05.12.2024
Соңғы жаңалықтар
2024 жылғы 4-5 желтоқсанда Астана қаласында «Бүгінгі сапалы тұқымдар – ертеңгі мол өнім» тақырыбында «ТҰҚЫМ-2025» IV Қазақстандық конференция-көрмесі өтіп жатыр.
Бұл іс-шара Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін сапалы тұқыммен қамтамасыз етудің өзекті мәселесіне арналған және конференцияда ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында еліміздің солтүстік, шығыс өңірлерінде мемлекеттік сортсынақ тәжірибелерінен өткен селекция жетістіктерінің қорытындысы атап өтіледі.
Конференцияда спикерлер Қазақстанда тұқым шаруашылығын дамытудың, сондақ-ақ шаруаларды сапалы тұқыммен, тыңайтқышпен және өсімдік қорғау заттарымен қамтамасыз етудің өзекті тақырыптары бойынша сөз сөйлеуде.
Екі күндік конференция шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен элиталық тұқым шаруашылықтарының қызметкерлерін жетекші ауыл шаруашылығы ғылыми мекемелерінен, сондай-ақ тұқым шаруашылығы бизнесін технологиялық қамтамасыз ету және экономикасы мәселелері бойынша бизнес практиктерін оқыту ұйымдастыру қарастырылған.
Осы «ТҰҚЫМ-2025» IV Қазақстандық конференция-көрмесінде институт Басқарма Төрағасы, ҚР Ұлттық аграрлық ғылым академиясының академигі Шолпан Оразқызы Бастаубаева «Дәнді, жемдік дәнді, дәндібұршақты, жемшөптік, майлы, техникалық дақылдардың бәсекеге қабілетті сорттары мен будандары» тақырыбындама баяндама жасады. Ш.Бастаубаева өз баяндамасында отандық селекция және тұқым шаруашылығындағы өзекті мәселелерді көтере отырып, өзге мемлекеттерде селекциялық жұмыстардың даму үрдісіне шолу жасап, егістік дақылдардың сортын/буданын шығаруда заманауи әдістерді қолданудың тиімділігі және отандық тұқым шаруашылығын тиісті жолға қою қажеттігі жөнінде ұсыныстар айтты.
Көрмеде тұқым өндірушілер мен сатушылар, ауыл шаруашылығы және тұқым тазалау техникасы мен агрегаттарын жеткізушілер, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарымен қамтамасыз етушілердің тауарлары қойылды.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.