Последние новости

Соңғы жаңалықтар

24.12.2025

ҚазЕжӨШҒЗИ тұқым зауыты туралы «Қазақстанская правда» газетінде материал жарық көрді

Dark Mode

Республикалық «Қазақстанская правда» газетінде Алматы облысы Алмалыбақ ауылында Қазақстанның егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЕжӨШҒЗИ) базасында жоғары сапалы жүгері гибридтері мен сорго дақылдарының тұқымын өндіретін зауыттың іске қосылуы туралы материал жарияланды.

Мақалада отандық фермерлерді сапалы тұқым материалымен қамтамасыз етуге бағытталған жобаның маңызы баяндалады. Зауытта Чехия мен Қытайдан жеткізілген заманауи технологиялық желі орнатылған. Бұл желі тұқымды кептіруден бастап, бастыру, калибрлеу және ыңғайлы қаптамаға салуға дейінгі толық өндірістік циклді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Өндірістік желінің сағатына үш тоннаға дейін өнім өңдеу қуаты бар екені, сондай-ақ жүгері өсірумен айналысатын аграрийлердің сұранысына қарай бұл көрсеткішті арттыру мүмкіндігі атап өтілген. Шағын көлеміне қарамастан, бұл – тұқым дайындау сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін толыққанды өндіріс орны.

Сондай-ақ ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдарының құрғақшылыққа, ауруларға және топырақтың тұздануына төзімді жүгері гибридтері мен сорго, судан шөбі, могар секілді дақыл сорттарын енгізуге ерекше көңіл бөлетіні айтылған. Жобаның іске қосылуы өңірлік даму үшін стратегиялық маңызға ие және мал азықтық дақылдардың егіс алқаптарын кеңейтуге бағытталған.

Материалда ТОО «Қазақстанның егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаеваның пікіріне де орын берілген. Оның айтуынша, жоба алдымен ғылыми тұрғыда әзірленіп, кейін «Ғылым қоры» АҚ арқылы қаржылық грантқа ие болған. Қосымша қаражат институттың өз қаражаты есебінен бөлініп, нәтижесінде бес оңтүстік өңірді жүгері тұқымымен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болған.

Зауыттың ашылу салтанатына ҰАҒБО Басқарма төрағасының орынбасары Максим Сутула, облыстардың өкілдері, «Ғылым қоры» АҚ, ғалымдар, кәсіпкерлер мен фермерлер қатысқаны да атап өтіледі. Қор өкілдері мұндай жобаларды қолдау агроөнеркәсіп кешенін дамытудың басым бағыты екенін жеткізген.

Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз: https://kazpravda.kz/n/gibridy-stanut-dostupnee/

Запуск семенного завода в КазНИИЗиР: материал вышел в «Казахстанской правде»

В республиканской газете «Казахстанская правда» опубликован материал о запуске завода по производству высококачественных семян гибридов кукурузы и сорговых культур в селе Алмалыбак Алматинской области на базе Казахстанского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР).

В статье рассказывается о значимости проекта, направленного на обеспечение отечественных фермеров качественным семенным материалом. На заводе установлена современная технологическая линия, поставленная из Чехии и Китая, которая позволяет осуществлять полный цикл обработки семян – от сушки и обмолота до калибровки и фасовки в удобную тару.

Отмечается, что производственная линия способна перерабатывать до трёх тонн продукции в час. При этом, в зависимости от потребностей аграриев, специализирующихся на выращивании кукурузы, её мощность может быть увеличена. Несмотря на компактные размеры, предприятие представляет собой полноценное производство, значительно повышающее качество подготовки семян к посеву.

Также подчёркивается, что учёные КазНИИЗиР уделяют особое внимание внедрению гибридов кукурузы и сортов сорговых культур, включая сорго, суданскую траву и могар, отличающихся устойчивостью к засухе, болезням и повышенному содержанию солей в почве. Запуск проекта имеет стратегическое значение для регионального развития и направлен на расширение посевных площадей кормовых культур.

В материале приведено мнение Председателя правления ТОО «Казахстанский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» Шолпан Бастаубаевой. По её словам, проект был разработан научными специалистами института и впоследствии получил финансовый грант через АО «Фонд науки». Дополнительно были привлечены собственные средства института, что позволило создать производственные мощности для обеспечения семенами кукурузы пяти южных регионов Казахстана.

Также отмечается, что в церемонии запуска завода приняли участие заместитель председателя НАНОЦ Максим Сутула, представители областей, АО «Фонд науки», учёные, бизнесмены и фермеры. Представители фонда подчеркнули, что поддержка подобных проектов является одним из приоритетных направлений развития агропромышленного комплекса страны.

Подробности читайте по ссылке: https://kazpravda.kz/n/gibridy-stanut-dostupnee/

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X