Қазақ ғалымдары Сербиядағы халықаралық топырақтану конгресіне қатысты
2025 жылғы 20–23 қазан аралығында ҚазЕжӨШҒЗИ топырақтану және агрохимия зертханасының бас ғылыми қызметкері Кененбаев С.Б. Белград маңындағы қыратты аймақта өткен Топырақтану қоғамының 4-ші Халықаралық және 16-шы Ұлттық конгресіне «Топырақты қайта қауыштыру – Топырақ денсаулығы үшін ғылым» атты шараға қатысты.
Конгресс жұмысына 300-ден астам маман қатысты. Олардың қатарында Сербияның қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және су ресурстарын басқару министрліктерінің өкілдері, БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасының сарапшылары, Германия, Австрия, Польша, Чехия, Қазақстан, Армения, Әзірбайжан, Сербия, Босния және Герцеговина, Хорватия және басқа елдердің ғылыми-зерттеу институттары мен университеттерінің ғалымдары болды. Сонымен қатар ірі агрохолдингтер, бизнес құрылымдар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері де қатысты.
Конгресс мақсаты
Шараның негізгі мақсаты – тәжірибе және білім алмасу, халықаралық байланыс орнату, ғылыми диалогқа арналған алаң құру және тақырыптық желілерді қалыптастыру. Конгресте қазіргі жаһандық экологиялық мәселелер талқыланды: климаттың өзгеруі, биологиялық әртүрліліктің азаюы, қоршаған ортаның ластануы.

Конгресте келесі ғылыми бағыттар қамтылды:
ауыл шаруашылығының климаттың өзгеруіне бейімделуі мен салдарын азайту; климаттың өзгеруінің орман топырақтарына ықпалы; топырақтағы көміртекті басқару және «Soli Toc» әдісімен оның көлемін бағалау; топырақтың экофункционалдығы және жаңа тұрақтылық парадигмасы;
Словенияның 2025 жылғы топырақ классификациясы; ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректік құндылығын арттыруға бағытталған биофортификация; топырақ сапасын жақсартудағы микроорганизмдердің рөлі; жүгері өндірісіндегі микробтық инокулянттардың мүмкіндіктері мен шектеулері; сыртқы енгізулерсіз азот айналымын қалпына келтірудің LOOGINEKO моделі; топырақ денсаулығы және биоалуантүрлілік; регенеративті егіншілік әдістері; Балқан өңіріндегі ластанған аумақтарды басқаруды жақсарту; топырақ құнарлылығын арттыруда цеолиттер мен органоминералды тыңайтқыштардың рөлі.
Сонымен бірге Living Labs (тірі зертханалар) әдістемесін қолдану – ғылыми зерттеулерді жергілікті қауымдастықтармен біріктіріп, жаңа шешімдерді бірге әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу мәселелері қарастырылды.
Қатысудың нәтижелері
Командировка аясында халықаралық ғылыми әріптестік нығайып, тәжірибе алмасу жүзеге асты. Қазақстандық топырақтану ғылымының жетістіктері халықаралық алаңда ұсынылып, алынған материалдар мен жаңа байланыстар зертхананың алдағы ғылыми жұмыстарына пайдаланылатын болады.
Почвенный конгресс собрал учёных из более чем 10 стран: участие принял КазНИИЗиР
С 20 по 23 октября 2025 года главный научный сотрудник лаборатории почвоведения и агрохимии КазНИИЗиР Кененбаев С.Б. принял участие в 4-м Международном и 16-м Национальном конгрессе Почвенного общества Сербии «Воссоединение почв – Наука ради здоровья почвы», который состоялся в предгорье Белграда, в 60 км от столицы.

Мероприятие собрало более 300 участников, среди них – представители министерств охраны окружающей среды, сельского хозяйства, лесного хозяйства и водных ресурсов Сербии, специалисты Программы ООН по окружающей среде, учёные исследовательских институтов и университетов из Германии, Австрии, Польши, Чехии, Казахстана, Армении, Азербайджана, Сербии, Боснии и Герцеговины, Хорватии и других стран. В форуме также участвовали представители агрохолдингов, бизнес-центров и общественных организаций.
Основные цели конгресса
Конгресс был направлен на обмен научным опытом, установление профессиональных связей и создание международной платформы для диалога в области почвоведения и охраны окружающей среды. В центре обсуждений – ключевые глобальные вызовы: изменение климата, потеря биологического разнообразия, загрязнение окружающей среды.
Тематика научных секций
Участники рассмотрели широкий спектр вопросов, среди которых: адаптация сельского хозяйства к климатическим изменениям; влияние изменения климата на лесные почвы; углеродное хозяйство и оценка почвенного углерода (Soli Toc); экофункциональность органического вещества почвы; классификация почв Словении 2025; биофортификация и роль микроорганизмов в улучшении качества почвы; микробные инокулянты в выращивании кукурузы; восстановление азотного цикла без внешних входов (модель LOOGINEKO); здоровье почвы и биоразнообразие; регенеративное земледелие; управление загрязнёнными участками в странах Балканского региона; роль цеолитов и органоминеральных удобрений в управлении плодородием.

Особое внимание уделено внедрению подхода Living Labs (живые лаборатории) – интеграции научных исследований с местными сообществами для совместного создания и тестирования инновационных решений для устойчивого землепользования.
Итоги участия
Командировка позволила укрепить международные научные связи, обменяться опытом и представить достижения Казахстана в области почвоведения на международной площадке. Полученные материалы и контакты будут использованы в дальнейшей научно-исследовательской работе лаборатории.
Цифрландыру және жасанды интеллект: Аграрлық саланың жаңа мүмкіндіктері
2025 жылғы 13 қарашада Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (ҚазҰАЗУ) Ситуациялық орталығында Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Қазақстанның аграрлық саласындағы цифрлық трансформация және жасанды интеллект» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға университеттің белгілі ғалымдары, сондай-ақ ҚазҰАЗУ сенімгерлік басқаруындағы ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері қатысты.

ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректордың Бірінші орынбасары Пірімқұл Ибрагимов құттықтау сөзінде аграрлық секторды цифрландырудың стратегиялық маңызын атап өтіп, ғылыми ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар және өндіріс арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың өзекті екенін ерекше айтты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында:
«Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі цифрландыру мен автоматтандыру мәселесі ұдайы назарда болуға тиіс», — деп атап өткен болатын. Осы үндеу дөңгелек үстелдегі талқылаулардың негізгі бағдарына айналды.

Жиын барысында еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін цифрландыруға бағытталған бірқатар өзекті ғылыми және практикалық жобалар ұсынылды. Атап айтқанда: тұқымдарды бақылаудың цифрлық жүйесі; ара шаруашылығындағы селекциялық-асылдандыру үдерісін басқару жүйесі; АӨК үшін кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект; орнықты агроөндірістің негізі ретінде цифрлық егіншілік; агроөнеркәсіп саласындағы жасанды интеллект шешімдері, агроөңдеу саласындағы интеллектуалды басқару жүйелері.
Қатысушылардың пікірінше, цифрландыру мен ИИ технологияларын енгізу өндіріс тиімділігін арттырып, өнім сапасын жақсартады, басқару үдерістерін оңтайландырады және саланың тұрақты дамуына жол ашады.
Дөңгелек үстел белсенді пікірталаспен аяқталып, Қазақстанның аграрлық секторына цифрлық шешімдерді одан әрі енгізу жөніндегі нақты ұсыныстар әзірленді.
Іс-шара соңында барлық баяндамашыларға ҚазҰАЗУ Басқарма Төрағасы – Ректор Куришбаев А.К. атынан Алғыс хаттар табысталды. Бұл олардың аграрлық ғылымды дамытуға, инновацияларды интеграциялауға және ғылыми-практикалық қызметке қосқан үлестеріне көрсетілген жоғары бағалау болды.
Өткен дөңгелек үстел отырысына ҚазЕжӨШҒЗИ (КазНИИЗиР) инновациялар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Серік Абаев қатысты. Іс-шара барысында ол институттың аграрлық ғылым мен өндірісті цифрландыру бағытында жүзеге асырып жатқан жобалары, смарт-агробақылау жүйелері, дәл егіншілік технологиялары және цифрлық деректерді интеграциялау тәжірибесі туралы толық ақпарат ұсынды.

Сондай-ақ, Серік Абаев ауыл шаруашылығын тиімді дамытуда цифрлық шешімдердің маңызы артып келе жатқанын атап өтіп, алдағы жылдарға арналған перспективалық бағыттармен бөлісті.
13 ноября 2025 года в Ситуационном центре Казахского национального аграрного исследовательского университета (КазНАИУ) состоялся круглый стол на тему «Цифровая трансформация и искусственный интеллект в аграрной сфере Казахстана», приуроченный ко Дню работников сельского хозяйства.
Мероприятие собрало ведущих ученых университета, а также представителей научно-исследовательских институтов, находящихся в доверительном управлении КазНАИУ.

В приветственном слове Первый заместитель Председателя Правления – Ректора Примкул Ибрагимов подчеркнул стратегическое значение цифровизации аграрного сектора и отметил важность тесного взаимодействия научных организаций, государства и реального производства.
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на Первом форуме работников сельского хозяйства особо отметил: «В зоне постоянного внимания должны быть вопросы дальнейшей цифровизации и автоматизации агропромышленного комплекса». Это высказывание стало ключевым ориентиром для обсуждений, прошедших в ходе круглого стола.
Участникам были представлены актуальные научные и практические разработки в сфере цифровизации АПК, среди них: цифровая система прослеживаемости семян; система управления селекционно-племенным процессом в пчеловодстве; пространственно-временной искусственный интеллект для нужд АПК; цифровое земледелие как базис устойчивого агропроизводства; решения на основе искусственного интеллекта в агропромышленной сфере; интеллектуальные системы управления производством в агропереработке.
В прошедшем круглом столе принял участие заместитель Председателя Правления по инновациям КазНИИЗиР Серик Абаев. В ходе мероприятия он представил информацию о проектах института в сфере цифровизации аграрной науки и производства, включая системы смарт-агроконтроля, технологии точного земледелия и опыт интеграции цифровых данных.

Серик Абаев также подчеркнул возрастающее значение цифровых решений в повышении эффективности аграрного сектора и поделился перспективными направлениями развития на ближайшие годы.
Специалисты отметили, что цифровизация и внедрение ИИ-технологий позволяют существенно повысить производительность, улучшить качество продукции, оптимизировать управление и обеспечить устойчивое развитие аграрной отрасли.
Работа круглого стола завершилась активной дискуссией и обменом практическими предложениями по дальнейшему внедрению цифровых технологий в АПК Казахстана.
В завершение мероприятия всем докладчикам были вручены Благодарственные письма от имени Председателя Правления – Ректора КазНАИУ Куришбаева А.К., что стало признанием их вклада в развитие аграрной науки, интеграцию инноваций и многолетнюю научно-практическую деятельность.
Ауқымды Аграрлық форум: органикалық өндіріс негізгі тақырыпқа айналды
Астанада ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумы өтті. Іс-шараға ҚазӨжШҒЗИ басқарма төрайымы Шолпан Бастаубаева және жас ғалым, PhD доктор, ҚазӨжШҒЗИ-дың аға ғылыми қызметкері Алтынай Жакатаева қатысты.
Форумға екі мыңға жуық адам жиналып, саланың маңызды мәселелерін талқылауға арналған ең ірі алаңдардың біріне айналды. Қатысушылар форум форматының мазмұнды әрі тиімді өткенін атап өтті.

Алдымен Ауыл шаруашылығы министрі сөз сөйлеп, саладағы өзекті түйткілдерді атап өтті, қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтады және алдағы жұмыс бағыттарын белгіледі. Одан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев баяндама жасады.
Президент тиімді жер пайдалану заманауи агротехнологияларды қатаң ұстанғанда ғана мүмкін болатынын атап өтті. 2022 жылдан бері мемлекет меншігіне 14 млн гектар пайдаланылмаған жер қайтарылған. Мемлекет басшысы бұл жерлерді келесі жылдың ортасына дейін толық айналымға енгізіп, нәтижелі жұмыс істей алатын шаруаларға беруді тапсырды.

Форумның негізгі басымдығы – органикалық ауыл шаруашылығын дамыту. Президенттің айтуынша, ұлттық «Qazaq Organicfood» бренді халықаралық нарықта лайықты орын алуы үшін барлық мүдделі тараптардың бірлескен жұмысы қажет:
органикалық технологияларды енгізу, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, биологиялық қорғауды дамыту, өндірісті халықаралық экологиялық стандарттарға сәйкестендіру.
Форум органикалық өндірістің болашағын талқылауға мүмкіндік берген маңызды диалог алаңы болып, сала мамандарының еңбегін атап өтуге жағдай жасады.
Крупный Аграрный форум в Астане: органическое производство стало главной темой
В Астане прошёл второй Форум работников сельского хозяйства, в котором приняли участие председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева и молодой учёный, PhD доктор, старший научный сотрудник КазНИИЗиР Алтынай Жакатаева.
Форум собрал около двух тысяч участников и стал одной из самых масштабных площадок отрасли. Участники отметили содержательный формат, позволивший открыто обсудить ключевые вопросы аграрного развития.

Открыл мероприятие министр сельского хозяйства, который обозначил текущие проблемы отрасли, поздравил работников с профессиональным праздником и представил приоритеты дальнейшей работы. После него выступил Президент Касым-Жомарт Токаев.
Глава государства подчеркнул, что эффективное использование земель возможно только при строгом соблюдении современных агротехнологий. С 2022 года государству возвращено более 14 млн гектаров неиспользуемых земель, и Президент поручил ввести их в постоянный оборот до середины следующего года, передав тем, кто способен работать результативно.

Ключевой акцент форума был сделан на развитии органического сельского хозяйства. Президент отметил, что национальный бренд «Qazaq Organicfood» должен занять прочное место на мировом рынке. Для достижения этой цели необходимо объединение усилий науки, аграрных институтов и бизнеса: внедрение органических технологий, восстановление плодородия почв, расширение биозащиты, переход на экологичные модели производства в соответствии с международными стандартами.
Форум стал важным событием для обсуждения перспектив органического сельского хозяйства и площадкой для чествования работников, внёсших значимый вклад в развитие отрасли.
ҚазЕжӨШҒЗИ: ғылым, инновациялар және генетикалық ресурстар – Қазақстанның аграрлық болашағы үшін
2025 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЕжӨШҒЗИ) аграрлық ғылым саласында маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Институттың жұмысы елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға, инновациялық технологияларды енгізуге және ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға бағытталған.
Бүгінгі таңда ҚазЕжӨШҒЗИ – еліміздегі жетекші ғылыми орталықтардың бірі. Оның қызметі ауыл шаруашылығының барлық негізгі бағыттарын қамтиды – генетикалық ресурстарды сақтау, жаңа сорттарды шығару және инновациялық жер өңдеу технологияларын енгізу.
1. Генетикалық ресурстар
ҚазЕжӨШҒЗИ-дің генетикалық қоры – еліміздің баға жетпес ұлттық байлығы. Онда әртүрлі климаттық аймақтарға бейімделген ауыл шаруашылық дақылдарының бай коллекциясы жинақталған.
Бұл қорлар ондаған жылдар бойы қалыптасып, құрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді жаңа сорттарды шығару үшін негіз болып отыр.
Институт халықаралық генетикалық банктермен және ғылыми орталықтармен ынтымақтастық орнатып, Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі мен биологиялық әртүрлілігін нығайтуда.
2. Селекция және тұқым шаруашылығы
ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдары жоғары өнімді, төзімді және қазақстандық жағдайға бейімделген жаңа сорттарды шығарады. Олар классикалық селекция әдістерінен бастап биотехнологиялар мен маркерлік іріктеу сияқты заманауи тәсілдерді қолданады.
Институт базасында селекциялық питомниктер мен тұқым көбейту учаскелері жұмыс істейді. Жаңа сорттар ауыл шаруашылығында сәтті енгізіліп, елдің азық-түлік және мал азығы қауіпсіздігіне үлес қосуда.
3. Инновациялық егіншілік технологиялары
Институт ауыл шаруашылығына ресурсты үнемдейтін және цифрлық шешімдерді енгізіп келеді:
• GPS-навигация және спутниктік мониторинг;
• топырақты минималды және нөлдік өңдеу (no-till);
• климаттық өзгерістерге бейімделген егіншілік жүйелері;
• тамшылатып суару және биологиялық өсімдік қорғау әдістері.
ҚазЕжӨШҒЗИ дәстүр мен инновацияны үйлестіре отырып, Қазақстанның аграрлық ғылымы мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына үлес қосуда.

КазНИИЗиР: наука, инновации и генетические ресурсы во благо аграрного будущего Казахстана
По итогам 2025 года Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) добился значительных успехов в области аграрной науки. Его деятельность направлена на укрепление продовольственной безопасности, внедрение инновационных технологий и устойчивое развитие сельского хозяйства.
Сегодня КазНИИЗиР – ведущий научный центр страны, охватывающий ключевые направления: сохранение генетических ресурсов, селекцию и семеноводство, внедрение передовых технологий земледелия.
1. Генетические ресурсы
Генетический банк КазНИИЗиР – это национальное достояние, включающее богатую коллекцию культур, адаптированных к различным климатическим зонам Казахстана.
Эти коллекции формировались десятилетиями и служат основой для создания новых сортов, устойчивых к засухе, болезням и вредителям. Институт сотрудничает с международными генбанками, укрепляя генетическое разнообразие и продовольственную безопасность страны.
2. Селекция и семеноводство
Учёные КазНИИЗиР создают высокопродуктивные и адаптированные сорта с применением современных методов – от классической селекции до биотехнологий и маркер-ассоциированного отбора.
На базе института работают селекционные питомники и производственные участки, где ведётся размножение семян. Новые сорта успешно внедряются в сельхозпроизводство, способствуя развитию отечественного агросектора.
3. Инновационные технологии земледелия
Институт внедряет современные, ресурсосберегающие и цифровые технологии:
• GPS-навигация и спутниковый мониторинг;
• минимальная и нулевая обработка почвы (no-till);
• адаптивные системы земледелия с учётом климатических изменений;
• капельное орошение и биологическая защита растений.
КазНИИЗиР уверенно укрепляет позиции Казахстана как страны с развитой аграрной наукой, где традиции и инновации работают на общее благо.
ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдары Франциядағы жоңышқа жөніндегі Дүниежүзілік конгреске қатысты
2025 жылғы 3–6 қараша аралығында Францияның Реймс қаласында өткен «World Alfalfa Congress – 2025» жоңышқа жөніндегі Дүниежүзілік конгресіне Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері – С.С. Абаев пен С.Т. Токтарбекова қатысты. Бұл жоңышқа өсіру және зерттеу саласына арналған ірі халықаралық іс-шараға әлемнің 20 елінен 500-ден астам ғалым мен маман жиналды.

Конгреске қатысу заманауи жоңышқа өсіру технологияларының даму бағыттарын халықаралық деңгейде терең әрі кәсіби тұрғыдан талқылауға мүмкіндік берді. Ұсынылған баяндамалар селекция, агротехнология және тұрақты өндіріс салаларындағы өзекті ғылыми зерттеулер мен инновациялық тәсілдерді қамтыды. Әлемнің әртүрлі елдерінен келген жетекші мамандармен тәжірибе алмасу институт мамандарының ғылыми көкжиегін кеңейтіп, жаңа зерттеу идеяларын қалыптастыруға және озық әдістерді жергілікті жағдайларға бейімдеуге жол ашты. Мұндай іс-шаралар ғылыми қызметтің дамуын және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға серпін береді.

Конгресс барысында Сербиядан келген доктор Джура Карагичпен кездесу өтті. Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ мен сербиялық әріптестердің ғылыми ынтымақтастығы көп жылдан бері жалғасып келеді. Кездесу кезінде бірлескен жобалар, тұқымдық материалдармен алмасу және сербиялық тәжірибені біздің селекциялық бағдарламаларға енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар, Дүниежүзілік жоңышқа қауымдастығының президенті Кристина Ведрел ханыммен жеке танысу маңызды оқиға болды. Бұл халықаралық байланыстарды кеңейтуге және жоңышқа селекциясы мен агротехнология саласындағы алдыңғы қатарлы әдістемелермен алмасуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Негізгі сессия басталар алдында ұйымдастырушылар институт атынан қысқаша сәлемдесу сөзін айтуға мүмкіндік берді. Онда халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.
Панельдік сессиялардың бірінде Салтанат Токтарбекова өз баяндамасымен сәтті сөз сөйледі. Оның баяндамасы халықаралық аудиторияның үлкен қызығушылығын тудырып, жоғары кәсіби дайындық пен зерттеу нәтижелерін сапалы ұсыну деңгейін көрсетті.
КазНИИЗиР принял участие во Всемирном конгрессе по люцерне во Франции
С 3 по 6 ноября 2025 года сотрудники Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства – Абаев С.С. и Токтарбекова С.Т. – приняли участие во Всемирном конгрессе по люцерне «World Alfalfa Congress – 2025», который проходил в городе Реймс (Франция).

В мероприятии приняли участие более 500 учёных и специалистов из 20 стран мира, занимающихся исследованием, селекцией и технологиями возделывания люцерны.
Обмен опытом и новые научные идеи
Участие в конгрессе позволило нашим учёным ознакомиться с современными тенденциями развития мировых технологий возделывания люцерны, а также представить опыт Казахстана в этой сфере. Доклады участников охватывали широкий круг вопросов – от инновационных методов селекции и биотехнологий до устойчивого земледелия и адаптации культур к изменяющемуся климату.

Особую ценность представлял обмен опытом с ведущими экспертами разных стран, что способствует формированию новых исследовательских идей и адаптации передовых методов к отечественным условиям. Подобные встречи укрепляют научное сотрудничество и открывают новые горизонты для совместных исследований.
Международное сотрудничество
В ходе конгресса состоялась встреча с доктором Джурой Карагичем (Сербия), с которым КазНИИЗиР уже давно поддерживает плодотворное научное партнёрство. Обсуждались совместные проекты, обмен семенным материалом и возможности интеграции сербского опыта в отечественные программы по селекции люцерны.

Знаковым событием стало личное знакомство с Президентом Всемирной ассоциации люцерны – госпожой Кристиной Ведрелл. Эта встреча открывает новые возможности для обмена передовыми агротехнологиями и расширения международных связей института.
Научное признание
Перед началом основной сессии организаторы предоставили представителям КазНИИЗиР возможность выступить с приветственным словом, где была подчеркнута важность международного сотрудничества в исследовании люцерны.

На одной из панельных сессий Салтанат Токтарбекова успешно представила доклад о результатах отечественных исследований, который вызвал живой интерес у зарубежных коллег и получил положительные отзывы участников конгресса.
Участие КазНИИЗиР во Всемирном конгрессе по люцерне подтвердило высокий уровень казахстанской аграрной науки, укрепило международные связи и стало важным шагом на пути к развитию устойчивого и инновационного земледелия.
Б. Асанов ҚазЕжӨШҒЗИ ұжымымен кездесті
2025 жылғы 6 қарашада «Ұлттық аграрлық ғылыми-зерттеу орталығы» КеАҚ (НАНОЦ) Басқарма төрағасы Бауыржан Қонұрбайұлы Асанов «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-не (ҚазЕжӨШҒЗИ) іссапармен келді.

Сапар барысында Бауыржан Қонұрбайұлы институт ұжымымен танысып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары мен ауыл шаруашылығы саласындағы басым міндеттерді талқылады. Сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған аграрлық ғылымды дамыту жоспары қаралды.
Басқарма төрағасы ауыл шаруашылығы дақылдарының генбанкін, заманауи зертханалар мен сақтау қоймаларын аралап көрді, онда тұқым үлгілері, дақыл коллекциялары және ғылыми тәжірибелер нәтижелері сақталған. Сонымен қатар, ол институттың тарихынан сыр шертетін мұражаймен танысып, аграрлық ғылымның дамуындағы және елдің азық-түлік қауіпсіздігін арттырудағы институттың маңызды рөліне тоқталды.

Бауыржан Қонұрбайұлы институт ғалымдарының кәсіби деңгейін, ғылыми дәстүрдің сабақтастығын және зерттеу жұмыстарының жоғары ұйымдастырылуын ерекше атап өтті.
Кездесу соңында тараптар «Ұлттық аграрлық ғылыми-зерттеу орталығы» КЕАҚ пен ҚазЕжӨШҒЗИ арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды іске асыру, инновациялық технологияларды енгізу және ғылыми кадрларды дамыту мәселелерін талқылады.
Сапар жылы әрі іскерлік ахуалда өтті. Тараптар аграрлық ғылымды дамыту мен өзара серіктестікті нығайтуға ортақ ниет білдірді.
Б. Асанов встретился с коллективом КазНИИЗиР
06 ноября 2025 года председатель Правления НАО «Национальный аграрно-научно-образовательный центр» (НАНОЦ) Бауыржан Конурбаевич Асанов посетил ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» (КазНИИЗиР).

В ходе визита Бауыржан Конурбаевич познакомился с коллективом института, обсудил приоритетные направления научной деятельности, а также планы по дальнейшему развитию исследований в области земледелия, растениеводства и семеноводства.
Председатель Правления осмотрел генбанк сельскохозяйственных культур, современные лаборатории и складские помещения, где хранятся образцы семян, коллекции культур и результаты научных экспериментов. Особый интерес вызвал музей института, отражающий богатую историю развития аграрной науки Казахстана, достижения учёных и вклад института в повышение продовольственной безопасности страны.
Бауыржан Конурбаевич отметил высокий уровень организации научной работы, профессионализм сотрудников и преемственность научных традиций.

В завершение встречи стороны обсудили перспективы сотрудничества между НАНОЦ и КазНИИЗиР, реализацию совместных проектов, внедрение инновационных технологий и развитие кадрового потенциала.
Визит прошёл в тёплой и конструктивной атмосфере, подтвердив общее стремление к дальнейшему укреплению научного взаимодействия и развитию аграрной науки Казахстана.
Құрметті Күлпаш Мансуровна!
Сізді 75 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
44 жылдан астам ғылыми және педагогикалық қызметіңіз – ғылымға адалдық пен кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі.
«Селекция және тұқым шаруашылығы» мамандығы бойынша биология ғылымдарының докторы, «Агрономия» мамандығы бойынша доцент ретінде Сіз еліміздің аграрлық ғылымының дамуына және жас ғалымдарды тәрбиелеуге зор үлес қостыңыз.
Сіз зерттеу саласында ғана емес, басқарушылық қызметте де табысты еңбек еттіңіз – зертхана меңгерушісінен бастап бас ғылыми қызметкерге дейінгі жолыңыз еңбекқорлық пен жауапкершіліктің айғағы.
Сіздің жетекшілігіңізбен Юсаева Дамира мен Хайбулина Эльмира кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады.
Сіз 110-нан астам ғылыми еңбек, соның ішінде Web of Science пен Scopus базаларындағы мақалалар мен монография жарияладыңыз.
Ғылымға деген адалдығыңыз, ұстаздық даналығыңыз бен еңбегіңіздің нәтижелері ұжым мен шәкірттердің ыстық ықыласына бөленді.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық және шығармашылық табыстар тілейміз!
Ғылым жолындағы еңбегіңіз мәңгі жасай берсін!
Ізгі тілекпен, Шолпан Бастаубаева,
«ҚазЕжӨШҒЗИ» Басқарма төрағасы және ұжымы

Уважаемая Кульпаш Мансуровна!
Примите искренние поздравления с Вашим 75-летним юбилеем!
Ваша научная и педагогическая деятельность, охватывающая более четырёх десятилетий, является примером преданности делу, высокой профессиональной культуры и служения науке.
Как доктор биологических наук по специальности «Селекция и семеноводство» и доцент по специальности «Агрономия», Вы внесли весомый вклад в развитие отечественной аграрной науки и подготовку нового поколения учёных.
На протяжении карьеры Вы занимали ответственные должности от заведующей лабораторией до главного научного сотрудника, всегда оставаясь верны научной точности, принципиальности и созидательному подходу к делу.
Под Вашим руководством защищены кандидатские диссертации Юсаевой Дамиры и Хайбулиной Эльмиры, опубликовано более 110 научных работ, включая статьи в международных базах Web of Science и Scopus, а также монография и учебное пособие.
Ваш труд, мудрость и наставничество заслужили глубокое уважение коллег и признательность учеников.
Пусть Ваша энергия, вдохновение и любовь к науке продолжают приносить новые открытия и достижения!
Желаем крепкого здоровья, благополучия, счастья и долгих лет активной жизни!
С уважением, Шолпан Бастаубаева,
Председатель правления «КазНИИЗиР» и коллектив
ҚазҰАЗУ-да «Өсімдік шаруашылығы» бағыты бойынша диссертация қорғалды
2025 жылдың 28 қазан күні ҚазҰАЗУ жанындағы 8D081 – Өсімдік шаруашылығы кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте бірқатар диссертациялар сәтті қорғалды.
Өз ғылыми жұмыстарын Сембаева Айзада Сансызбайқызы мен Абылдаева Джылдыз Бақайқызы қорғады.

Айзада Сембаева «Тамшылатып суару технологиясын қолдану арқылы дәнге өсірілетін интенсивті жүгері будандарын өсіру кезінде суару режимдері мен минералдық қоректенуді оңтайландыру» тақырыбындағы диссертациясын ұсынды.
Ал Джылдыз Абылдаева «Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайында ноқаттың жаңа сорттарына арналған сұрыптық технологияны әзірлеу» тақырыбындағы жұмысын қорғады.

Екі жұмыс та 6D080100 / 8D08101 – Агрономия мамандығы аясында, 8D081 – Өсімдік шаруашылығы бағыты бойынша әзірленген. Бағыттың құрамына «Агрономия», «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» және «Өсімдік селекциясы» білім беру бағдарламалары кіреді.
Диссертациялық кеңестің №9 және №10 хаттамалары негізінде қабылданған шешімге сәйкес, Сембаева Айзада Сансызбайқызына және Абылдаева Джылдыз Бақайқызына PhD философия докторы дәрежесі берілді.
В КазНАИУ состоялись защиты диссертаций по направлению «Растениеводство»
28 октября 2025 года в диссертационном совете при Казахском национальном аграрно-исследовательском университете (КазНАИУ) прошли защиты диссертаций по направлению подготовки кадров 8D081 – Растениеводство.
Свои научные работы представили Сембаева Айзада Сансызбаевна и Абилдаева Джылдыз Бакаевна.

Айзада Сембаева защитила диссертацию на тему «Оптимизация поливных режимов и минерального питания при возделывании интенсивных гибридов кукурузы на зерно с использованием капельного орошения».
Джылдыз Абилдаева представила работу на тему «Разработка сортовой технологии новых сортов гороха в условиях юго-востока Казахстана».

Обе диссертации выполнены по специальности 6D080100 / 8D08101 – Агрономия в рамках направления 8D081 – Растениеводство, включающего образовательные программы «Агрономия», «Плодоовощеводство» и «Селекция растений».
По итогам заседаний и на основании протоколов №9 и №10 диссертационного совета решением комиссии Сембаевой Айзаде Сансызбаевне и Абилдаевой Джылдыз Бакаевне была присуждена учёная степень доктора философии (PhD).
Книги сотрудников КазНИИЗиР: исследования, которые формируют будущее сельского хозяйства Казахстана
Научные сотрудники Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) представляют серию уникальных монографий, посвящённых актуальным вопросам аграрной науки – от биологического земледелия до селекции, экологии и сохранения генетических ресурсов.
Все книги можно приобрести в офисе КазНИИЗиР.
Контакт: 8 778 835 75 78 – Мухтар
1. Ш. Бастаубаева, С. Кененбаев – «Биологическое земледелие в Казахстане» (2025)
Монография раскрывает мировой и отечественный опыт биологического земледелия, описывает результаты многолетних казахстанских исследований, направленных на внедрение экологически безопасных технологий. Издание адресовано агрономам, исследователям и студентам.
2. Г. Мейрман, Р. Масоничич-Шотунова – «Люцерна» (2013)
Книга подробно рассматривает селекцию, биологию и технологии возделывания люцерны, а также методы создания инбредных линий и гибридов. Ценное пособие для селекционеров, биологов и специалистов по кормопроизводству.
3. С. Дидоренко – «Селекция сои в Казахстане» (2019)
Работа основана на результатах многолетних опытов, описывает генетические и биологические основы селекции сои, а также новые сорта, выведенные в Казахстане.
4. К. Фаизов, Р. Уразалиев, А. Иорганский – «Почвы Республики Казахстан» (2001)
Фундаментальный труд о географии, классификации, свойствах и рациональном использовании почв Казахстана. Подробно анализируется экология почвенного покрова и антропогенные изменения.
5. К. Булатова – «Белковые маркеры в оценке генетического разнообразия коллекций, селекции и семеноводстве зерновых культур» (2025)
В книге показано использование белковых маркеров при селекции пшеницы, ячменя и тритикале. Практическое руководство для генетиков, селекционеров и семеноводов.
6. К. Баймагамбетова, А. Сарбаев – «Селекционно-экологические основы создания адаптивных сортов яровой мягкой пшеницы в Казахстане» (2014)
Монография обобщает многолетние исследования по адаптации и селекции пшеницы в различных природных условиях. Даны практические рекомендации для селекционеров и аграриев.
7. Ш. Бастаубаева, К. Конысбеков, Р. Ержебаева, А. Абекова, Л. Табынбаева – «Состояние и перспективы развития свекловодства в РК» (2021)
Описаны современные технологии возделывания сахарной свеклы, методы биотехнологии, селекция и семеноводство отечественных гибридов.
8. А. Киреев – «Научные основы богарного земледелия на юго-востоке Казахстана» (2010)
Раскрыты методы повышения эффективности возделывания культур при минимальной и нулевой обработке почвы, особенности влагообеспечения и применения современных машин.
9. М. Кудайбергенов, А. Сайкенова, К. Байтаракова, М. Канаткызы – «Зернобобовые культуры в Казахстане» (2024)
Обобщены исследования по селекции и агротехнике гороха, нута, чечевицы и других культур. Представлены новые сорта и рекомендации для практического применения.
10. А. Абугалиева, Е. Туруспеков, С. Абугалиева, Л. Драчева, С. Скокбаев, Т. Савин – «Генетические ресурсы культурного и дикого ячменя» (2011)
Систематизированы данные о морфологических, генетических и хозяйственно ценных признаках ячменя — важный источник информации для генетиков и селекционеров.
11. Б. Сариев, А. Абугалиева – «Селекция ячменя на юге и юго-востоке Казахстана» (2012)
Монография посвящена созданию новых сортов ярового ячменя для разных регионов страны. Полезна для аграриев, преподавателей и студентов.
Все книги доступны к приобретению в офисе КазНИИЗиР.
Телефон для связи: 8 778 835 75 78 (Мухтар)
ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдарының еңбектері: Қазақстан ауыл шаруашылығының ғылыми қоры
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазЕжӨШҒЗИ) ғалымдары еліміздің аграрлық ғылымына арналған бірегей ғылыми еңбектер сериясын ұсынады.
Кітаптар биологиялық егіншілік, селекция, экология және генетикалық ресурстар тақырыптарын қамтиды.
Байланыс: 8 778 835 75 78 – Мұхтар
1. Ш. Бастаубаева, С. Кененбаев – «Қазақстандағы биологиялық егіншілік» (2025)
Биологиялық егіншіліктің әлемдік және қазақстандық тәжірибесі, экологиялық тәсілдер мен тәжірибелік зерттеулер нәтижелері баяндалған.
2. Г. Мейрман, Р. Масоничич-Шотунова – «Жоңышқа» (2013)
Жоңышқаның биологиясы, селекциясы және тұқым шаруашылығы мәселелері қарастырылған.
3. С. Дидоренко – «Қазақстандағы соя селекциясы» (2019)
Қазақстанда шығарылған жаңа соя сорттары мен олардың биологиялық ерекшеліктері сипатталады.
4. К. Фаизов, Р. Уразалиев, А. Иорганский – «Қазақстан Республикасының топырақтары» (2001)
Қазақстан топырақтарының географиясы, қасиеттері және экологиялық жағдайы толық сипатталған ғылыми еңбек.
5. К. Булатова – «Дәнді дақылдардың коллекцияларын бағалаудағы ақуыз маркерлері» (2025)
Бидай, арпа және тритикале селекциясында ақуыз маркерлерін қолдану нәтижелері көрсетілген.
6. К. Баймағамбетова, А. Сарбаев – «Қазақстандағы жаздық бидайдың бейімделгіш сорттарын шығару негіздері» (2014)
Экологиялық жағдайларға бейімделген жаңа сорттарды шығару әдістері баяндалады.
7. Ш. Бастаубаева, К. Конысбеков, Р. Ержебаева, А. Абекова, Л. Табынбаева – «Қазақстандағы қант қызылшасы шаруашылығының дамуы» (2021)
Қызылша селекциясы мен тұқым шаруашылығының қазіргі жағдайы мен болашағы талданған.
8. А. Киреев – «Оңтүстік-шығыс Қазақстандағы тәлімі егіншіліктің ғылыми негіздері» (2010)
Су үнемдеу технологиялары мен минималды топырақ өңдеу тәсілдері баяндалған.
9. М. Құдайбергенов, А. Сайкенова, К. Байтаракова, М. Қанатқызы – «Қазақстандағы бұршақ тұқымдас дақылдар» (2024)
Нұт, ноқат, жасымық және басқа дақылдардың селекциясы мен өсіру технологиясы берілген.
10. А. Әбуғалиева, Е. Туруспеков, С. Абугалиева, Л. Драчева, С. Скокбаев, Т. Савин – «Мәдени және жабайы арпаның генетикалық ресурстары» (2011)
Арпаның морфологиялық және генетикалық ерекшеліктері мен құнды белгілері сипатталған.
11. Б. Сәриев, А. Әбуғалиева – «Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстандағы арпа селекциясы» (2012)
Жаңа арпа сорттарын шығару тәжірибесі мен ғылыми нәтижелер қамтылған.
Кітаптар ҚазЕЖЗҒЗИ кеңсесінде сатылады.
Байланыс нөмірі: 8 778 835 75 78 (Мұхтар)
Құттықтау
Басқарма төрайымы Шолпан Оразқызы Бастаубаеваның және ҚазЕжӨШҒЗИ ұжымының атынан құрметті әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз:
Жапаев Рауан Кайтбекович – «40100 – Ауыл, орман және балық шаруашылығы» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берiлуiмен;

Қуныпияева Гуля Тлеужанқызы – «40100 – Ауыл, орман және балық шаруашылығы» ғылыми бағыты бойынша профессор ғылыми атағы берiлуiмен.

Табынбаева Лайла Климовна – «40100 – Ауыл, орман және балық шаруашылығы» ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берiлуiмен.

Бұл жетістіктеріңіз – ғылымға адалдығыңыздың, қажырлы еңбегіңіздің және үлкен жауапкершілігіңіздің нәтижесі. Ғылыми атақтарыңыз еліміздің ғылымын дамытуға, жас мамандарды даярлауға және ғылыми әлеуетін нығайтуға қосқан зор үлестеріңізді дәлелдейді.
Сіздерге мықты денсаулық, жаңа ғылыми табыстар мен кәсіби жолда толағай табыстар тілейміз!
Құрметпен, Басқарма төрайымы Шолпан Бастаубаева және ҚазЕжӨШҒЗИ ұжымы
Поздравление
От имени Председателя Правления Шолпан Оразовны Бастаубаевой и всего коллектива КазНИИЗиР сердечно поздравляем уважаемых коллег:
Жапаева Рауана Кайтбековича с присвоением ученого звания профессора по научному направлению 40100 – Сельское, лесное и рыбное хозяйство;
Куныпияеву Гулю Тлеужанкызы с присвоением ученого звания профессора по научному направлению 40100 – Сельское, лесное и рыбное хозяйство;
Табынбаеву Лайлу Климовну с присвоением ученого звания ассоциированного профессора (доцента) по научному направлению 40100 – Сельское, лесное и рыбное хозяйство.
Ваши достижения – это результат многолетнего труда, преданности науке и высокой ответственности. Эти звания подтверждают ваш вклад в развитие отечественной науки, подготовку молодых специалистов и укрепление научного потенциала страны.
Желаем вам крепкого здоровья, вдохновения, новых научных открытий и больших успехов на профессиональном пути!
С уважением, Председатель Правления Шолпан Бастаубаева и коллектив КазНИИЗиР

Свежие комментарии