Жас ғалымдарымыздың жеңісі – ортақ қуанышымыз
Құрметті Майкотов Бекжан, Баймағамбетов Арман, Рүстемова Қарлыға, Сапарбаева Нұргүл, Кеңес Бубина!
«ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС атынан Сіздерді Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторантура және магистратура бағдраламасы бойынша мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл қадам Сіздің ғылыми жолыңыздағы маңызды кезең болып табылады және Сіздің табандылығыңызды, жоғары кәсіби әлеуетіңізді көрсетеді.
Магистратурада Кеңес Бубина білім алатын болса, докторантураға Майкотов Бекжан, Баймағамбетов Арман, Рүстемова Қарлыға, Сапарбаева Нұргүл қабылданды. Сіздер институттың ғылыми қауымдастығының толық мүшесі болып, аграрлық ғылымның дамуына және жаңа буын мамандарын дайындауға үлес қосасыздар.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС құрамындағы Жас ғалымдар кеңесіне 40 жасқа дейінгі 43 қызметкер кіреді, олардың ішінде 4 PhD доктор және 33 магистр бар. Осы қауымдастыққа қосылу Сіздерге институттың ғылыми жобаларына белсенді қатысуға зор мүмкіндіктер ашады.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз. Жаңа ғылыми белестер Сіздерге мол мүмкіндіктер ашып, зерттеулеріңіз Қазақстанның ғылымы мен аграрлық секторын дамытуға елеулі үлес қоссын!
Құрметпен, Шолпан Бастаубаева «ҚазЕжӨШҒЗИ» ЖШС Басқарма Төрағасы және институттың ұжымы
Поздравляем наших молодых ученых!
Уважаемые Майкотов Бекжан, Баймагамбетов Арман, Рустемова Карлыга, Сапарбаева Нургуль, Кеңес Бубина!
От имени ТОО «КазНИИЗиР» искренне поздравляем вас с получением государственного образовательного гранта Казахского национального аграрного исследовательского университета и Казахского национального университета имени аль-Фараби для обучения в докторантуре и магистратуре! Этот шаг является важным этапом на вашем научном пути и подтверждает вашу настойчивость и высокий профессиональный потенциал.

В магистратуре будет обучаться Кеңес Бубина, а в докторантуру зачислены Майкотов Бекжан, Баймагамбетов Арман, Рустемова Карлыга и Сапарбаева Нургуль. Вы становитесь полноправной частью научного сообщества института, внося вклад в развитие аграрной науки и подготовку нового поколения специалистов.
Напоминаем, что в состав Совета молодых ученых ТОО «КазНИИЗиР» входят 43 сотрудника в возрасте до 40 лет, среди них – 4 доктора PhD и 33 магистра наук. Присоединение к этому сообществу открывает перед вами широкие возможности для активного участия в научных проектах и инициативах института.
Желаем вам крепкого здоровья, творческих успехов и новых научных достижений. Пусть новые горизонты открывают большие перспективы, а ваши исследования вносят весомый вклад в развитие науки и аграрного сектора Казахстана!
С уважением, Шолпан Бастаубаева Председатель правления ТОО «КазНИИЗиР» и коллектив института