кыргызстана, Узбекистана, Германии, Монголии и других стран.

Официальное открытие форума прошло с участием вице-министра сельского хозяйства Казахстана и представителей международных организаций. В ходе торжественной церемонии был подчеркнут важный вклад форума в развитие органического сектора и укрепление сотрудничества в регионе.
Ключевым докладчиком стала Шолпан Бастаубаева, председатель правления КазНИИЗиР. Она рассказала о научных проектах института в области органического сельского хозяйства, в том числе о выращивании высокопитательного «витграсса» в гидропонных теплицах на основе селекционных сортов пшеницы.

В рамках международного форума ORGANIC EXPO 2025, прошедшего в Алматы, эксперты выступили с важными замечаниями по вопросам развития органического сельского хозяйства.
Как отметили специалисты, сегодня потребление органической продукции – это не мода, а необходимость, обусловленная ростом хронических заболеваний и ухудшением экологической ситуации.

– «Спрос на органику растёт. Ежегодно мировой рынок органических продуктов увеличивается на 8–10%», – говорят эксперты. Казахстан также активно включается в этот процесс: растёт площадь сертифицированных органических земель, отечественная продукция выходит на экспорт.
Однако органическое производство требует значительных ресурсов. Арсен Керимбеков, директор Союза органических производителей Казахстана, в своём выступлении подчеркнул:

– «Производительность ниже, нельзя применять химические удобрения и пестициды. Но в мире есть альтернативные технологии. Например, если рядом с картофелем посадить цветы, колорадский жук выберет цветы, а не картошку. Урожай будет меньше, но он будет чистым. Здесь нужна поддержка науки», – сказал он.

По словам Керимбекова, защита растений в органике требует использования биологических методов борьбы с вредителями, болезнями и сорняками.

С этим мнением согласен и кандидат биологических наук, профессор Бахытжан Дюсембеков. Он подчеркнул, что Министерство сельского хозяйства Казахстана в последние годы оказывает серьёзную поддержку исследованиям в этой области.

– «Мы разрабатываем биологические методы, чтобы сократить применение химии. Только на стыке всех научных направлений можно гарантировать получение экологически чистой и безопасной продукции. Наши учёные уже работают над этим», – заявил он.

Особое внимание на форуме было уделено пчеловодству. Казахстанский мёд благодаря своей чистоте и качеству пользуется спросом как на внутреннем, так и на внешнем рынках. Однако, по мнению пчеловодов, отрасль по-прежнему нуждается в более активной государственной поддержке.

В рамках форума прошли панельные сессии, посвящённые развитию органического сектора, нормативно-правовым вопросам, инновациям, экспорту и внутреннему рынку. Немецкие эксперты провели аграрно-политический диалог и поделились передовым опытом.

Участники форума посетили органическую ферму Organic Village в Алматы области, где состоялось открытие «Школы фермеров». Также обсуждались вопросы агроэкотуризма, развития биотехнологий и региональных проектов.

Делегации из Кыргызстана, Узбекистана, Монголии и Туркменистана представили свой опыт и приняли участие в Workshop по созданию совместных трансграничных проектов в сфере органики.
В Казахстане зарегистрировано 65 производителей органической продукции, 58 из которых сертифицированы по европейским стандартам. Несмотря на отсутствие полной официальной статистики, страна занимает достойное место на мировом рынке органики.

Развитие органического сельского хозяйства является стратегической задачей в условиях глобальных климатических и экологических вызовов. Это не только вклад в продовольственную безопасность, но и конкурентное преимущество страны на мировом рынке экологически чистых продуктов.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X