Қуаңшылық қаупі: көктемгі дала жұмыстары ғылыми негізде жүргізілуі тиіс
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 10 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында алдағы жылдары табиғи қауіп-қатерлердің, соның ішінде қуаңшылық құбылыстарының күшею ықтималдығы жоғары екенін атап өтті. Бұл жағдай аграрлық өндірісті қолайсыз агрометеорологиялық факторларға бейімдеуді талап етеді.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егіншілік зертханасының меңгерушісі Рауан Жапаевтың айтуынша, қуаң жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін төмендетпеу үшін көктемгі дала жұмыстарын ғылыми негізде және жедел ұйымдастыру аса маңызды.
Маманның сөзінше, институт ғалымдары жыл сайын күзгі-қысқы кезеңді талдау, сондай-ақ «Қазгидромет» ұсынатын көктемгі және жазғы маусымдарға арналған ауа райы болжамдарын ескере отырып, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге арналған ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлейді және жариялайды.
Биылғы жылы қар жамылғысының аз түсуі мен оның біркелкі таралмауына байланысты топырақтағы өнімді ылғал қорының төмендеуі болжанып отыр. Осыған байланысты көктемгі дала жұмыстарын ерте бастап, қысқа мерзімде сапалы жүргізудің маңызы арта түседі.
Рауан Жапаев атап өткендей, агротехникалық шараларды ғылыми тұрғыдан дұрыс жоспарлау, әсіресе ылғал үнемдейтін топырақ өңдеу тәсілдерін қолдану – ылғалдың булану арқылы жоғалуын азайтып, топырақтың су-физикалық қасиеттерін жақсартуға және ылғал сақтау қабілетін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, болжанып отырған климаттық жағдайларға бейімделудің негізгі тетіктерінің бірі – қуаңшылық пен температуралық күйзеліске төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын пайдалану.
– Қуаңшылыққа төзімді сорттарды өндіріске енгізу өнім жоғалту қаупін төмендетіп, өзгермелі климат жағдайында тұрақты өнім алуға мүмкіндік береді, – деп түйіндеді зертхана меңгерушісі.

Риски засухи: весенние полевые работы требуют научного подхода
Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев, выступая 10 февраля 2026 года на расширенном заседании Правительства, отметил высокую вероятность усиления природных угроз, включая засушливые явления, в ближайшие годы. В этих условиях особую значимость приобретает адаптация аграрного производства к неблагоприятным агрометеорологическим факторам.
Как сообщил заведующий лабораторией земледелия Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства Рауан Жапаев, для предотвращения снижения урожайности в засушливые годы необходимо обеспечить своевременное и научно обоснованное проведение весенне-полевых работ.
По его словам, ученые института ежегодно анализируют особенности осенне-зимнего периода, учитывают прогнозы Казгидромета на весенний и летний сезоны и разрабатывают научно обоснованные рекомендации по проведению весенних полевых работ в условиях юго-востока Казахстана.
В текущем году, в связи с малоснежной зимой и неравномерным распределением снежного покрова, прогнозируется снижение накопления продуктивной влаги в почве. В этой связи особое значение приобретает раннее начало весенне-полевых работ, их оперативное проведение и грамотное планирование агротехнических мероприятий.
Рауан Жапаев подчеркнул, что применение влагосберегающих технологий обработки почвы позволяет сократить потери влаги за счет испарения, улучшить водно-физические свойства почвы и повысить ее влагоудерживающую способность.
Кроме того, одним из ключевых направлений адаптации земледелия к изменяющимся климатическим условиям является внедрение сортов сельскохозяйственных культур, устойчивых к засухе и температурным стрессам.
– Использование засухоустойчивых сортов снижает риски потери урожая и обеспечивает более стабильную продуктивность в условиях климатических изменений, – отметил он.
@agro__press @nasec.kz
