11.02.2026
Соңғы жаңалықтар
11 ақпан – БҰҰ-ның 2015 жылғы шешімімен бекітілген Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Бұл мереке әйелдердің ғылымға тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, зерттеу саласындағы белсенділігі мен рөлін арттыруға бағытталған. Бүгінде Қазақстанда әйел зерттеушілердің үлесі шамамен 52%-ды құрайды. Бұл – ғылым саласындағы нәзік жандылардың әлеуеті мен еңбегінің жоғары екенін көрсетеді.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми және өндірістік әлеуетін арттыруға зор үлес қосып жүрген барша нәзік жанды қызметкерлерімізді айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, еңбектеріңізге толағай табыс, ғылым жолында жаңа белестерді бағындыруды тілеймін.
Құрметпен, ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева

11 февраля – Международный день женщин и девочек в науке, учрежденный решением Организации Объединённых Наций в 2015 году. Этот день призван подчеркнуть важность равного доступа женщин к науке, расширения их участия в исследованиях и укрепления их роли в научном сообществе. Сегодня в Казахстане доля женщин-исследователей составляет около 52%, что свидетельствует о высоком потенциале и значимом вкладе наших соотечественниц в развитие науки.
От имени Правления Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства сердечно поздравляю наших уважаемых сотрудниц, которые вносят весомый вклад в научный и производственный потенциал института, с этим знаменательным праздником!
Желаю вам крепкого здоровья, благополучия и достатка вашим семьям, новых профессиональных достижений, вдохновения и покорения новых высот в науке.
С уважением, Председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева
@agro__press @nasec.kz
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.