Қазақстандағы соя: азық-түлік қауіпсіздігінің болашағы
Соя – әлемдегі ең сұранысқа ие дақылдардың бірі. Бүгінде ол өсімдік майларының әлемдік нарығының 25% және өсімдік ақуызының 70% қамтамасыз етеді.
International Grains Council (IGC) деректеріне сәйкес, 2024–2025 жылғы маусымда әлемдік соя өндірісі шамамен 418 млн тонна болады, бұл өткен маусымға қарағанда 5%-ға көп.

Қазақстанда соя негізінен Алматы, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында өсіріледі. Бұл өңірлер елдегі жалпы өнімнің 80%-дан астамын береді. Дегенмен, егіс алқаптары азайып келеді: 2019 жылы 138 мың га болса, 2024 жылы 100 мың га жуық болды. Орташа өнімділік – 1,95–2,3 т/га.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты соя бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. 2025 жылы мұнда 5 мыңнан астам сынамалық сорт егілді. Ғалымдар әр өңірдің климатына бейімделген сорттарды шығарады:
Оңтүстікке – құрғақшылыққа төзімді кеш пісетін сорттар;
Оңтүстік-шығысқа – орташа пісетін сорттар;
Шығысқа – ерте пісетін, көктемгі және күзгі үсікке төзімді сорттар;
Солтүстікке – ультра ерте пісетін дәндік бағыттағы сорттар.
Қазір Қазақстанның Мемлекеттік тізілімінде 80 соя сорты бар, оның 23-і дәл осы институтта шығарылған. Тәжірибелік учаскелерде өнімділік 4–6 т/га жетіп отыр.

Майлы дақылдар зертханасының жетекшісі, профессор Светлана Дидоренконың айтуынша, селекцияның басты мақсаты – Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайтатын әрі экспорттық әлеуетін арттыратын жоғары өнімді, бейімделген сорттарды шығару.
Соя в Казахстане: стратегия будущего продовольственной безопасности
Соя – одна из самых востребованных культур в мире. Сегодня она занимает 25% мирового рынка растительных масел и обеспечивает до 70% доступного растительного белка.
По данным International Grains Council (IGC), в сезоне 2024–2025 годов мировое производство сои составит около 418 млн тонн, что на 5% больше, чем в прошлом сезоне.

В Казахстане основными регионами по выращиванию сои остаются Алматинская, Жетысуская и Восточно-Казахстанская области. На них приходится более 80% урожая. Однако площади посева за последние годы сократились: если в 2019 году соя занимала 138 тыс. га, то к 2024 году – около 100 тыс. га. Средняя урожайность составляет 1,95–2,3 т/га.
Большая работа по развитию сои ведётся в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства. В 2025 году здесь высажено свыше 5 тысяч сортообразцов. Учёные создают сорта для разных климатических зон:
Юг – позднеспелые, засухоустойчивые сорта;
Юго-восток – среднеспелые;
Восток – раннеспелые, устойчивые к заморозкам;
Север – ультраскороспелые зерновые сорта.
Сегодня в Госреестре Казахстана зарегистрировано 80 сортов сои, из них 23 выведены именно в КазНИИЗиР. Урожайность на опытных участках института достигает 4–6 т/га, что значительно выше средних показателей.

По словам заведующей лабораторией масличных культур, профессора Светланы Дидоренко, главная цель селекционной работы – это создание высокопродуктивных и адаптированных сортов, которые помогут Казахстану укрепить продовольственную безопасность и развить экспортный потенциал.