Monthly Archives: Март 2026

ҚазЕжӨШҒЗИ-да Көрісу күні: дәстүр мен ізгі тілектерге толы кездесу

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (ҚазЕжӨШҒЗИ) ұлттық дәстүрге айналған Көрісу күні атап өтілді.

Таңертең институттың кіреберісінде қызметкерлерді дәнді дақылдар зертханасының ұжымы ерекше ілтипатпен қарсы алды. Қазақтың дәстүрі бойынша әріптестер бір-бірімен үш рет құшақтасып, жылы лебіздерін айтып, ізгі тілектерін білдірді. Шара өте жылы әрі шынайы көңіл-күйде өтті.

Кездесу барысында қызметкерлерге тәттілер таратылып, ал қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жүргендерге ауызашарға арналған арнайы азық-түлік пакеттері берілді.

Іс-шараны ұйымдастырған дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі Бақыт Айнебекова жиналғандарды мерекемен құттықтап, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен ұжымдағы бірлік пен сыйластықтың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар бүгін институтқа белгілі ғалым, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Баян Әлімғазинова арнайы келіп, институт ұжымымен кездесті. Ол ҚазЕжӨШҒЗИ-де еңбек еткен жылдарын жылы еске алып, ұжымға алғысын білдірді.

«Мені әрдайым осы жерге тартады. Мұндағы атмосфера ерекше, тіпті ауасы да басқа сияқты. Қасиетті Рамазан айында сіздердің орталарыңызда болғаныма өте қуаныштымын. Мен осы институтта көп жыл еңбек еттім, сондықтан қайта келіп, сіздермен жүздескеніме өте бақыттымын», – деді ол.

Ғалым институт ұжымына жаңа ғылыми жетістіктер мен табыстар тіледі.

Көрісу күні институт қызметкерлері үшін бір-бірімен қауышып, жылы сөз айтып, татулық пен ынтымақты нығайтқан ерекше күн болды.

Көрісу күні в КазНИИЗиР: тёплая встреча, добрые слова и традиции единства

Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) состоялось праздничное мероприятие, посвящённое национальной традиции Көрісу күні.

С самого утра у входа в институт сотрудников тепло встречали представители лаборатории зерновых культур. По казахской традиции коллеги приветствовали друг друга объятиями, обменивались добрыми пожеланиями и поздравлениями. Атмосфера была особенно тёплой и душевной.

В ходе встречи сотрудникам раздали сладости, а тем, кто держит пост в священный месяц Рамазан, подготовили специальные продуктовые наборы для ауызашара.

С поздравительной речью выступила заведующая лабораторией зерновых культур Бақыт Айнебекова, которая отметила важность сохранения национальных традиций, взаимного уважения и единства коллектива. Именно по её инициативе и было организовано это тёплое и значимое мероприятие.

Особым гостем мероприятия стала известный ученый-аграрий, доктор сельскохозяйственных наук Баян Алимгазинова, которая в этот день посетила институт. Она поделилась теплыми воспоминаниями о годах работы в КазНИИЗиР и выразила благодарность коллективу.

«Меня всегда тянет сюда. Здесь особая атмосфера, даже воздух другой. Я рада, что сегодня, в священный месяц Рамазан, нахожусь вместе с вами. Я много лет проработала здесь и очень счастлива снова быть в родном институте», – отметила она, пожелав коллективу новых научных достижений и успехов.

Көрісу күні стал прекрасной возможностью для сотрудников института встретиться, обменяться добрыми словами и ещё раз почувствовать силу традиций, объединяющих людей, укрепить атмосферу дружбы и сплочённости в коллективе.

@agro__press @nasec.kz

Күлпаш Булатова: Ғылымға жолым саналы таңдау болды

ҚазЕжӨШҒЗИ-ның басты ғылыми қызметкері Күлпаш Булатова республикалық Zont News басылымына сұхбат берді. Ол ғылымға қалай келгені, алғашқы тәжірибесі мен кәсіби жолы туралы айтып берді.

Толығырақ оқығыңыз келсе, сілтемеге өтіңіз: https://zontnews.kz/

Главный научный сотрудник Кульпаш Булатова в интервью республиканскому изданию Zont News рассказала о том, как пришла в науку, о первых шагах и профессиональном пути.

Читайте подробнее по ссылке: https://zontnews.kz/

Құрметті әріптестер, ардақты ханымдар!

Сіздерді келе жатқан көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының дамуына әйел ғалымдар мен мамандардың қосып отырған үлесі ерекше. Сіздер ғылым мен өндірісте табандылық пен кәсібиліктің, жауапкершілік пен ізденістің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер. Зертханаларда, ғылыми жобаларда, өндірістік тәжірибелерде және институт қызметінің түрлі бағыттарында сіздердің еңбектеріңіз үлкен құрметке лайық.

Әйел заты қашанда мейірімнің, даналықтың және төзімділіктің символы. Сіздердің білімге, ғылымға және ел дамуына қосқан үлестеріңіз жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.

Осы мерекелі күні сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен отбасыларыңызға амандық тілеймін. Көктем әрдайым жүректеріңізге қуаныш пен шабыт сыйласын!

Ізгі тілекпен, Шолпан Бастаубаева Басқарма төрағасы

Уважаемые коллеги, дорогие женщины!

Примите самые искренние поздравления с наступающим весенним праздником – Международным женским днем 8 Марта!

Сегодня женщины Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства вносят значительный вклад в развитие науки и сельского хозяйства страны. Ваш профессионализм, трудолюбие, ответственность и преданность делу являются важной частью научных достижений института.

В научных лабораториях, в реализации исследовательских проектов и в повседневной работе вы демонстрируете высокий уровень компетентности, настойчивость и стремление к новым знаниям. Ваш труд заслуживает искреннего уважения и признания.

Женщина во все времена была символом мудрости, доброты и созидательной силы. Пусть ваша энергия, талант и стремление к развитию и дальше служат развитию науки и процветанию нашей страны.

От всей души желаю вам крепкого здоровья, благополучия, вдохновения, новых профессиональных достижений и семейного счастья. Пусть весна принесёт в ваши дома радость, тепло и хорошее настроение!

С уважением, Шолпан Бастаубаева Председатель Правления

@agro__press @nasec.kz

КазЕжӨШҒЗИ-да «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» ұлттық бастамасы таныстырылды

4 наурыз күні Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (КазЕжӨШҒЗИ) базасында FAO және IOFS ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі, ғылым және білім беру жөніндегі Максим Юрьевич Сутула қатысты.

Кездесу аясында Қазақстан Республикасының селекцияны жаңғыртуға және тұқым шаруашылығы жүйесін нығайтуға бағытталған стратегиялық «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» Ұлттық бастамасы талқыланды.

Бастаманың өзектілігі

Баяндамада тұқым шаруашылығы саласында бірқатар жүйелі мәселелер бар екені атап өтілді: мамандандырылған техниканың тозуы, кейбір дақылдар бойынша шетелдік селекцияға тәуелділіктің жоғары болуы, сондай-ақ Мемлекеттік тізілімге 10 жылдан астам уақыт бұрын енгізілген сорттардың әлі де кең қолданылуы.

Сарапшылардың бағалауынша, сорттарды уақтылы жаңарту жыл сайын кемінде 3,5 млн тонна қосымша өнім алуға мүмкіндік береді.

Бастапқы тұқым шаруашылығын дамыту, аграрлық ғылымды қолдау және саланы технологиялық жаңғырту Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген басым міндеттердің бірі болып айқындалған.

Жобаның негізгі бағыттары

1. Селекциялық бағдарламаларды жаңғырту

Цифрлық фенотиптеу, жеделдетілген селекция (Speed breeding), маркерлік-бағытталған селекция (MAS) технологияларын енгізу, геномдық зерттеулер мен далалық сынақтарды ықпалдастыру көзделген. Бұл жаңа сорттарды шығаруды жеделдетіп, олардың қуаңшылыққа төзімділігін арттыруға және өнімділікті көтеруге мүмкіндік береді.

2. Тұқым шаруашылығы жүйесін нығайту

Зертханалық базаны жаңарту, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, мамандардың біліктілігін арттыру, тұқымдарды қадағалау жүйесін дамыту және салалық әріптестікті қалыптастыру қарастырылған.

3. Алма шаруашылығын дамыту

Саланы кешенді диагностикалау және өндірісті жаңғыртуға арналған инвестициялық модель әзірлеу жоспарланған.

Күтілетін нәтижелер

Жобаны іске асыру: ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 10–20%-ға арттыруға; отандық бәсекеге қабілетті сорттардың үлесін ұлғайтуға; тұқым импортына тәуелділікті төмендетуге; еліміздің әртүрлі климаттық аймақтарында пилоттық шаруашылықтар құруға; аграрлық ғылымның кадрлық әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуына бағытталған бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыруға дайын екендерін білдірді.

В КазНИИЗиР представлена Национальная инициатива «Казахстанские сорта и семена»

4 марта на базе Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) состоялась рабочая встреча с участием представителей FAO и IOFS.

В мероприятии принял участие Заместитель Председателя Правления – член Правления по науке и образованию НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр» Максим Юрьевич Сутула.

В рамках встречи была обсуждена стратегическая Национальная инициатива «Казахстанские сорта и семена», направленная на модернизацию селекции и укрепление системы семеноводства Республики Казахстан.

Актуальность инициативы

В ходе выступления было отмечено, что семеноводческая отрасль сталкивается с рядом системных вызовов: изношенность специализированной техники, высокая доля импортной селекции по отдельным культурам, а также использование сортов с длительным сроком нахождения в Государственном реестре.

По экспертным оценкам, своевременная сортосмена способна обеспечить дополнительный прирост валового сбора урожая до 3,5 млн тонн ежегодно.

Развитие первичного семеноводства, поддержка аграрной науки и технологическая модернизация отрасли реализуются в соответствии с поручениями Главы государства Касым-Жомарт Токаев.

Ключевые направления проекта

Инициатива предусматривает комплексные меры:

1. Модернизация селекционных программ

Внедрение цифрового фенотипирования, технологий ускоренной селекции (Speed breeding), маркер-опосредованной селекции (MAS), интеграция геномных исследований и полевых испытаний. Это позволит ускорить выведение новых сортов, повысить их адаптивность к засушливым условиям и увеличить продуктивность.

2. Укрепление системы семеноводства

Модернизация лабораторной базы, внедрение международных стандартов качества, повышение квалификации специалистов, развитие системы прослеживаемости семян и формирование отраслевого партнёрства.

3. Развитие яблочного сектора

Проведение комплексной диагностики отрасли и разработка инвестиционной модели модернизации производства.

Ожидаемые результаты

Реализация инициативы позволит: повысить урожайность на 10–20%; увеличить долю отечественных конкурентоспособных сортов; снизить импортозависимость по семенному материалу; создать пилотные хозяйства в различных климатических зонах страны; усилить кадровый потенциал аграрной науки.

По итогам встречи стороны подтвердили готовность к дальнейшему сотрудничеству и реализации совместных проектов, направленных на обеспечение продовольственной безопасности и устойчивое развитие агропромышленного комплекса Казахстана.

@agro__press @nasec.kz

ҚазЕжӨШҒЗИ-да FAO және IOFS өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO) мен Ислам азық-түлік қауіпсіздігі ұйымы (IOFS) өкілдерінің қатысуымен ресми кездесу өтті.

Кездесу барысында FAO өкілі «Ұлттық бастама – “Қазақстандық сорттар мен тұқымдар”» жобасын таныстырып, құттықтау сөз сөйледі. Баяндамада отандық селекция мен тұқым шаруашылығын дамытуға бағытталған негізгі басымдықтар айқындалды.

Институттың Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева жүзеге асырылып жатқан ғылыми-зерттеу бағдарламалары туралы баяндап, FAO-ның «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» жобасын іске асыруға институттың қатысуы жөнінде ұсыныстар енгізді.

Кездесу барысында дәнді-бұршақты дақылдар бөлімінің меңгерушісі Бақыт Айнебекова және институт зертханаларының меңгерушілері сөз сөйлеп, жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен перспективалық әзірлемелерді таныстырды.

Бас ғылыми қызметкер Минура Есимбекова Генбанк жобасы және ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық ресурстарын сақтау мен тиімді пайдалану бағыттары туралы ақпарат берді.

Бағдарлама аясында институттың жылыжай кешені таныстырылып, жеделдетілген селекция (Speed Breeding) технологиясын енгізуге бағытталған нысандарды жаңғырту жұмыстары көрсетілді. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар жеделдетілген селекцияны дамыту және фитотронды (жылыжайды) жаңғырту жөнінде ортақ шешімге келді.

Кездесу соңында сөз r. Ismail Abdelhamid-ке, беріліп, ол азық-түлік қауіпсіздігі мен аграрлық ғылымды орнықты дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

В КазНИИЗиР состоялась встреча с представителями FAO и IOFS

Сегодня в КазНИИЗиР прошла официальная встреча с участием представителей Продовольственной и сельскохозяйственной организации ООН (FAO) и Исламской организации по продовольственной безопасности (IOFS).

С приветственным словом и презентацией проекта «Национальная инициатива „Казахстанские сорта и семена“» выступил представитель FAO (ФИО). В докладе были обозначены приоритетные направления проекта, направленные на развитие отечественной селекции и семеноводства.

Председатель Правления института Шолпан Бастаубаева представила доклад о действующих научно-исследовательских программах, а также внесла предложения по участию института в реализации проекта FAO «Казахстанские сорта и семена».

В ходе встречи выступили заведующая отделом зерновых культур Бакыт Айнебекова и другие заведующие лабораториями института, которые представили результаты текущих исследований и перспективные разработки.

Главный научный сотрудник Минура Есимбекова представила информацию о проекте Генбанка и направлениях сохранения и рационального использования генетических ресурсов сельскохозяйственных культур.

В рамках программы состоялся осмотр тепличного комплекса института, включая модернизацию объектов для внедрения технологии ускоренной селекции (Speed Breeding). По итогам обсуждения стороны выработали совместное решение по развитию ускоренной селекции и модернизации фитотрона (теплицы).

В завершение встречи слово было предоставлено Dr. Ismail Abdelhamid, который подчеркнул важность международного сотрудничества в сфере продовольственной безопасности и устойчивого развития аграрной науки.

@agro__press @nasec.kz

Тұқымдарды сауықтыру – мол өнім алудың негізгі қадамы

Тұқым – болашақ егіннің негізі, ал оның сапасы өсімдіктердің өнімі мен өнуіне тікелей әсер етеді. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Сарбаев А. Т.-ның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанның көптеген өңірлерінде тұқым сапасының төмендеуі байқалады. Оның сөзінше, партиялардың көпшілігі төмен өну қабілетіне ие және фитопатогендермен зақымданған, бұл егінге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.

«Тіпті сау көрінетін тұқымдар да ауру спораларын тасуы мүмкін. Егіндік материал арқылы ауру қоздырғыштарының 75%-дан астамы беріледі, көбінесе саңырауқұлақ табиғаттағы», – деп атап өтті ғалым. Оның пікірінше, бұл өсімдіктің өсуін баяулатып, тамыр шірігін дамытуға, егістік сиреуге және дән сапасының төмендеуіне әкеледі.

Доктор Сарбаев тұқымдарды фитоэкспертиза арқылы тексерудің маңыздылығын ерекше атап өтті: «Ең зиянды ауруларды, мысалы, септориоз, пиренофороз және жапырақ дақтарын уақытында анықтау үшін арнайы әдістемелер қажет. Бұл әдістемелер барлық өңірлерде стандартты түрде қолданылмайды».

Ғалымның айтуынша, тиімді тұқымды егіске дайындау төмендегідей қадамдарды қамтиды: қоспалардан тазалау және сұрыптау; арнайы препараттармен (фунгицидтер мен инсектицидтер) өңдеу; өсімдіктің ерте кезеңінде зиянкестерден қорғау.

«Бұл өңдеу тұқымның айналасында қорғаныс қабатын жасап, жасырын инфекцияларды жояды және өскіндерді топырақтағы саңырауқұлақтар, бактериялар мен зиянкестерден қорғайды», – деп атап өтті доктор Сарбаев. Ол қосымша: «Тіпті суық көктем немесе ылғал көп болған жағдайда да, протравленген тұқымдардың аман қалу мүмкіндігі жоғары, әрі өсімдіктер мықты өседі».

«Қазіргі заманғы протравители тек аурулардан ғана емес, зиянкестерден де қорғайды. Бұл фермерлерге күрделі жағдайларда да 10–15 % өнімді сақтауға мүмкіндік береді», – деді Сарбаев А. Т.

Доктор Сарбаев тұқымдарды сауықтыруға жүйелі түрде көңіл бөлудің Қазақстандағы ауыл шаруашылық өнімдерінің өнімділігін арттырудағы маңызды кезең екенін ерекше атап өтті.

Оздоровление семян – ключ к высокой урожайности

Семена – основа будущего урожая, и их качество напрямую влияет на всхожесть и продуктивность культур. Как отметил доктор сельскохозяйственных наук Сарбаев А. Т., в последние годы во многих регионах Казахстана наблюдается снижение посевного качества семян. По его словам, значительная часть партий имеет низкую всхожесть и высокую зараженность комплексом фитопатогенов, что может привести к серьезным потерям урожая.

«Даже внешне здоровые семена могут переносить споры болезней. Более 75 % возбудителей, преимущественно грибной природы, передаются через посадочный материал», – подчеркнул ученый. По его словам, это приводит к замедлению роста растений, развитию корневых гнилей, изреживанию посевов и ухудшению формирования зерна, вплоть до щуплости.

Доктор Сарбаев отметил, что одной из причин такой ситуации является недооценка хозяйствами важности фитоэкспертизы семян. Он подчеркнул: «Для своевременного выявления особенно вредоносных объектов, таких как септориоз, пиренофороз и пятнистость листьев, требуются специальные методики. Их применение не во всех регионах стандартно».

По словам специалиста, эффективная предпосевная подготовка семян включает: очистку от примесей и калибровку; прогрев и протравливание специальными препаратами (фунгицидами и инсектицидами); защиту от вредителей на ранних стадиях роста.

«Эта подготовка создает защитный экран вокруг семени, уничтожает скрытые инфекции и защищает проростки от почвенных грибов, бактерий и вредителей», – подчеркнул доктор. Он добавил, что даже в неблагоприятных условиях – холодная весна или избыток влаги – протравленные семена имеют гораздо больше шансов выжить и дать крепкие всходы.

«Современные протравители защищают не только от болезней, но и от насекомых. Благодаря этому фермеры могут сохранить до 10–15 % урожая даже при неблагоприятных погодных условиях», – отметил Сарбаев А. Т.

Доктор Сарбаев подчеркнул, что системный подход к оздоровлению семян – это один из ключевых этапов повышения урожайности и стабильного производства сельхозкультур в Казахстане.

@agro__press @nasec.kz

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X