ҚазЕжӨШҒЗИда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті
Бүгін ҚазЕжӨШҒЗИда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өтті.
Аталмыш шараға «Ауыл» ХДПП Төрағасы, VІІІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Серік Егізбаев; «Ауыл» ХДПП Төрағасының орынбасары, VІІІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Жигули Дайрабаев; «Ауыл» ХДПП мүшесі, VІІІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің комитетінің мүшесі Ерболат Саурықов; Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Басқарма Төрағасы Шолпан Бастаубаева; ҚазЕжӨШҒЗИ ұжымы, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Парламент Мәжілісі депутаттары жиналған қауымға өздерінің атқарған жұмысы сонымен қатар заңдардың өзгерісі, оларды әзірлеу және қабылдау барысы туралы толық ақпарат беріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берді.
— Біз шаруашылықтын азаматтарымыз ғой, Кеңес үкіметі кезінде 10 жыл колхоз бастығы болғанмын. Тәуелсіздік алғаннан кеиінде осы ауыл шаруашылығы төңірегінде жүрмін, өз мамандығым агроном. Біздің университеттің ректоры Хайдар Арыстанбеков қарамағында қызмет еттім, агроном мамандығы ауыл шаруашылығын дамытатын мамандықтын бірі ғой, мемлекеттін қауыпсыздығын сақтауда осы егіншілік шаруашылығы басты орын алады. Бүгін сіздердің институттарыңызға келдік. Биыл 90 жыл болады институтқа, біз әр уақытта тығыз байланыста болдық, біздің региондарға бейімделген өсімдіктер, бидайдың сорттары, жүгерінің, қызылшаның, бұршақтын барлығы сіздерде шығарылды. Бүл институттың болашағы өте зор, біз ғылымды дамытпай, ғылыммен тәжірибені ұштастырып бірге алып жүрми, биіктерден көрінбейміз. Біз сіздердің лабораторияларыңызды көрдік, ғылыми қызметкерлермен кездестік, ең басты мәселе – материалдық базаны жөндеу керек, ол үшын мемлекеттік көзғарас өте дұрыс болу керек, екінші материалдық жағдайдан басқа айлық жалақы ғалымдардың, кәзір көп азамат айтып жатыр, 6-7 ай болды айлық алмайды екен. Қалай, сондықтан бұл мәселеге өте қатты қарау керек, содан кейін тендерге қатысу керек. Менімше осы түсініксіз жағдай, осы мәселелер шешілмеген, біз тек қана көру үшін келген жоқпыз. Біз Парламенттің депутаттары ретінде, оның үстіне аграрлық комитетінің мүшесіміз, біз ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде жәй қара алмаймыз, өз көзімізбен көрген мәселені зерттеп жүрміз. Қандай кемшіліктер бар екен, институттың жақсы ықпал етуіне жұмыс жасаймыз, көп нәрсеге уәде бермеймін, бірақта мен ойлаймын болашақта ауыл шаруашылығында мол өзгерістер болады, оған дәлел — уақыт өзгеріп жатыр. Мемлекет басшысыда ауыл шаруашылығына қатты көңіл аударып жатыр, мысалы, биылғы жылы ауыл шаруашылығына 1 трлн 8 млрд тенге ақша боліуне тапсырма берілді, одан техникаларды жаңалау үшін 460 млрд бөлінсін деп тапсырма берілді, ауыл шаруашылығына бөлінетін инвест-проектілерге қолдау үшін 8 млрд ақша болінді, осының барлығының артында сол саланың қызметкерлері жатыр. Министр Айдарбек Сапаров келгелі біраз өзгерістер еңгізіліп жатыр. Бұрында ауыл шаруашылығына қатысты мәселелер айлап, жылдап шешілмей жататын, кәзір сол кісі келуімен мәселе жылдам қолға алынды, мемлекет басшысыда ауыл шаруашылығына көз қарасын өзгертті. Институт ұжымына табысты енбек тілеймін, біз Парламент Мәжіліс депутаттары әр қашанда қолдау көрсетуге дайынбіз – деді депутат Жигули Дайрабаев.
Мәжіліс депутаттары 1 құркүйектен -1 шілдеге дейін өзінің жұмысын жасады, 1-10 шілденің арасында халықпен кездесуді бастаған болатын, бірнеше регионды аралады.
— Бугін Алматы облысындағы ҚазЕжӨШҒЗИ келдік, жанымызда Аграрлық комитетінің төрағасы Серік Егізбаев, Жигули Дарибаев бар. Көптен бері ойымызда жүрген институтпен танысуға, ғалымдармен кездесуге және қандай проблемалық мәселелер бар, соларды заң денгеінде шешуге. Бүгін осы институттың лабораторияларымен, жасап жатқан жұмыстар нәтижесімен танысып жатырмыз. Тоназытқыштарда тұрған отандық тұқымдарын сақталу жүйесімен таныстық. Жұмыстар әрине өте көп, бір үлкен мәселе көріп тұрмыз — ол мәселе бүгінгі күнде осы ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдарының қаржыландыруы, бүл өте үлкен проблема, бүл тек қана осы институттың проблемасы емес, жалпы ғылым академиясының, министірліктін проблемасы деп айтуға болады. Бұның шешу жолдарын біз өзіміз кезекті күзгі сессияда ұсыныс жасайтын боламыз, бырақ бұған дейінде 2023 жылдың қазан айында мен Премьер-министірдің атына осы ауыл шаруашылық министрлігінің құрамындағы ғылыми зерттеу институттарымен үш оқу орны бар, соны ғылым және жоғарғы министрлігіне бұйыру туралы ұсыныс жасаған болатынмын, бұл ұсыныс сол жерде қолдау тапқан, күз айында бұл мәсәле бойынша шешім қабылдану болатын болған. Белгілі бір бюрократиялық қимылдардың әсерінен бүл жұмыс тоқтап қалды. Көп ғалымдардың кездесуде айтатыны сол бұрынғы ғылым комитетінің құрамында болса, өйткені ол жақта қаржыландыру мерзімі уақытымен болады, және ол жактарда қаржыландырудың көлемі үлкен, осы ұсынысты бүгін институттың ғалымдары қайтадан айтып жатыр, алдағы уақытта осы мәселенің шешу үшін өз жұмыстарымызды жасайтын боламыз. Екінші мәселе – институттың жасап жатқан жұмыстарының нәтижесенін көрдік, отандық селекцияға байланысты көп деген жұмыстар бар екен, осы жұмыстарды біздің кәсіпкерлеріміз, фермерлеріміз алу керек. Оны алуы үшін мемлекеттік тарапынан бюджеттен қаржы бөліну мәселесі, субсидия мәселесінеде бұл жөнінде алдағы уақытта ұсыныстар жолдайтын боламыз. Ұлттық генофонд ашылуы керек, әрине, мен естігенім Ресейде, Өзбекістанда, Қырғызстанда ұлттық статусы бар екен, тек қана Қазақстанда алынып тасталған. Неге, кім, қашан алынғаны белгісіз, бұл туралы қажетті құжаттарды сұрастырдық. Күз айында Аграрлық комитеттің отырысында министрлікті осыған қатысты мемлекеттік органдарды жинаған кезде біз ұсыныс жасайтын боламыз, өйткені шын мәнінде ұлттық статусқа ие болмаса өзге елдердің ұлттық генофонд орталықтары сіздермен жұмыс жасамайды екен. Бір денгейге алып шығу үшін бұл мәселені біз кәзір барған соң жақсылап зерттеп, неге осы күнге дейін осы ұсыныс қолдау таппай отыр, кімнің тарапынан қолдау таппай отыр, осы мәселені шешуге тырысамыз. Біз осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз – деді депутат Ерболат Саурықов.
«Ауыл» ХДПП Төрағасы, VІІІ сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің Төрағасы Серік Егізбаев институтқа келген негізгі мақсаты — ресми түрінде Парламент депутаттары өнерлерге шығып әртүрлі саладағы, бағыттағы ұжымдармен кездесіп жүргенің айтты.
— Біріншіден, Мәжіліс аграрлық мәселе жөніндегі комитеттің мүшелері болғасын, оған қоса саяси жағынан біздер ауыл партиясының өкілдері болғасын, ауыл шаруашылықтар бағытындағы жұмыс істеп жатқан, соның ішінен ғылыми бағытындағы жұмыс істеп жатқан ұжымдармен кездесіп, солардын тіршіліктерін білу, жоспарларымен, женістіктерімен танысуға келдік, қоятын сұрақтары болса шешуге келдік. Әрине, бір сұрақ тез шешілді, бір сұрақ шешілмейді. Бүгінгі үлкен тарихы бар институтта мерейлі той болады екен – 90 жылдық. Кәзіргі күндеде көп жұмыс істелініп жатыр, көп мәселелерді заң түрғыда шешеміз деп ойлаймын, біз айтқан ұсыныстарды жазып, ертен Астанаға барған кезде сараптаймыз, үкіметтің денгейінде шешілетін мәселелер болса үкіметке сұрақ қоямыз, қадағалау жасаймыз, өзіміздің тарапымыздан заң қабылданған кезде өзгерістер еңгізу керек болса еңгіземіз, оныңда жұмыс жоспарың құрып, жұмысты жалғастырамыз. Біз көптеген кездесулерді өткізіп келе жатырмыз, Қызылорда, Түркістан, Тараз өңірлерін, соның ішінде ауыл шаруашылықтарын аралап келе жатырмыз, көп жерде айтылатын мәселе – қаржыландыру жетіспейді, әрине соның қаржы бөлу жақтарын шешуін қарастырумыз керек – деді Парламент Мәжіліс депутаты.
ҚазЕжӨШҒЗИ зертхана меңгерушілері баяндамалар жасады:
«Майбұршақ дақылының отандық жаңа сорттары»; «Қант қызылшасының отандық жаңа будандары»; «Жүгері және құмай дақылдарының отандық жаңа сорттары мен будандары»; «Күздік бидайдың отандық жаңа сорттары»; «Мал азықтық дақылдардың отандық жаңа сорттары»; «Су үнемдеу технологиялары».
Басқарма Төрағасы Шолпан Бастаубаева институт музейімен таныстырды; Ауылшаруашылық дақылдарының гендік қоры зертханасының меңгерушісі Минура Есімбекова Генбанкті көрсетті; Биотехнология, физиология, өсімдік биохимиясы және өнім сапасын бағалау зертханасының меңгерушісі Раушан Ержебаева зертханалық желі жұмысын көрсетті.
Екі сағат көлеміне созылған кездесу өте ауқымды және мағыналы өтті, бірқатар проблемалардың шешімі, халық көкейінде жүрген сұрақтардың жауабы табылып, ұсыныстары қабылданды.