Последние новости

Соңғы жаңалықтар

13.12.2024

Тәуелсіздік — халқымыздың еркіндікке деген ұмтылысының жемісі

Dark Mode

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді қазақ жастарының намысы мен қайратының жемісі деп білеміз.

Бүгін Казақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында жас ғалымдар ұйымдастырған мерекелік іс-шара өтті.

Желтоқсан оқиғасы салдарынан қаза болған жазықсыз жастарымыздың рухына бас иіп, бір минут еске алды.

Алғашқы құттықтау сөзін институт директоры Басқарма Төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Азамат Хидировке берілді. Одан кейін ҚЕжӨШҒЗ институтының биология ғылымдарының докторы, профессор Шынболат Рысалиевқа сөз берілді.

Жылдың үздік жас ғалымы және 16 желтоқсан мерекесі аясында институт ғалымдары арасында болып өткен спорттық сайыстардың қорытынды марапаттары табысталды.

Тауелсіздік күніне арнап жас ғалымдардың орындалуында поэтикалық композиция, мәнерлеп оқу, ән айтып, қазақтын термелері орындалды.

Құрметті әріптестер!

Тауелсіздік — ең басты байлығымыз. Баршаңызға денсаулық, табыс және бейбіт өмір тілейміз! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X