Yearly Archives: 2026

Ғылым мен өндірісті ұштастырған ұлағатты ұстаздың мерейтойы атап өтілді

Нақты газетіне жарияланған материалда ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан академик Ғалиолла Мейірман Төлендіұлының мерейтойына арналған ауқымды ғылыми басқосу туралы жазылады. Іс-шараға аграрлық ғылым өкілдері, жоғары оқу орындарының профессорлары, ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері мен өндіріс мамандары қатысты.

Жиында ғалымның ғылым мен өндірісті ұштастырудағы еңбегі, мал азығын өндіру саласын дамытуға қосқан үлесі және ғылыми мектеп қалыптастырудағы рөлі ерекше аталды. Спикерлер оның аграрлық ғылымдағы жаңашыл зерттеулері бірнеше буын ғалымдарына үлгі болғанын атап өтті.

Конференция барысында мал азығын өндірудің қазіргі жағдайы, жоғары өнімді дақылдарды енгізу, сорт сынау, тұқым шаруашылығын дамыту және жайылымдарды тиімді пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды. Сондай-ақ саладағы цифрлық және биотехнологиялық шешімдерді енгізу, ресурстарды ұтымды пайдалану және өндіріс тиімділігін арттыру бағыттары сөз болды.

Шара соңында қатысушылар академиктің ғылыми мұрасы отандық аграрлық ғылым тарихында маңызды орын алатынын айтып, аграрлық сектордың одан әрі дамуына тілектестік білдірді.

В газете «Нақты» вышел материал, посвящённый учёному и наставнику

В издании «Нақты» опубликован материал, посвящённый юбилею академика Ғалиолла Төлендіұлы Мейірман под названием «Ғылым мен өндірісті ұштастырған ұлағатты ұстаз».

В статье отмечается, что юбилейная конференция собрала ведущих представителей аграрной науки, вузов и научно-исследовательских институтов. Участники высоко оценили вклад учёного в развитие аграрной отрасли Казахстана, его организаторские способности и формирование научной школы, воспитавшей несколько поколений специалистов.

В рамках мероприятия с поздравлениями выступили представители Национальной академии наук, Министерства сельского хозяйства и аграрного научного сообщества. Подчёркивается, что научное наследие академика стало важной основой для развития кормопроизводства и повышения эффективности аграрного сектора.

Сам юбиляр представил доклад о современных проблемах и перспективах развития кормопроизводства, акцентировав внимание на вопросах продовольственной безопасности, рационального использования природных ресурсов и повышения продуктивности отрасли.

Также в ходе конференции были представлены научные доклады ведущих учёных и практиков из разных регионов страны, посвящённые развитию кормовых культур, семеноводству и внедрению современных биотехнологий в сельское хозяйство.

Материал подчёркивает, что вклад учёного в аграрную науку Казахстана имеет большое значение, а его научная школа продолжает оказывать влияние на развитие отрасли и подготовку молодых специалистов.

@agro__press @nasec

ҚазЕжӨШҒЗИ-де ғылым мен отбасыны қатар алып жүрген көпбалалы аналар еңбек етеді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында еңбек етіп жүрген көпбалалы аналардың еңбегі мен отбасы құндылығы ерекше аталып өтуде.

Институттың аға зертханашысы Ақжан Еспембетова 2015 жылдан бері ҚазЕжӨШҒЗИ-де қызмет етеді. Ол Түркістан облысы Кентау қаласының тумасы. Ақжан төрт баланың анасы – Инабат, Сымбат, Саят және Азаматты тәрбиелеп отыр. Үлкен қызы биыл 11-сыныпты аяқтаса, кенже ұлы алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ.

«Менің өмірім ғылыммен тығыз байланысты. Студент кезімнен бастап еңбек етіп келемін. Көпбалалы ана болу – үлкен жауапкершілік. Балалар – өмірдің мәні мен қуанышы. Баршаңызды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Әр шаңырақта бала күлкісі естіліп, елімізде көпбалалы отбасыларға қолдау арта берсін», – деді Ақжан Еспембетова.

Сонымен қатар ол балалардың жоғары оқу орындарына түсуіне жеңілдіктер мен қоғамдық көлікте қолдау шаралары маңызды екенін атап өтті.

Институт қызметкері, аға зертханашысы Ақтоты Қозыбакова да үлкен отбасы тәрбиелеп отырған аналардың бірі. Ол Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. Ұлы Ернияз – 1 курс студенті, қызы Кәусар 10-сыныпты аяқтады, Інжу 5-сыныпта, Саттар 3-сыныпта оқиды, ал кенже қызы Күнімай балабақшаға барады.

«Балалар бізге күш-қуат пен шабыт береді. Әрбір бала бақытты, білімді әрі дені сау болып өссе екен деймін. Барша бүлдіршіндерге жарқын болашақ, ал ата-аналарға амандық тілеймін», – деді Ақтоты Қозыбакова.

В КазНИИЗиР работают многодетные мамы, посвящающие себя семье и науке

1 июня в Казахстане отмечается Международный день защиты детей – праздник, напоминающий о важности семьи, заботы и счастливого детства. В Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства трудятся многодетные мамы, которые успешно совмещают работу в науке и воспитание детей.

Старший лаборант КазНИИЗиР Акжан Еспембетова работает в институте с 2015 года. Родом она из города Кентау Туркестанской области. Акжан –   многодетная мама, воспитывающая четверых детей: Инабат, Сымбат, Саят и Азамат. Старшая дочь в этом году оканчивает 11 класс, а младший сын осенью впервые пойдет в школу.

«Вся моя жизнь связана с наукой. Еще со второго курса начала работать. Конечно, быть многодетной мамой непросто, но дети – это счастье и большая мотивация двигаться вперед. Поздравляю всех с Днем защиты детей! Пусть в каждой семье звучит детский смех, а государство и дальше поддерживает многодетные семьи», – отметила Акжан Еспембетова.

Она также подчеркнула, что для семей важны дополнительные меры поддержки – помощь при поступлении детей в вузы и льготы на общественный транспорт.

Еще одна сотрудница института, старший лаборант – Актоты Козыбакова, родившаяся в городе Жанатас Жамбылской области, также воспитывает большую семью. Ее старший сын Ернияз – студент первого курса, дочь Каусар окончила 10 класс, Инжу – 5 класс, Саттар – 3 класс, а младшая Күнімай посещает детский сад.

«Дети вдохновляют нас становиться сильнее, терпеливее и добрее. Самое главное, чтобы они росли здоровыми, образованными и счастливыми. Желаю всем детям яркого детства, а родителям – благополучия и радости», – поделилась Актоты Козыбакова.

@agro__press @nasec

Дәнді дақылдарға фитосанитарлық мониторинг жүргізілді

Алматы және Жамбыл облыстарында дәнді дақылдар егістіктері мен жабайы дәнді өсімдіктерде фитосанитарлық мониторинг жұмыстары жүргізілді. Зерттеу барысында жол бойымен әр 20–30 км сайын тоқтап, егістік жағдайына кешенді бақылау жасалды.

Мониторинг кезінде келесі деректер тіркелді: GPS координаттары (ендік, бойлық және теңіз деңгейінен биіктік), өсімдік түрі, сорты және даму фазасы, аурулар мен зиянкестердің түрі және даму кезеңі, сондай-ақ нысандар фототіркеуден өткізілді.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде күздік бидай егістіктерінің басым бөлігі «Стекловидная 24» сортына тиесілі екені анықталды (85–90%). Сонымен қатар аз көлемде ресейлік қылтанақсыз сорттар (ықтимал «Бригада» және «Гром») кездесті. Арпа егістіктері негізінен қазақстандық «Нутанс» түршесіне жататын сорттардан (Арна, Сымбат, Ұлар) құралған. Дақылдар масақтану және гүлдеу фазасында болды.

Бидай егістіктерінде және жол жиегі мен егістік шетінде өсетін эгилопс (Aégilops) және жабайы арпа (Hordeum leporinum) өсімдіктерінде сары тат ауруының (Puccinia striiformis) әлсіз және орташа дамуы байқалды. Ауру уредо кезеңінде тіркелді. Сондай-ақ жапырақ тат ауруы мен ақ ұнтақ белгілері анықталды.

Арпа дақылдарында қатты қаракүйе (Ustilago hordei) және қоңыр дақ (Bipolaris sorokiniana) аурулары орташа деңгейде дамуда.

Зиянкестерден егістіктерде астық қандаласы (Eurygaster integriceps), өсімдік биттері (Aphididae), шегірткелер және қоңыздар кездесетіні тіркелді.

Жүргізілген мониторинг нәтижелері дәнді дақылдар фитосанитарлық жағдайын тұрақты бақылау және аурулар мен зиянкестердің таралуын алдын алу шараларының маңыздылығын көрсетеді.

Проведен фитосанитарный мониторинг зерновых культур

В Алматинской и Жамбылской областях проведен фитосанитарный мониторинг посевов зерновых культур и дикорастущих злаковых растений. В ходе исследования осуществлялись остановки каждые 20–30 км вдоль автомобильных дорог для комплексной оценки состояния агроценозов.

В рамках мониторинга фиксировались GPS-координаты (широта, долгота и высота над уровнем моря), вид растения, сорт и фаза развития, виды и стадии развития болезней и вредителей, а также проводилась фотофиксация объектов.

Результаты показали, что основную долю посевов озимой пшеницы составляет сорт «Стекловидная 24» (85–90%). Также отмечено наличие небольших площадей российских безостых сортов (предположительно «Бригада» и «Гром»). Посевы ячменя в основном представлены казахстанскими сортами разновидности «Нутанс» (Арна, Сымбат, Улар). Культуры находились в фазах колошения и цветения.

На посевах пшеницы, а также на обочинах полей и в местах произрастания дикорастущих злаков – эгилопса (Aégilops) и дикого ячменя (Hordeum leporinum) – выявлено слабое и умеренное развитие желтой ржавчины (Puccinia striiformis). Заболевание находилось в уредо-стадии. Также отмечены признаки листовой ржавчины и мучнистой росы.

На посевах ячменя наблюдалось умеренное развитие твердой головни (Ustilago hordei) и бурой пятнистости (Bipolaris sorokiniana).

Среди вредителей выявлены клоп вредная черепашка (Eurygaster integriceps), злаковая тля (Aphididae), саранчовые и жуки.

Результаты мониторинга подчеркивают необходимость систематического фитосанитарного контроля и своевременного принятия мер по предотвращению распространения болезней и вредителей зерновых культур.

@agro__press @nasec

Жаздық арпа мен сұлы бойынша тәжірибелер жүргізілуде

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында дәнді және малазықтық дақылдар бойынша тәжірибелік алқаптарда агротехникалық жұмыстар атқарылуда.

Зернофураждық дақылдар зертханасының меңгерушісі Аскар Баймуратовтың айтуынша, институтта жаздық арпаның 3 сорты 0,5 гектардан егіліп, жалпы көлемі 1,5 гектарды құрады. Сондай-ақ жаздық сұлының да 3 сорты 0,5 гектардан орналастырылып, жалпы 1,5 гектар алқапты қамтыды.

Сонымен қатар 3 гектар жерге сұйық тыңайтқыш енгізу жұмыстары жүргізілді, бұл өсімдіктердің бастапқы даму кезеңінде қоректік режимін жақсартуға бағытталған.

Аскар Баймуратовтың айтуынша:

«Тәжірибелік егістердің әр кезеңі мұқият бақылауда. Жаңа сорттардың өнімділігі мен бейімделгіштігін бағалау – селекциялық жұмыстың негізгі бөлігі».

Яровой ячмень и овёс: закладка опытов и внесение удобрений

В Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства продолжаются полевые работы по зернофуражным культурам.

По словам заведующего лабораторией зернофуражных культур Аскара Баймуратова, в институте заложены опыты по трём сортам ярового ячменя – по 0,5 га каждый, общий объём составляет 1,5 га. Аналогично размещены три сорта ярового овса на площади 1,5 га.

Также на площади 3 га внесено жидкое удобрение, направленное на улучшение питания растений на ранних этапах развития.

Аскар Баймуратов отметил:

«Каждый этап опытных посевов находится под строгим контролем. Оценка урожайности и адаптивности новых сортов является ключевой задачей селекционной работы».

@agro__press @nasec.

Цифрландыру – майлы дақылдар селекциясындағы жаңа кезең

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында селекциялық зерттеулерді цифрландыру бағытында жаңа инновациялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл бастама селекциялық стационарлар мен органикалық, тәлімі және суармалы егіншілік алқаптарын заманауи цифрлық технологиялар негізінде басқаруға және мониторинг жүргізуге бағытталған.

Зерттеу жұмыстарының қазіргі барысы туралы майлы дақылдар лабораториясының меңгерушісі Светлана Дидоренко атап өткендей, институтта DJI Terra бағдарламалық платформасы негізінде қашықтан мониторинг жүргізу және агробиологиялық деректерді дәл талдау жүйесі енгізілуде.

Оның айтуынша, цифрлық платформаларды қолдану селекциялық материалды бағалаудың сапалы жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік беріп отыр. Егістіктердің жағдайын жоғары дәлдікпен бақылау, тәжірибелік алқаптарға кеңістіктік талдау жасау және перспективалы генотиптерді жедел анықтау жұмыстары айтарлықтай жеңілдеді.

Светлана Дидоренко аэрофототүсірілім, фотограмметрия және цифрлық картография технологиялары өсімдіктердің морфобиологиялық ерекшеліктерін объективті бағалауға, стресс факторларын ерте анықтауға және селекциялық үдерістің тиімділігін арттыруға жол ашатынын атап өтті.

Сонымен қатар DJI Terra платформасы ортофотожоспарлар мен 3D модельдер жасауға, NDVI және NDRE сияқты вегетациялық индекстерді есептеуге және селекциялық питомниктер бойынша бірыңғай цифрлық деректер базасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Маманның айтуынша, бұл тәсіл селекциялық шешімдер қабылдау жылдамдығын арттырып, адам факторының әсерін азайтады және перспективалы формаларды ерте анықтауға жағдай жасайды. Нәтижесінде селекциялық жұмыс Smart Breeding – деректерге негізделген интеллектуалды селекция деңгейіне көшуге жақындайды.

Цифровизация – новый этап в селекции масличных культур

В Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства реализуется новый инновационный проект по цифровизации селекционных исследований. Данная инициатива направлена на внедрение современных цифровых технологий в управление селекционными стационарами, а также полями органического, богарного и поливного земледелия.

Как отметила заведующая лабораторией масличных культур Светлана Дидоренко, в институте внедряется система дистанционного мониторинга и точного анализа агробиологических данных на основе программного обеспечения DJI Terra.

По её словам, использование цифровых платформ позволяет вывести оценку селекционного материала на качественно новый уровень. Существенно упрощается контроль состояния посевов, проведение пространственного анализа опытных участков и оперативное выявление перспективных генотипов.

Светлана Дидоренко подчеркнула, что технологии аэрофотосъемки, фотограмметрии и цифрового картирования открывают новые возможности для объективной оценки морфобиологических признаков растений, раннего выявления стрессовых факторов и повышения эффективности селекционного процесса.

Кроме того, платформа DJI Terra позволяет формировать ортофотопланы и 3D-модели, рассчитывать вегетационные индексы (NDVI, NDRE), а также создавать единую цифровую базу данных селекционных питомников.

По её словам, данный подход ускоряет принятие селекционных решений, снижает влияние человеческого фактора и позволяет более оперативно выявлять перспективные формы. В результате селекционная работа постепенно переходит на уровень Smart Breeding – интеллектуальной селекции, основанной на данных и цифровых технологиях.

@agro__press @nasec.

«Жас селекционер» халықаралық мектебі: аграрлық ғылымға жаңа буын мамандар

18–21 мамыр аралығында «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС базасында «Жас селекционер» халықаралық семинар-тренингі өтті. Аталған білім беру алаңы Қазақстан, Қырғызстан және Грузиядан келген жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен аграрлық сала мамандарын біріктірді.

Мектептің негізгі мақсаты – селекция және тұқым шаруашылығы саласында бәсекеге қабілетті жас мамандарды даярлау, сондай-ақ заманауи аграрлық ғылымның озық әдістерін тәжірибе арқылы меңгерту болды.

Төрт күндік бағдарлама барысында қатысушылар дәнді дақылдар селекциясының заманауи бағыттарымен, генетика және молекулалық биология негіздерімен, өсімдіктер иммунитеті және қорғау жүйелерімен, биотехнология және биохимия саласындағы жаңа әдістермен жан-жақты танысты. Сонымен қатар, дән сапасын бағалау бойынша практикалық сабақтар өткізілді.

Дәрістерді Қазақстанның және шетелдің жетекші ғалымдары жүргізді. Халықаралық селекция саласының танымал маманы Алексей Иванович Моргунов бидай селекциясының әлемдік даму үрдістері мен климаттық өзгерістер жағдайында сорттардың төзімділігін арттыру бағыттары туралы кеңінен баяндады. Ал Австралиядағы Flinders University университетінің профессоры Юрий Николаевич Шавруков молекулалық генетикадағы заманауи тәсілдер мен өсімдіктердің абиотикалық стресс факторларына төзімділігін арттыру жолдарын түсіндірді.

Бағдарлама аясында қатысушылар тәжірибелік зертханаларда жұмыс істеп, селекциялық материалдарды талдау, фенотиптік бағалау және заманауи зерттеу әдістерін қолдану бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.

«Жас селекционер» халықаралық мектебі – жас ғалымдардың кәсіби дамуына, ғылыми байланыстарды нығайтуға және халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін маңызды ғылыми-білім беру платформасына айналды.

В КазНИИЗиР прошла Международная школа «Молодой селекционер»

С 18 по 21 мая на базе ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» прошёл семинар-тренинг Международной школы «Молодой селекционер». В мероприятии приняли участие молодые учёные, магистранты, студенты и специалисты аграрной отрасли из Казахстана, Кыргызстана и Грузии.

Основной целью школы стала подготовка конкурентоспособных молодых специалистов в области селекции и семеноводства, а также формирование практических навыков работы с современными методами аграрной науки.

В течение четырёх дней участники изучали современные направления селекции зерновых культур, основы генетики и молекулярной биологии, вопросы иммунитета и защиты растений, биотехнологии и биохимии. Также были проведены практические занятия по оценке качества зерна и работе с селекционным материалом.

Лекции проводили ведущие учёные Казахстана и зарубежья. Международный эксперт в области селекции Алексей Иванович Моргунов рассказал о мировых тенденциях развития селекции пшеницы и повышении устойчивости сортов к климатическим изменениям. Профессор Flinders University (Австралия) Юрий Николаевич Шавруков представил современные подходы молекулярной генетики и методы повышения устойчивости растений к абиотическим стрессам.

В рамках программы участники также работали в лабораториях института, где освоили методы фенотипической оценки, анализа селекционного материала и современные исследовательские технологии.

Международная школа «Молодой селекционер» стала важной образовательной и научной площадкой для обмена опытом, укрепления международного сотрудничества и профессионального роста молодых специалистов в области аграрной науки.

@agro__press @nasec.kz

Жас ғалымдар халықаралық аграрлық конференцияға белсенді қатысты

2026 жылғы 21 мамырда Алматы қаласындағы Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында «Қазақстанның аграрлық ғылымын және агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз етуді дамыту: теория, әдіснама және практика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған конференцияға «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» жас ғалымдары А.А. Амангелдиева, Қ. Қойланов, Б.Н. Майкотов, К.У. Рүстемова белсенді қатысты.

Конференция аясында ұйымдастырылған «Аграрлық секторды жаһандық климаттық өзгерістерге бейімдеу жүйесіндегі агробиология және фитосанитария» секциялық отырысында климаттық өзгерістер жағдайындағы аграрлық ғылымның өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар өсімдік қорғау, селекция, биотехнология және фитосанитариялық қауіпсіздік бағыттары бойынша ғылыми пікір алмасулар өтті.

Жас зерттеушілер өз ғылыми баяндамаларын ұсынып, заманауи агроғылымдағы инновациялық тәсілдер мен жаңа технологиялар жөнінде ой бөлісті. Әсіресе, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, өсімдіктердің стресс факторларға төзімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай халықаралық ғылыми алаңдар жас ғалымдардың кәсіби тәжірибесін арттырып қана қоймай, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және жаңа ғылыми идеялардың қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді.

Ғылым – болашақтың кепілі, ал жас ғалымдардың ізденісі – ел аграрлық ғылымының жарқын келешегі!

Молодые ученые приняли активное участие в международной аграрной конференции

21 мая 2026 года в Алматы, в Казахском научно-исследовательском институте защиты и карантина растений имени Ж. Жиембаева, состоялась международная научно-практическая конференция «Развитие аграрной науки Казахстана и научное обеспечение агропромышленного комплекса: теория, методология и практика».

В работе конференции активное участие приняли молодые ученые «Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства» – А.А. Амангельдиева, К. Койланов, Б.Н. Майкотов и К.У. Рустемова.

В рамках конференции на секционном заседании «Агробиология и фитосанитария в системе адаптации аграрного сектора к глобальным климатическим изменениям» были обсуждены актуальные вопросы аграрной науки в условиях изменения климата. Особое внимание уделили направлениям защиты растений, селекции, биотехнологии и фитосанитарной безопасности.

Молодые исследователи представили свои научные доклады и обменялись мнениями о современных методах и инновационных решениях в аграрной науке. В центре внимания также находились вопросы устойчивого развития сельского хозяйства, повышения устойчивости растений к стрессовым факторам и обеспечения продовольственной безопасности.

Подобные международные научные площадки не только способствуют профессиональному росту молодых ученых, но и укрепляют связь науки и производства, развивают международное сотрудничество и создают условия для появления новых научных идей.

Наука – залог будущего, а стремление молодых ученых к знаниям – основа успешного развития аграрной науки страны!

@agro__press @nasec.kz

ҚазҰАЗУ-де халықаралық ғылыми іс-шара өтті

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қытай Халық Республикасының делегациясы қатысқан халықаралық ғылыми іс-шара өтті. Кездесу KAZNAZU конференц-залында ұйымдастырылып, азық-түлік қауіпсіздігі, стратегиялық резервтер және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналды.

Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, өңдеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Шараға Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазЕжӨШҒЗИ) қызметкерлері де қатысты. Институт атынан «Үшқоңыр» білім тарату орталығының жетекшісі Сейткәрім Қалтаев сөз сөйледі.

Кездесу аясында ұйымдардың ғылыми және өндірістік жетістіктері таныстырылып, болашақтағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

В КазНАИУ прошло международное научное мероприятие

Сегодня в Казахском национальном аграрном исследовательском университете состоялось международное научное мероприятие с участием представителей научно-исследовательских организаций и зарубежной делегации Китайской Народной Республики. Встреча прошла в конференц-зале KAZNAZU и была посвящена вопросам международного сотрудничества в сфере продовольственной безопасности, стратегических резервов и агропромышленного комплекса.

В ходе мероприятия участники обсудили перспективы научного взаимодействия, обмена опытом и внедрения современных технологий в области хранения, переработки и обеспечения безопасности сельскохозяйственной продукции.

Активное участие в мероприятии приняли сотрудники Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР). От имени института выступил руководитель Центра распространения знаний «Ушконыр» Сейткарим Калтаев.

В рамках встречи участники представили научно-исследовательские и производственные достижения своих организаций, обсудили перспективы дальнейшего международного сотрудничества и реализации совместных проектов.

@agro__press @nasec.kz

Carlsberg компаниясы ҚазЕжӨШҒЗИ-мен органикалық арпа өсіру бағытындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Carlsberg компаниясының Даниядағы өкілдігі арнайы сапармен келді. Кездесудің басты мақсаты – органикалық арпа өндірісі, тұрақты ауыл шаруашылығы және экологиялық таза өнім шығару бағытындағы ғылыми мүмкіндіктермен танысу болды.

Carlsberg – Орталық Азия аумағында экологиялық талаптарға сай өнім өндіретін ірі халықаралық компаниялардың бірі. Бүгінде компания алкогольсіз сыра өндірісін белсенді дамытып келеді және алдағы уақытта органикалық алкогольсіз сыра шығару бағытына қызығушылық танытып отыр.

Кездесу барысында компания өкілдері әлемдік нарықтағы қазіргі тенденцияларға тоқталды. Олардың айтуынша, бүгінде Еуропада өндірілетін сыра өнімдерінің шамамен 20 пайызы – алкогольсіз, ал 10 пайызы – органикалық өнімдер. Мұндай бағыт экологиялық жауапкершілік пен компания имиджін нығайтудың маңызды бөлігіне айналып отыр. Сонымен қатар алкогольсіз сыра спортшылар арасында да сұранысқа ие, өйткені ол жаттығудан кейін ағзадағы жоғалған микроэлементтер мен сұйықтық тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі.

Компания өкілдері қазіргі уақытта Жетісу облысындағы жеткізушілермен жұмыс істеп жатқанын, алайда органикалық өндірісті дамытуға ерекше қызығушылық бар екенін жеткізді. Бұл бағытта табиғи су ресурстары мен экологиялық таза шикізат маңызды рөл атқарады.

Кездесу аясында ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдары институттың органикалық егіншілік саласындағы ғылыми әзірлемелерін, тәжірибе алқаптарын, генбанк жұмысын және заманауи зертханаларын таныстырды. Алдағы уақытта институт мамандары Carlsberg компаниясына органикалық арпа өсіруге қолайлы сорттарды іріктеу және оларды өндіріске ұсыну бойынша ғылыми ұсыныстар береді.

Қазақстанның органикалық өнім өндірушілер одағының төрағасы, «Қазақстанның органикалық өнім өндірушілер одағы» ЗТБ директоры Арсен Керімбеков бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып:

«Бүгінде әлемдік нарық экологиялық таза әрі тұрақты өндіріс моделіне көшіп жатыр. Қазақстанның табиғи әлеуеті органикалық өнім өндіруге толық мүмкіндік береді. Сондықтан ғылым, өндіріс және бизнес бірігіп жұмыс істеуі керек. ҚазЕжӨШҒЗИ секілді ғылыми институттардың әзірлемелері осы бағыттағы нақты қадамдардың негізі болады», – деді.

Тараптар органикалық ауыл шаруашылығы мен тұрақты агротехнологияларды дамыту бағытындағы ынтымақтастықтың болашағын талқылады.

Carlsberg обсудил с КазНИИЗиР развитие производства органического ячменя

Сегодня Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетили представители компании Carlsberg из Дании. Главной целью визита стало знакомство с научными разработками института в области органического земледелия, а также обсуждение перспектив выращивания органического ячменя.

Carlsberg является одной из крупнейших международных компаний, развивающих экологически ориентированное производство в Центральной Азии. В настоящее время компания активно развивает направление безалкогольного пива и рассматривает возможность выпуска органического безалкогольного продукта.

Представители компании отметили, что мировые производители сегодня уделяют особое внимание экологическому имиджу и устойчивому развитию. По их словам, уже около 20% рынка пива в Европе занимает безалкогольная продукция, а порядка 10% – органическая. Безалкогольное пиво также становится популярным среди спортсменов, поскольку помогает восполнять потерю жидкости и микроэлементов после тренировок.

В ходе встречи представители Carlsberg сообщили, что уже работают с поставщиками в Жетысуской области, однако заинтересованы в развитии именно органического производства. Для этого важны качественная вода, экологически чистое сырьё и научное сопровождение.

Специалисты КазНИИЗиР представили гостям научные лаборатории, генбанк, опытные поля и разработки института в сфере органического земледелия. В ближайшее время стороны планируют изучить, какие сорта ячменя, разработанные институтом, могут быть рекомендованы поставщикам компании для органического производства.

Председатель Союза производителей органической продукции Казахстана, директор ОЮЛ «Союз производителей органической продукции Казахстана» Арсен Керимбеков отметил:

«Сегодня мировой рынок уверенно движется в сторону экологически чистого и устойчивого производства. Казахстан обладает большим потенциалом для развития органического земледелия. Именно поэтому сотрудничество науки, агробизнеса и международных компаний сегодня особенно важно. Разработки КазНИИЗиР могут стать хорошей основой для развития отечественного органического производства», – подчеркнул он.

Стороны обсудили перспективы дальнейшего сотрудничества в сфере устойчивого сельского хозяйства и органического производства.

@agro__press @nasec.kz

Қуаңшылық жағдайында ылғал үнемдеу технологияларының тиімділігі зерттелуде

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЕжӨШҒЗИ) құрамындағы Егіншілік зертханасы Қараой тәлімбағында сумен қамтамасыз етілмейтін («қатаң богара») жағдайында қуаңшылық пен жоғары температураға төзімді өсімдіктерге арналған далалық тәжірибелерді жүзеге асыруда.

Зерттеудің негізгі мақсаты – экстремалды климаттық жағдайларда өсімдіктердің бейімделу қабілетін, өнімділігін және ылғалды сақтау технологияларының тиімділігін анықтау.

– Тәжірибе барысында топырақ ылғалын сақтауға бағытталған бірқатар агротехникалық әдістер қолданылды. Атап айтқанда, топырақ бетін мульчалау, минералдық қорларды енгізу, ылғал үнемдеуші технологиялардың тиімділігін бағалау, сондай-ақ минималды, чизельді және тікелей өңдеу жүйелері сынақтан өткізілді. Барлық нұсқалар табиғи жауын-шашынға негізделіп, қосымша суарусыз жүргізілді, – дейді лаборатория менгерушісі Рауан Жапаев.

Аталған зерттеулер тәлімі егіншілік жағдайында су ресурстарын тиімді пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің инновациялық тәсілдерін анықтауға бағытталған. Өсімдіктердің өсу кезеңдері бойынша бақылау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Изучается эффективность влагосберегающих технологий в условиях засухи

Лаборатория земледелия Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) проводит полевые исследования на Караойском испытательном участке в условиях «жёсткой богары», без дополнительного орошения.

Основная цель эксперимента – определить адаптационные способности растений, их продуктивность и эффективность влагосберегающих технологий в условиях засухи и высоких температур.

– В ходе опыта применялись различные агротехнические приёмы, направленные на сохранение почвенной влаги. В частности, использовались мульчирование поверхности почвы, внесение минеральных ресурсов, оценка влагосберегающих технологий, а также минимальная, чизельная и нулевая (прямая) обработка почвы. Все варианты проводились исключительно за счёт естественных осадков, без дополнительного полива – говорит заведующий лабораторией Рауан Жапаев.

Данные исследования направлены на разработку эффективных технологий возделывания сельскохозяйственных культур в богарных условиях с рациональным использованием водных ресурсов. Наблюдения за фазами роста растений ведутся на постоянной основе.

@agro__press @nasec.kz

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X