Последние новости

Соңғы жаңалықтар

19.03.2025

Сақыш Тәңірбергенқызы Ержановаға мәңгілік тағзым

Dark Mode

Қазақ аграрлық ғылыми саласына елеулі еңбек сіңірген Ержанова Сақыш Тәңірбергенқызының дүниеден өткенін терең қайғымен хабарлаймыз. Ол 1957 жылы 3 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Аякөз ауданында дүниеге келген. Өзінің қажырлы еңбегі мен ғылымға қосқан үлесі үшін Сақыш Тәңірбергенқызы аграрлық ғылым саласында зор беделге ие болды.

Ержанова Сақыш Тәңірбергенқызы жоғары білімді, Қазақ политехникалық университетін (1974-1979) және Қазақтың Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылығы институтын (1979-1984) тәмамдаған. Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент. Жалпы еңбек өтілі 44 жыл 8 ай, оның ішінде 30 жыл «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС-де өтті. Оның ғылыми қызметі мен біліктілігін арттыру бағытында өтетін курстары мен халықаралық жобаларға жетекшілік етуі оған ғылыми ортада айтарлықтай абырой әкелді.

Ержанова С.Т. жас ғалымдар мен зерттеушілерге әрдайым қолдау көрсетіп, оларды ғылымда алға жылжыту үшін өз білімін және тәжірибесін кеңінен бөлісті. Оның ұстаздық жолы мен тәрбиесі ғылым жолында алға жылжуға ұмтылған көптеген жастар үшін үлгі болды.

Сақыш Тәңірбергенқызы Ержанова — ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, бұрынғы аспирантура және докторантура бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етті.

Аспирантура және докторантура бөлімінде ғылым кадрларын даярлау маңызды орын алды. Бұл бөлім 1949 жылдан бері жұмыс істеп, 1961 жылдан бастап диссертация қорғау кеңесі құрылды. Осы кеңесте 500-ден астам кандидаттық, 50-ден аса докторлық диссертация қорғалып, көптеген ғалымдар осы институтта жұмыс істеді. Сақыш Тәңірбергенқызының жетекшілігімен ғылымның шыңына жеткен мамандардың қатарында Қазақстанның, сондай-ақ әлемнің танымал ғалымдары бар.

Сақыш Тәңірбергенқызы Ержанова еліміздің ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына зор үлес қосып, өзінің қажырлы еңбегімен көптеген жас ғалымдарды тәрбиеледі.

Ғылыми жұмыстардың 110-нан астам жарияланымы, соның ішінде жоңышқа сорттары бойынша патенті бар. Ол бірнеше мәрте марапаттарға ие болды, оның ішінде 2014 жылы Қарасай ауданы әкімінің Құрмет грамотасы, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ Құрмет грамотасы, А.И. Бараев атындағы сыйлық және 2021 жылы «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі бар. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасына ұсынылды.

Соңғы жылдары ол халықаралық жобаларға белсенді қатысып, олардың сәтті жүзеге асырылуына айтарлықтай үлес қосты. «CONT-0809 — Alfalfa diversity for improved forage and livestock production in developing communities» жобасының аясында Сақыш Тәңірбергенқызы негізгі орындаушы ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар, ол «BOLD2022 — The Regeneration, transfer of samples of local, selective varieties and wild relatives of forage crops of Kazakhstan for storage in Svalbard» жобасының жетекшісі болды, бұл жоба оның ғылыми қызметіндегі маңызды кезең болды.

2024 жылы Норвегиядағы Шпицберген аралында орналасқан дүниежүзілік тұқым сақтау қоймасына SGSV координаторының шақыруымен Ержанова С.Т. мал азықтық дақылдардың 522 үлгісін депозитке сақтау үшін тапсырды.

Ержанова С.Т. ғалым ретінде үлкен із қалдырды. Оның ғылымдағы жетістіктері ешқашан ұмытылмайды. Біз оны құрметпен еске ала отырып, оның жарқын бейнесі мен есімі әрдайым жүрегімізде мәңгі сақталады.

Қайғылы көңілмен, КазНИИЗиР ұжымы.

Вечная память Сакыш Танирбергеновне Ержановой

С глубокой скорбью сообщаем о кончине Ержановой Сакыш Танырбергеновны, известного ученого и выдающегося деятеля аграрной науки и сельского хозяйства. Она родилась 3 апреля 1957 года в селе Баршатас, Аякозского района Восточно-Казахстанской области. Ее вклад в развитие аграрной науки и подготовку научных кадров невозможно переоценить.

Ержанова С.Т. получила высшее образование в Казахском политехническом университете (1974-1979) и в Казахском аграрном институте (1979-1984). Она была кандидатом сельскохозяйственных наук, доцентом. Общий трудовой стаж составил 44 года и 8 месяцев, из которых 30 лет она посвятила работе в «Казахскому научно-исследовательскому институту земледелия и растениеводства» РК.

В своей научной деятельности она всегда оказывала поддержку молодым ученым, помогая им расти и развиваться. Она делилась своими знаниями и опытом, вдохновляя будущие поколения исследователей. Ее деятельность как наставника и педагога оставила неизгладимый след в сердцах многих.

Сакыш Танырбергеновна Ержанова — кандидат сельскохозяйственных наук, бывший заведующий отделом аспирантуры и докторантуры. Отдел аспирантуры и докторантуры играл важную роль в подготовке научных кадров. Этот отдел работал с 1949 года, а с 1961 года была создана диссертационная комиссия. В рамках этой комиссии было защищено более 500 кандидатских и более 50 докторских диссертаций, и многие ученые продолжили свою работу в этом институте. Под руководством Сакыш Танырбергеновны достигли высоких результатов ученые, среди которых есть как известные казахстанские, так и зарубежные специалисты.

Сакыш Танырбергеновна Ержанова внесла огромный вклад в развитие сельскохозяйственной науки нашей страны и воспитала множество молодых ученых своим неустанным трудом и самоотдачей.

Сакыш Танырбергеновна является автором более 110 научных публикаций, в том числе одного патента на сорта люцерны. Она была удостоена многочисленных наград, среди которых Почетная грамота акима Карасайского района (2014), Почетная грамота Национального аграрного научно-образовательного центра (2014), премия имени А.И. Бараева, знак отличия «Лучший работник сельского хозяйства» (2021) и Почетная грамота Республики Казахстан.

В последние годы она активно участвовала в международных проектах, внося значительный вклад в их успешную реализацию. В рамках проекта «CONT-0809 – Alfalfa diversity for improved forage and livestock production in developing communities» Сакыш Танирбергеновна выступала основным исполнителем. Кроме того, она была руководителем проекта «BOLD2022 – The Regeneration, transfer of samples of local, selective varieties and wild relatives of forage crops of Kazakhstan for storage in Svalbard», который также стал важным этапом в ее научной деятельности.

В 2024 году для закладки в мировом хранилище семян на острове Шпицберген в Норвегии по приглашению координатора SGSV Ержанова С.Т. заложила на депозитное хранение в 522 образца семян кормовых культур.

Ее научное наследие останется в памяти тех, кто работал с ней. Мы всегда будем помнить о Сакыш Танырбергеновне, о ее светлом образе и непреходящем вкладе в развитие науки.

С глубоким прискорбием, коллектив КазНИИЗиР.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X