Қазақстан мен Швеция аграрлық ғылым мен білім беру саласында ынтымақтастықты дамытады
2025 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚАТИУ) делегациясы Швеция ауыл шаруашылығы ғылымдары университетіне (SLU, Уппсала қ.) ресми сапар жасады. Сапарға Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Олжас Сүлейменов қатысты.

Іс-шара SLU проректоры Йлва Хиллбурдың құттықтау сөзімен ашылды. Ол халықаралық ғылыми және академиялық ынтымақтастықтың жаһандық сын-қатерлерді шешудегі маңыздылығын атап өтті. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Тасжүреков өз сөзінде білім беру және ғылым саласындағы серіктестікті нығайту бағыттарына тоқталды.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазЕжӨШҒЗИ) қызметі туралы баяндаған институт төрайымы, профессор Шолпан Оразовна Бастаубаева Қазақстандағы аграрлық ғылымның жаңа бағыттарын, оның ішінде өсімдік шаруашылығы мен тұрақты ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеулерді ерекше атап өтті. КАТИУ Басқарма мүшесі, провост Роза Абишева университеттің жетістіктері мен стратегиялық мақсаттарын таныстырды

Сапар барысында ҚазЕжӨШҒЗИ өкілдері сондай-ақ КАТИУ мен SLU ғалымдары, жаңа биотехнологиялық әзірлемелерді, инновациялық агротехнологияларды және ғылым мен бизнестің өзара ықпалдастығын дамыту жолдарын талқылады. Ерекше назар академиялық ұтқырлыққа, жас ғалымдарға арналған арнайы курстарға және бірлескен ғылыми жобаларға аударылды.
Айта кету керек, шведтік Acanova AB (ThermoSeed Global AB) компаниясы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тұқым өңдеу саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Кәсіпорын жыл сайын 60 мың тоннаға жуық тұқымды бу арқылы пастерлеу әдісімен өңдейді. Бұл үдеріс патенттелген жылумен залалсыздандыру технологиясына негізделген.
Аталған әдіс тұқымдық патогендермен химиялық заттарды қолданбай күресудің тиімді тәсілі болып саналады. Осылайша ThermoSeed технологиясы пестицидтерді мүлде қолданбай, тұқымның өну қабілеті мен тіршілік қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді.
Маңызды атап өткен жөн, бұл технологияны енгізу өңдеу өнімділігі мен сапасын арттыруға, технологиялық үдерістің энергия сыйымдылығын азайтуға, сондай-ақ тұқымның зақымдану деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, ол қымбат қорғаныш-ынталандырушы құралдарды артық жұмсауды болдырмай, үдерістің экологиялық әрі экономикалық тиімділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, компанияның Солтүстік Еуропа елдерінде табысты жұмыс істейтін алты заманауи зертханасы бар екенін атап өткен жөн. Әрбір зертхана ай сайын 30 мың тоннаға дейін тұқым өңдей алады, бұл өндірістің тұрақтылығын және жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
Аталған ынтымақтастық Қазақстан мен Швеция арасындағы ғылыми-білім беру серіктестігін нығайтуға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі инновацияларды ілгерілетуге зор үлес қосады деп күтілуде.
Казахстан и Швеция развивают сотрудничество в аграрной науке и образовании
1 октября 2025 года состоялся рабочий визит делегации Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, Казахского НИИ земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) и Казахского агротехнического исследовательского университета имени С. Сейфуллина (КАТИУ) в Шведский университет сельскохозяйственных наук (SLU, г. Уппсала). В мероприятии принял участие Чрезвычайный и Полномочный Посол Казахстана в Королевстве Швеция Олжас Сулейменов.
С приветственным словом выступила проректор SLU Илва Хиллбур, подчеркнувшая значимость международного научного и академического сотрудничества для решения глобальных вызовов. Вице-министр сельского хозяйства РК Ерлан Тасжуреков отметил перспективы развития совместных образовательных и исследовательских проектов.

Особое внимание аудитории привлекло выступление Председателя Правления Казахского НИИ земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР), профессора Шолпан Оразовны Бастаубаевой, которая рассказала о ключевых исследованиях института в области земледелия, растениеводства и устойчивого сельского хозяйства. От имени КАТИУ выступила член Правления, провост Роза Абишева, представившая достижения университета и приоритетные направления сотрудничества.
Стоит отметить, что шведская компания Acanova AB (ThermoSeed Global AB) является одним из мировых лидеров в области экологически безопасной обработки семян. Предприятие ежегодно перерабатывает около 60 тысяч тонн семян с применением технологии паровой пастеризации, основанной на запатентованном процессе термического обеззараживания.
Данный метод, как показывает практика, является эффективным инструментом борьбы с семенными патогенами без применения химических средств защиты растений. Благодаря этому технология ThermoSeed полностью исключает использование пестицидов, сохраняя при этом высокие показатели всхожести и жизнеспособности семян.
Важно подчеркнуть, что внедрение такой технологии позволяет повысить производительность и качество обработки, существенно снизить энергоёмкость технологического процесса, а также уменьшить травмирование семян. Кроме того, это решение способствует исключению перерасхода дорогостоящих защитно-стимулирующих средств, что делает процесс не только экологичным, но и экономически выгодным.
Следует добавить, что компания располагает шестью современными лабораториями, успешно осуществляющими свою деятельность в странах Северной Европы. Каждая лаборатория способна обрабатывать до 30 тысяч тонн семян в месяц, обеспечивая стабильное качество и масштабное производство.
В ходе визита были представлены презентации КазНИИЗиР, КАТИУ, а также исследователей из SLU и Уппсальского университета. Стороны обсудили вопросы внедрения инновационных агротехнологий, взаимодействия науки и бизнеса, а также расширения академической мобильности. В числе перспективных направлений – запуск совместных образовательных программ, проведение сертифицированных курсов для молодых ученых и реализация совместных научных проектов.

По итогам визита стороны подтвердили высокий интерес к дальнейшему укреплению двустороннего сотрудничества, которое позволит расширить академическую и научную интеграцию, а также будет способствовать продвижению инноваций в агропромышленном комплексе Казахстана и Швеции.
